| Сабақтың түрі | Шеберлік сабағы | ||||||||||||||||
| Сабақтың әдіс-тәсілдері | Оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдері (сұрақ-жауап, ой қозғау, сурет салу, ән айту, ойын әдісі) | ||||||||||||||||
| Көрнекілігі | Суреттер, слайд, таратпа материалдар | ||||||||||||||||
| Сабақ барысы:І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Сабақ барысы:Мақсаты: Ойға шабуыл суреттері арқылы тыңдаушылардың қызығушылығын ояту, ұйымдастыру. 2. Мақсаты: Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, тыңдаушыларды тыңдалымға дайындау. 3. Мақсаты: көршісі туралы қысқаша айту арқылы сөйлесім әрекетін дамыту 1.Мақсаты: жаңа сөздер мен сөз тіркестерін бекіту ІІІ.Қорытынды. | Кіріспе.
Әртүрлі адамдардың портреттерін слайдқа шығарып, тақтадан көрсету.- Қалай ойлайсыздар? Бүгінгі әңгімеміз немесе сабағымыз не жайында болмақ? (Тыңдаушыларды сабаққа тарту мақсатында ойға шабуыл әдісін қолдану).- …- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Адам және оның бейнесі, портреті» (1 минут).
Өзін-өзі бағалау бойынша: «Пазл» әдісі. Тыңдаушыларға алдын-ала портреттерден құралған пазл қағаздарды тарату. Бұл пазл қағаздардың қиындыларының әр бөлігінде әр бөлімнің (тыңдалым, оқылым, жазылым, ЛГТ, айтылым) тапсырмасы орындалады. ТЫҢДАЛЫМЛексикалық минимум. Жаңа сөздермен жұмыс.1. Тыңдалымалды жұмыс жасау.Бұлттарды қосу әдісі. Тыңдаушылар тыңдалымға қатысты сөздермен алдын-ала жұмыс жасайды. Тақтада берілген сөздер мен сөз тіркестерін аудармаларымен сәйкестендіреді.Жаңа сөздер: Кіші Жүз — группа казахских родов и племён, нақсүйер — возлюбленная, Бопай ханша — жена хана Младшего жуза Абулхайра, одна из самых влиятельных женщин в Казахском ханстве, бойшаң – высокого роста, бешпет – легкая приталенная одежда на подкладе до колен, құйып қойғандай – как влитой, дөңгелек бет – круглое лицо, әжім — морщина, жанып тұратын – светятся, билеуші – правитель.
Тыңдаушылар мәтінге сәйкес кестені толтыруы керек.
Тыңдалым стратегиясын пазлдың тыңдалым бөлігіне орындату. Орындай алмаған тыңдаушылардың пазл бөлшектерін жинап алу. ОҚЫЛЫМ1. «Броундық қозғалыс» стратегиясы. Екі топқа 2 түрлі сурет беру. Мәтіннің бірінші азат жолын, лексикалық минимумдарды әр топқа бір-бірден беру. Топ мүшелері қабырғадағы азат жолдардан өз суреттеріне сәйкес мәтін құрап шығаруы тиіс. Толық мәтінді топта талдайды. оқытқызу.2. Бірінші топтың спикері екінші топқа, екінші топтың спикері бірінші топқа мазмұндайды.3. Тыңдаушы топ «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясына салып мәтіннің идеясын ашады.
Оқылым әдісін пазлдың оқылым бөлігіне орындату. Орындай алмаған тыңдаушылардың пазл бөлшектерін жинап алу. ЖАЗЫЛЫМ1. Слайдқа портрет шығару. Сол портретті «Қатпар (гармошка)» әдісі арқылы суреттеп, мәтін құрату. Топтық жұмыс. Топ ішінде тыңдаушылар бір-біріне көрсетпей, жасырын, слайдтағы портретке қатысты бір сөйлем жазып, ол сөйлемді жасырып, бүктеп келесі ойыншыға береді. Соңында спикер мәтінді толық оқиды.Жазылым бөлімінде тыңдаушы толық сөйлем құрай алса, пазлдың жазылым бөлігіне «+» белгісін қояды, ал орындай алмаса оқытушыға өткізеді. ЛГТТест тапсырмаларын орындату ЛГТ бөлімінде тыңдаушылар тест тапсырмасын толық орындай алса, пазлдың ЛГТ бөлігіне «+» белгісін қояды, толық орындай алмаса оқытушыға өткізеді. АЙТЫЛЫМ «Портрет» ойыны. Жұптық жұмыс. Топ ішінде тыңдаушылар жұптасып, ақ қағазға көршісінің портретін салып, көршісін ауызша сипаттап береді. Жақсы тілектер айтып, қағаздарымен алмасады.Егер тыңдаушы сөйлем құрап, көршісін сипаттап бере алса, пазлдың айтылым бөліміне «+» белгісі қойылады. Толық айта алмай, сөйлеуге қиналса пазл қиындысын оқытушыға өткізеді.
