|
Бағалау критерийі |
Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелу жолдарын біледі. Жүректің құрылысы мен қызметін байланыстыра алады. Жүректің құрылысы мен қызметі ағзаның атқаратын қызметіне байланыстылығын және олардың реттелу жолдарын түсіндіре алады |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар … істей алады Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелу жолдарын біледі. Жүректің құрылысы мен қызметі ағзаның атқаратын қызметіне байланыстылығын және олардың реттелу жолдарын түсіндіре алады. |
|||||||
|
Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері: қанайналым, қанайналым мүшелері, жүрек қабы, эпикард, миокард,эндокард, жүрекше, қарынша, қақпақшалар (жақтаулы, үшжақтаулы, қосжақтаулы), жарты ай тәрізді қақпақшалар, жүректің жұмысы, жүрекшелердің жиырылуы, қарыншалардың жиырылуы, жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы, тынығу кезеңі, жалпақ жасушалар, жүрек автоматизмі, электрокардиограмма, жүйкелік реттелу, гуморальдық реттелу, адреналин |
||||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер |
||||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: Жүрек ерекше мүше, себебі … . Жүректің жұмысы ағзаның жұмысына тікілей байланысты, себебі … . Жүрек жұмысы екі жолмен реттеледі … . |
||||||||
|
Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба? Неліктен жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытқа қарай өткізеді … . Неліктен қан жүректе араласпайды? Жүректің жұмысы ағзаның атқаратын жұмысына тікелей байланысты, себебі … . Неліктен жүрек бұлшықеттері үздіксіз жұмыс істесе де қажымайды? |
||||||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: Жүректің құрылысын, жұмысын және оның реттелу жолдарын түсіндіре алады. |
||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы |
|||||||
|
Пәнаралық байланыс |
География (өзендер), химия, математика, қазақ тілі, дене тәрбиесі |
|||||||
|
Алдыңғы білім |
Жануарлар дүниесінің жүрегінің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі |
|||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 5-7 минут |
Жағымды психологиялық ахуал тудыру «Пирамида» әдісі (сабақ тақырыбына байланысты сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін, әңгіме құрастырады). |
|
||||||
|
Шағын топтарға топтастыру «Пазл» бойынша (құрылымдалған топ) |
Пазлдар |
|||||||
|
«Миға шабуыл» стратегиясы |
Компъютер, интерактивная тақта, жүректің, қантамырларының суреті |
|||||||
|
«Жүректің құрылысы, қызметі, қан айналым жүйесі туралы» бейне фильм көрсету. Топпен талқылау. Қалыптастырушы бағалау: +,- |
Бейнефильм |
|||||||
|
Сабақтың ортасы 22-25 минут
|
Тапсырма 1. Топпен жұмыс. «Қанайналым мүшелері» тақырыпшасын оқып шығыңыз, оқыған мәліметті география пәнінен «Өзендер мен көлдер» тақырыбы бойынша алған біліміңізге сүйене отырып, ұқсастықтарын анықтыңыз. Қалыптастырушы бағалау: «2 жұлдыз, 1 тілік» |
Оқулық, қарындаш, ноутбук |
||||||
|
Тапсырма 2. Топпен жұмыс. Paint бағдарламасын пайдаланып оқулықтағы «Жүректің құрылысы» тақырыпшасын «Инсерт» әдісімен оқи отырып, жүрек макетін жасаңыздар. Макетті жасауда химия, физика, бейнелеу өнері пәнінен алған білімдеріңізге сүйеніңіздер. «Жүрек – насос» (өмірде жүрекке ұқсайтын заттарды құрылысы мен қызметі бойынша салыстыру). Қалыптастырушы бағалау: «Тәтті, қатты, тәтті» |
Оқулық, қарындаш, ноутбук |
|||||||
|
Тапсырма 3. Жүрек жұмысының реттелін графикалық органайзерде көрсетіңіз. Қалыптастырушы бағалау: Жұптық бағалау |
Оқулық, маркер, флипчарт |
|||||||
|
Тапсырма 4. «Топтық пікірталас» 1. Жүрек миға бағынады ма, ми жүрекке ме? 2. Адам жақсы немесе жаман сезімді жүрегімен сезеді, осындай сезім жануарда да болады ма? 3. Адамның жүрегін ауыстырғанда оның өмірі, сезімі, түсінігі жүрегін берген адаммен байланысып, соның өмірін сүреді деген пікірлер қаншалықты дұрыс? 4. Адамның жүрегі оның дене бітіміне сәйкес болады. Жүректің үлкендігі мінезге әсер етеді ме? 5. Адам жүрегін жасанды жүрекпен алмастырса, онда ол жақсы көру сезімінен айырылады ма? Қалыптастырушы бағалау: Топбасшының бағалауы |
|
|||||||
|
Сабақтың соңы 8 минут |
Тапсырма 5. «Идеяға толы себет» ойыны |
Қағаз қиындылары, себет |
||||||
|
Кері байланыс: Активатор 3-2-1
|
|
|||||||
|
Үй тапсырмасы: § 33, Тапсырма 1. Өз ақзаңыздағы жүректің соғысын, қан тамырының соғысын, қан қысымын анықтаңыз. |
сағат, тонометр |
|||||||
|
Тапсырма 2. Оқулықтан «Жүректің жұмысы» тақырыпшасын түсініп оқып шығыңыз. Содан соң жүрегіңіздің жұмысын формула бойынша жатқанда, отырғанда, жаттығудан кейін анықтап, қорытынды жазыңыз. P = M × D × C. P- жүректің жұмысы (Дж) M- қанның салмағы М = 0,07 D- қанның қолқадағы қысымы 2-ге тең тұрақты. С- 1 мин жүректің соғысы. |
сағат, қалам, қағаз |
|||||||
|
Тапсырма 3. Жұмысшы жүрегінің бір қарыншасы бір жиырылғанда шығатын қанның мөлшері орта есеппен: ұйқыдағы күйінде 60см3, тыныққан кезде 70см3, жұмыс кезінде 90см3 болады. Жүрек осыларға сәйкес минутына 70-75-90 рет жиырылады. Жұмысшы 8 сағат ұйықтайды, 8 сағат демалады және 8 сағат жұмыс істейді. Бір тәуліктің ішінде жүректің екі қарыншасы қанша рет қан айдап шығарады. |
калькулятор |
|||||||
