+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңартылған білім мазмұнында 4, 9 және 10 сыныптарға арналған оқулықтар мен ОӘК жобаларын талқылау

Сейлхан Айгүл Қауатайқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, ф.ғ.к.

1 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тренерлері мен облыс педагогтері 4, 9 және 10-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен авторларымен кездесті. Кездесуді Қазақстан  Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Шара барысында қазақ, ағылшын, орыс тілдері, бастауыш сынып, жаратылыстану, тарих, математика пәндері бойынша оқулықтар талқылауға ұсынылды. Әр пәннен Атамұра, Мектеп, Жазушы, Арман ПВ, Алматыкітап, т.б. баспаларынан шыққан бірнеше оқулықтың нұсқасы қарастырылды.

 Жаңартылған білім беру мазмұнының басым бағыттары ретінде, білім беру ресурстарының жаңа түрлерін игеру, тиімді әрі заманауи әдістермен оқыту, қашықтан оқытуды дамыту, өмір бой білім алу (LLL концепциясы) кредосын қалыптастыру, STEM арқылы білім беруге көшу қарастырылып отыр.

Оқулық авторлары кітаптағы білім мазмұнының сипаты мен оқу материалдарын тиімді әрі заманауи әдістермен оқыту ерекшеліктеріне тоқталды. Педагогтерді кітаптардың жаңашылдығымен таныстырды.

Авторлар пән мұғалімдері мен тренерлердің сұрақтарына жауап берді. Оқу материалдарынан соң берілетін кейбір тапсырмалардың біртектілігі, оқу мақсатына сәйкессіз құрастырылғандығы, оқушының жас ерекшелігі ескерілмегендігі, нәтижеге бағытталған білімге негізделмегендігі талқыланды. Болашақта түзету енгізу керектігі ұсыныс ретінде айтылды.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype