+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 24 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жабайы аңдар. Қоянмен таныстыру (сабақ жоспары)

Молдекенова Кульжамал Құмарқанқызы, «Жамбыл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталық тәрбиешісі, Катон-Қарағай ауданы

Білім саласы: Қатынас.

Білім бөлімі: Тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар. Қоянмен таныстыру

Мақсаты: Балаларды аңдардың атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

 

Білімділік: Қоянмен таныстыру. Қоянға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.    

Дамытушылық: Сұрақ – жауап арқылы тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту  

Тәрбиелік: Аңдарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу   

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын және мадақтау.

Көрнекілік:  орман көрнісі, жабайы аңдар, ойыншық қоян

Тәрбиеші:                               

Күндей жадырап, айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,  

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Сәлемдесу:              

 Ұл – қыз сәлем береміз,  

Өнегелі өренбіз.  

Сәлем сөздің анасы,   

Сәлеметсіздер ме қонақтар.

Мотивациялық қозғаушы: — Сәлеметсіңдер ме, балалар,қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл – күймен өткізу үшін сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Осы шеңберде бір – бірімізге гүл шоғын сыйлай отырып, жақсы тілек білдірейік.

—         Күніміз жарқырап тұрсын!  (Мансұр)

—         Елімізде тыныштық болсын! (Шахназ)

—         Аспанымыз ашық болсын! (Нұрәли)

—         Жүзің нұрлы болсын!           (Жасмин)

—         Отбасымыз аман болсын!     (Нұрбол)

—         Деніміз сау болсын!            (Әрсен)

—         Тату болайық!                      (Нұрайна)

—         Тәртіпті бала болайық!       (Шерхан)

—         Көк туымыз биік болсын!   (Айназ)

—         Бәріміз дос болайық!           (Нұрай)

—         Аман болайық!                     (Әмина)

—         Мейірімді болайық!             (Ғафур)

—         Жарайсыңдар балалар, сендер тату – тәтті дос екендеріңді  жақсы тілектеріңмен білдірдіңдер, тілектерің қабыл болсын. Егер біреуге жақсылық тілесеңдер, осы гүл шоғы сияқты үлкейіп, өзіңе одан да көп жақсылық болып оралады. Тілекке толы гүлді құмыраға салып қояйын.

Іздену – ұйымдастырушы: Сабақ сұрақ – жауаптан басталады.

Өткен сабақты қайталау.

Ал, балалар  қандай жабайы аңдарды білесіңдер?    

—        аю, түлкі, қасқыр қоян.

—         Жабайы аңдар қайда тіршілік етеді?

—         Орманда

—         Немен қоректенеді?

—         Өз тамақтарын өздері тауып жейді

—         Ең айлакер аң?   — түлкі

—         Ең қорқақ …..- қоян

—         Балды жақсы көретін….- аю

—         Қораға шабатын аң…. – қасқыр

Ал балалар енді кім жабайы аңдар туралы тақпақ біледі?

Айназ

Аю балды алады.

Алақанын жалады.

Қарны тойып қампиып.

Тәтті ұйқыға батады.

Шахназ

Балпаң – балпаң, басамын

Алты қырдан асамын

Аю деген ағаңмын

Аңшы көрсем қашамын.

Әрсен

Тауға шықсаң — қалың қар,

Сайға түссең – қалың қар.

Шырша үсті қалың қар

Байқаңдар, қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар

Шерхан

Мен түлкімін, түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін.

Бұлаң – бұлаң, құйрығым,

Текке өтпейді бір күнім.

Бәрің маған жетпейсің

Алдымнан кесе өтпейсің

Менен басқа қуың жоқ

Күніңді көріп ептейсің

Нұрәли

Түлкі деген қу екен.

Жүрген жері шу екен.

Түздің жылпос бұл аңы,

Артында көп ылаңы.

Мансұр

Мен – көкжал қасқырмын

Малшыны састырдым,

Аш болсам, ұлимын

Ауылды торимын

 

Шахназ: Түлкі, түлкі түлкішек,

Түнде қайда барасың?

Нұрәли: Апам үйіне барамын.

Шахназ:Апаң үйі не берер?

