ЭЫДҰ (2014 ж.) Қазақстандағы орта білім беру деңгейі бойынша жасаған есебінде оқушылардың PISA халықаралық зерттеу нәтижелеріне сараптама жүргізген болатын. Осы ауқымды зерттеу барысында біздің еліміздің орта білім беру жүйесі теориялық білімді тарату және ақпаратты есте сақтау, тану және табу дағдыларын дамытудың тиімділігі жеткілікті деңгейде болғанымен, оқушылардың алған білімін тәжірибеде, өмілік жағдайларда қолдану деңгейінің төмендігі анықталды. Бүгінде әлемдегі өзгерістер қарқын алып, жаңа қиындықтар туындаған сайын қажетті дағдыларды дамыту барлығымыз үшін басты міндет болып отыр. Сондықтан оқушылардың ыңғайлы және табысты өмір сүруі үшін академиялық үлгеріміне ықпал етіп қана қоймай, физикалық және психологиялық саулығына қол жеткізген кең ауқымды дағдылар қажет.
Оқыту мақсаттарының құрылған жүйесі келесі дағдыларды дамытуға негіз болады: білімді атқарымдық және шығармашылық тұрғыда қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, коммуникацияның түрлі әдісін пайдалану, топта және жеке жұмыс істеу, күрделі мәселелерді шешу мен шешім қабылдау.
Кең ауқымды дағдыларды дамыту оқушылардың мектептегі оқу жетістігімен қатар, мектептен кейінгі келешегіне ықпал етеді. Білім беру бағдарламасы тек «білетін адамға» ғана емес, білім, білік және дағды жүйесімен қаруланған, белсенді және шығармашыл, өзін зияткерлік, адамгершілік және физикалық тұрғыда ойлауға, әрекет етуге, дамытуға қабілетті «тіршілік қарекетіне дайын» тұлғаны дайындауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мазмұны мен жүзеге асырылуын анықтау үшін әртүрлі тәсіл қолданылады. Жүйеге қызмет көрсету тәсілі оқыту мақсатының жүйесі, білім беру үдерісін ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау түрінде білім беру мазмұны мен күтілетін нәтижені анықтаудың негізінде жатыр.
Бұл тәсілде оқушылардың жеке тақырыптар бойынша білімі емес, нақты оқу нәтижесі, оқытудағы кірігу, оқушылардың жеке дамуы, алған білімді оқуда және өмірлік мәселелерді шешуде қолдануы басты рөл атқарады. Бірақ бұдан білім өзектілігін жоғалтпайды, өйткені күшті академиялық білім ғана дағды мен функционалдық сауатталықты дамытуға әкелетін белгі. Білім – оқыту мазмұнының өзегі. Білімнің негізінде оқушыларда ептілік пен дағды, ақыл-ой мен тәжірибелік іс-әрекеттер қалыптасады. Білім – өнегелік иланым, эстетикалық көзқарас, дүниетанымының негізі.
Күтілетін нәтижелерді сыныптау мен жүйеге келтіру «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды» таксономиялық деңгейлері бойынша әлемдік танудың зерттеу, танымдық, тәжірибелік біріктерді, ой қызметінің жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Дағдылармен қатар сауаттылықтың жаңа түрлері маңызын күн сайын арттырып келеді.
Бүгінгі таңда ЭЫДҰ сарапшылары сауаттылықтың келесі түрлерін қалыптастыру қажеттілігін атап көрсетеі:
— Деректер сауаттылығы;
— Сандық сауаттылық;
— Статистикалық сауаттылық;
— Медиа сауаттылық және тағы да басқа.
Адам қабылдайтын ақпараттың күнделікті ағынын ескере отырып, алынған деректерді негізінде талдау мен тренд қалыптастыру, деректерді ұсынудың тиімділігі, сандық құрылғыларды пайалану, график пен диаграммаларды оқып-үйрену асқан қажеттілікті тудырады және басты назарда. (ЭЫДҰ,2018) Бұл жағдайды сауаттылықпен тығыз байланысты және сауаттылықты дамытатын дағдыларды айтуға болады.
Сауаттылықтың осы түрлері мектептердің білім беру бағдарламасында көрініс табады.
Бірнеше мысал келтірсек : математика – «3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару», «3.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және диаграммалар мен пиктограммалар қолданып салыстыру»; дүниетану – «4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау», «4.2.4.1 ақпараттың қолжетімді көздерін (интернет, кітаптар, БАҚ) пайдалана отырып, Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру», «4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогрестін анықтау»; жаратылыстану – «4.2.1.2 өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау»; «4.1.2.1 зерттеу әдістерінің (бақылау мен эксперимент) артықшылықтары және кемшіліктері негізінде таңдау себебін түсіндіру» және тағы басқа. («Математика», «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламалары, 2018)
Функционалдық сауаттылық көрсеткіштерінің бірі – тіл біліктілігі. Тілді коммуникативтік, ойшыл, танымдық, реттеуші санды маңызды функцияларға сәйкес меңгерудің негізгі коммуникативті тәсілде жатыр.
Сөйлеу қызметінің тыңдау, айту, оқу, жызудағы төрт дағдсын дамыту ауызша халық шығармашылыған, көркем әдебиетті, ғылыми танымдық міндеттерді оқу арқылы және күнделікті өмірге байланысты журнал, газет, нұсқаулық, аңдатпа мәтіндермен жұмыс істеудегі дұрыс ақпараттарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Бастапқы коммуникативті дағдылар балалардың табиға тәжірибесі негізінде қалыптасады (тыңдау мен айтудан бастап, оқу мен жазу дағдыларына дейін).
Оқушылардың сөйлеу мен шығармашылық қасиеттерін дамыта алатын оқыту табиғи жағдайларға бейім ортаның үлгісін түзетеді. Сонымен қатар коммуникативті тәсіл грамматикалық және стилистикалық ережелерге сәйкес тілдің дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламаларындағы өтпелі дағдылар когнитивті және метатанымдық дағдылар, әлеуметтік және эмоционалды, қатты (hard) және жұмсақ (soft) дағдылар болып табылатынын атап өту маңызды.
ХХІ ғасыр — қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі мектептің басты міндеті — өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлануға бейім, интеллект қабілеті дамыған, қоғамдық өмірде өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп мұғалімдері үшін үлкен жауапты іс.
«Сабақ беру — үйреншікті жай шеберлік емес, ол — үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір мұғалім үнемі ізденісте болса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Әдебиеттер:
— OECD. (2014). Reviews of National Policies for Education: Secondary Education in Kazakhstan.
— Образовательная программа АОО «Назарбаев Интелектуальные школы» — NIS–Programme. М.Д. Джадрина, Ж.Н.Абдильдина – Астана, 2012.-32 с.
— OECD. (2014). Progress report by each thematic working group. Working document. Paris.