«Бәрі менің қолымда» стратегиясы.Шығу парақтарын толтыртқызып жинап алу. (1 минут) Қорытынды сөзСабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет! Бүгін сіздерге біз сабақта қолданатын кейбір әдістер мен тәсілдердің элементтерін көрсеттім. Бұл стратегиялар мен әдіс-тәсілдер сіздердің А2 топ тыңдаушыларына тілді үйретуде көмегін тигізеді деп сенемін. |
Менің аты-жөнім – Сәбира Әуесханқызы. Отбасыммен бірге Атырау қаласында тұрамын. Мектепте тарих пәнінен сабақ беремін. Тұрмыстамын. Екі балам бар. Ұлымның есімі – Дәулет. Қызымның есімі – Жәния.
Дәулет – ұзын бойлы, көрікті жігіт. Қыр мұрынды, қой көзді, сұңғақ бойлы жігіт. Жасы 33-те. Шашы қалың, қап-қара. Келінімнің есімі – Айжан. Ол аққұба келген, көзі көк, атжақты келіншек. Жасы 32-де. Немеремнің аты – Салтанат. Оның кірпіктері ұзын, қара қастары өте әдемі. Салтанаттың жасы 6-да. Күзде мектепке барады. Қызым Жәния – студент, жасы 20-да. Оның да бойы ұзын. Бірақ мұрыны пұшық, көзі көк түсті. Шашы қысқа. Күйеуім Нұрлан Ахметұлы мұнай компаниясында бас инженер болып жұмыс істейді. Жасы 53-те. Балаларымыздың бойы әкесіне тартқан. Мен өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретемін. Менің тобымда әртүрлі ұлт өкілдері оқиды. Олардың сырт келбеттері де әртүрлі. Топтағы қыздардың барлығы да көрікті әрі сымбатты. Маржан мен Алтынайдың ұлты – қазақ, екеуі де қараторы қыздар. Маржан – қоңыр көзді, ал Алтынайдың көзі – үлкен. Маргарита мен Светлананың ұлты – орыс, олар ақ сары, әдемі қыздар. Маргаританың көзі көкшілдеу, ал Светлананың көзі жасыл. Екеуінің шаштарының түсі бірдей. Альмираның ұлты – татар, ол аққұба, көзі үлкен, ерні шиедей, нәзік қыз. Өзі соңғы сәнмен киінеді. Лена ұзын бойлы, қысқа шашты аққұба қыз. Ұлты – украин. Оның бойы ұзын, толықтау. Жігіттер келбетті, шымыр денелі. Спортпен айналысады. Руслан – әжірбайжан. Оның жасы 29-да. Ол – ірі денелі, кең иықты жігіт. Тыңдалым мәтіні Кіші Жүздің ханы Әбілхайырдың төрт әйелі болған. Соның ішіндегі басты және жалғыз нақсүйері Бопай сұлу. Бопай ханша бойшаң және толықтау адам болатын. Үстіне киген әдемі бешпет денесіне құйып қойғандай. Жасы қырықтар шамасында. Дөңгелек бетінде бір де бір әжім жоқ.Жіңішке қастары, қара көздері жанып тұратын.
Оның бейнесі ұлы әйелді, мықты билеушіні елестетеді. Тыңдалым
| Өз мәтіндеріңіз туралы пікіріңіз(1 сөйлеммен) | Екінші топ туралы пікіріңіз(1 сөйлеммен) |
| Бұл мәтін … туралы. | |
Оқылым «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
| Мәтін бойынша маған не таныс? Мен не білемін?(естігенмін/білмеймін) | Мәтіннен қандай жаңалық білдім? |