|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады: Жетекші сұрақтар арқылытірек сөздер, иллюстрациялардың көмегімен мәтін тақырыбын, көтерілетін мәселені болжай алады, дайын сөз тіркестері арқылы өз пікірлерін жаза алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілген тақырыпты, идеяны болжайды, жетекші сұрақтар арқылы мақала пікір,интервью құрастыр алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін тақырыбын,идеясын, мәселені түсінеді, тақырыпқа сәйкес маңызды бөліктерін дұрыс жазады, берілген тақырып бойынша мақала пікір,интервью құрастыра алады.
|
|
Бағалау критерийі
|
-
— Тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды;
-
— Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды.
-
— Стильдік ерекшеліктерді сақтай отырып, пікір,интервью,мақала жазады.
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: Тірек сөздері арқылы мәтіндегі көтерілген мәселені болжайды. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Сынақшы-ұшқыш, қиыр-шығыс,әуе тұлпары, ерттеп міну,
стиль түрлері.
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Қазақстан ғарышкерлері туралы не білесіңдер?
2.Қазақстанның ғарыш индустриясын қаншалықты дамыған деп ойлайсың?
3.Ғарышкер болғын келеме?
|
|
Құндылықтарға баулу
|
-
«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының өмір бойы білім алу, құрмет, патриотизм құндылықтары оқыту барысында ішінара іске асырылады
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих
|
|
Алдыңғы білім
|
Ғарыш туралы жалпы түсініктері. «Аспан әлемінің құпиялары» тарауы бойынша алған білімдері.
|
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
7 мин
|
«Ыстық алақан» тренингі
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Бір-бірімен амандасып, жақсы тілектер айтады.
«Аспан денелері» Ол үшін аспан денелерінің суреттері бейнеленген қағаз бөлшектері таратылады. Оқушылар еншілеріне тиген суреттер бойынша үш топқа бөлінеді.
-
1. Жер
-
2. Күн
-
3. Ай
«Кофе таяқшалары » әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеремін.
Ақындар айтысы туралы білімдерін жинақтау мақсатында кластер дайындап келу.
Дескриптор
-Өткен сабақтар бойынша айтыс туралы ақпараттарды жинақтайды.
-Кластер критерийлерін сақтайды.
-Ойын дәлелдеп айта алады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын.
Қызығушылығын ояту
«Сен білесің бе?»бейнефильмін көрсету.
Жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты ашып аламыз
1.Бейнефильм кім туралы?
2. Қазақстан ғарышкерлері туралы не білесіңдер?
3.Қазақстанның ғарыш индустриясын қаншалықты дамыған деп ойлайсың?
4.Ғарышкер болғын келеме?
|
https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ
|
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Т.ж Мәтін алды жұмыс
«Ғарышкер» постер құрастыру.
Дескриптор
-Постер критерилерін сақтайды.
— Оз ойларын толық жеткізеді.
— Тірек сөздерді дұрыс қолданып жазады.
Қ.Б «Бутерброд» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Тыңдалым алды тапсырма:
Сөздік жұмысы : сынақшы-ұшқыш, қиыр-шығыс,әуе тұлпары, ерттеп міну.
«Жасырынған сөздер» әдісі арқылы тақтаға А4 парағына сандар арқылы сөздер жасырынылады. Сөздер сурет пен немесе кей сөздер жазбаша түрде болады.
Тыңдалым кезіндегі тапсырма:
С.ж
1.Мәтінді мұқият тыңдандар.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер, «Попс» әдісі арқылы өз ойларыңды жеткізіңдер.
Қапа көңілмен отырып Тоқтар әлгінде өзімен ала шыққан транзитордың құлағын бұрайды ғой баяғы. «Маяк» деген радиостансы болатын баяғыда. КСРО халықтары әндерінен бір концерт бере қалыпты сол радио. Кенет….Әдемі бір сыбызғы әуені естіледі. http://zk.fm/song/18250467
Әннің қайырмасына келгенде, Тоқтар тіпті елтіп, айдалада, Қиыр Шығыстың бір қиыр шетінде қамығып жүргені мүлдем естен шығып,ерекше бір күйге бөленеді.
Жас жігерін сонда Тоқтар былайша жаныған тәрізді: «Осындай керемет ән тудырған біздің қазақ- қандай ғажап халық. Сол халықтың мен де бір баласымын.Белді бекем буайын. Ата жолы қуайын. Қайратыма мінейін. Қапаланбай журейін. Елге қызмет етейін. Мақсатыма жетейін».
Сөйтіп, қыран дүр сілкінеді. Қайта түлейді.
Мәтін екі рет тыңдалады.
Сұрақтар:
1.Ұшқыш кімнің әнін естіді деп ойлайсыңдар?
2.Сендерге ән ұнадыма?
3.Бұл ән ұшқышқа несімен ұнады?
4. Ол қандай әсерде болды?
Ж:
«Попс» әдісі:
Бірінші сөйлем. «Менің ойымша……».
Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны……деп түсіндірем».
Үшінші сөйлем. «Оны мен …..деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын».
Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен……деген шешімге келдім».
Дескриптор
-Мәтіннің мазмұнын анықтайды.
-Сұрақтарға толық жауап береді.
-«Попс» тәсілі бойынша пікірлерімен бөліседі.
Қ.Б «Басбармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау
Сергіту жаттығуы
«Заряд алу»
Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.
Жұптық жұмыс
Стиль түрлері «Адасқан сөздер» әдісі
Дескриптор
-Өткен тақырыпты қайталау, еске түсіру.
-Ұғымдарды мағынасына сай сөздермен сәйкестендіру.
|
Ғылыми стиль
|
мақала,очерк
|
|
Ресми іс-қағаздар стилі
|
ғылыми еңбектерде, баяндамаларда,лекция
|
|
Публицистикалық стиль
|
өтініш, нұсқау хаттар,
|
|
Көркем әдебиет стилі
|
сұхбат, дауласу,еркін әңгіме
|
|
Ауызекі сөйлеу
|
теңеу, метафора
|
Қ.Б «Термометр» әдісі арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды.
|
Аудио мәтін оқылады
«Қазақ тілі мен әдебиет» оқулығы, 8 сынып «Мектеп» баспасы, 181бет
http://zk.fm/song/18250467
АКТ
|
|
Сабақтың соңы
13 мин
|
Жұптық жұмыс «РАФТ» әдісі
1.Бір тақырып таңдаймыз.
2.Белгілі бір роль бойынша ой шақыру жұмыстарын жүргіземіз.
3.Әр оқушы осы жазуды кімге жаза алатынын ойланамыз.
4. Нақты ойын дауыстап талқылаймыз.
5.Өзара ара пікір алмасу жұмыстарын ұйымдастырамыз.
Үш топқа «Мен ғарыш саласын зерттеймін» тақырыбында мақала, пікір, интервью жаздыру.
Мақалада,пікірде,интервьюде мына сөз тіркестері болу керек: сынақшы-ұшқыш, қиыр-шығыс,әуе тұлпары, ерттеп міну.
1 топ: мақала
2 топ: интервью
3 топ: пікір
Дескриптор
-Мақала,пікір,интервью жазуда стильдік, жанрлық ерекшелігін сақтайды.
-Мәтінен алған мәліметтерді және тірек сөздерді қатыстырып, мақала,пікір,интервью жазады.
К.Б Мұғалім қолпаштау арқыры бағалайды.
Сабақ бойынша рефлексия
«Бір ауыз сөз» әдісі
Тақтада ғаламшар суреті ілулі тұрады. Оқушылар стикерлерге( жұлдыздың суреті) сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б
Үй жұмысы
6-тапсырма
Қарамен берілген сөздерге сұрақ қойып,мағынасын түсіндіріңдер.
Өтініші қанағаттандырылмай, арызы кейін қайтарыла берген соң, «жығылсаң, нардан жығыл дегендей», Тоқтардың ойына керемет бір идея сап ете қалды.
Тоқтар Әубәкіровті Авиация өнеркәсібі министірлігіне ауыстыру туралы жоғары жақтан жарлық келіп түседі.
Дескриптор
-Мәтін мазмұнын анықтайды.
-Қарамен жазылған сөздерді табады.
-Сөздерге сұрақ қояды.
-Мағынасын түсінеді.
«Ыстық орындық» әдісі бойынша сұраймын
«Мадақтау» әдісі бойынша бағалаймын
|
АКТ
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы, 8 сынып «Мектеп» баспасы 2018 жыл, 181 бет, 6-тапсырма
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|
Мақсат бойынша саралау:
Барлық оқушылар орындай алады: Жетекші сұрақтар арқылытірек сөздер, иллюстрациялардың көмегімен мәтін тақырыбын, көтерілетін мәселені болжай алады, дайын сөз тіркестері арқылы өз пікірлерін жаза алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілген тақырыпты, идеяны болжайды, жетекші сұрақтар арқылы мақала пікір,интервью құрастыр алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін тақырыбын,идеясын, мәселені түсінеді, тақырыпқа сәйкес маңызды бөліктерін дұрыс жазады, берілген тақырып бойынша мақала пікір,интервью құрастыра алады.
Нәтиже немесе жауап бойынша саралауға «Кофе таяқшалары», «ПОПС», «Жасырынған сөздер» әдістерін алдым. Оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады.
Қарым-қатынас формалары бойынша сараладым (топтық,жұптық жұмыс)
саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Сондықтан «РАФТ», постер,«Адасқан сөздер» әдістерін алдым. Бұл әдістерді қолдану барысында қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
|
«Бутерброд» әдісі «Басбармақ» әдісі
«Бағдаршам» әдісі
«Термометр» әдісі
«Мадақтау» әдісі
Рефлексия
«Бір ауыз сөз» әдісі
|
Сергіту жаттығуы
«Заряд алу»
.
|