Нұрәли: Сиыр  сауып сүт берер,

Ешкі сойып ет берер.

Шахназ: Оны қайда қоясың?

Нұрәли: Тал түбіне қоямын.

Шахназ: Ит жеп кетсе қайтесің?

Нұрәли: Бақан ала қуамын.

Шахназ: Жеткізбесе қайтесің?

Нұрәли: Жылай – жылай қаламын.

Нұрбол

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім,

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің.

Сергіту сәті: Шымыршық

Әй, шымыршық , шымыршық

Аю қалай жүреді

Міне былай – міне былай жүреді

Әй, шымыршық, шымыршық

Түлкі қалай жүреді

Міне былай, міне былай жүреді (қасқыр, қоян қалай жүреді көрсету)

Жаңа сабақпен таныстыру

Ал, балалар мына орманның ішінде қандай жабайы аң жоқ

Балалар: Қоян

Олай болса бүгін біз жабайы аң Қоянмен танысамыз.

Тәрбиеші –   Қоян  — жабайы аң.Оның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға, секіруге икемді, құйрығы қысқа.Ұзын құлақтары дыбысты жақсы сезеді.Көзі маңдайына қарай жоғары орналасқан, сондықтан да мойнын бұрмай – ақ  маңайын жақсы көреді.Қоян жыл мезгіліне қарай түсі өзгеріп тұрады. Жазда қоянның жүні сұр болады. Қыста оның сұр жүнінің орнына қардай аппақ жүн өседі.  Өзі сондай қорқақ аң.  Ол секіріп ойнайды,шөпті, қырыққабатты, сәбіз жегенді ұнатады.  Тәрбиеші балаларға жұмсақ ойыншық қоянды алып, оны сипап сезу арқылы жылы сөздер айтқызып, сипатқызады. Балалар қоянға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту барысында оның сүйкімділігіне, жүнінің жұмсақ, мамықтығына, дене құрлысына назарларын аударады.

Мынау қоян,  қоянның түсі ақ, жүні жұмсақ, құлағы ұзын.

Ал, балалар қоянның құлағы неге ұзын екенін білгілерің келе ме? Олай болса  «Қоянның құлағы неге ұзын?»  ертегісін кейіптендіріп саханалайықшы.   Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырды. Үйін түрлі әдемі гүлдермен безендірді. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Тиінді, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырды. 

-Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян! – деп, Тиін  бірінші келді. Ол Қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.

Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі – деп Түлкі келеді. Ол сәбіз әкелді.

—         Бауырым Қоян, туған күнің құтты болсын! —  деп, Қасқыр бір шоқ раушан гүлін ұсынды.

—         Аю неге кешікті? – деп, төртеуі бір – біріне қарады.

Біраздан соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.

—         Туған күнің құтты болсын! – деп, Қоянның құлағын созып тартады. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.

Қоянның туған күніне «Қояндар» биі  

Ал, балалар кім қоян туралы тақпақ біледі?

Жасмин

Қоян, қоян, сұр қоян.

Қыстың күні ақ қоян.

Қысы жазы жортасың

Аңдардан да қорқасың.

Нұрай

Мен қоянмын, қоянмын

Күндіз – түні ояумын.

Қаша – қаша қасқырдан

Құлауға да таяумын

Нұрайна

Қайшы құлақ қоянмын

Ақшыл түске боялдым

Сытыр еткен бұтақтан     

Елең етіп ояндым

Әмина

Секірейік, секірейік

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік,

Болар сонда тамаша

 

Балалар сендер кішкентай балапан сияқтысыңдар, бір орнында отыра бермей, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: «Сұр қоян» 

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан тоңпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Тосын сый «Алаяқ түлкі» 

Алаяқ келіп тортты ұрлап кетеді.

Балалар: Алаяқ ұрлама деп айқайлайды.

Алаяқ: Тым кеш қалдыңдар, мына тапсырманы орындасаңдар торттарыңды қайтарамын» — дейді.

 Алаяқ түлкінің тапсырмасы

Жұмбақтар:

Далада жүр шапқылап, 

керемет тым саққұлақ,

Тек есектен басқа да,

Оған ұқсар жоқ құлақ     (қоян)

 

Қыста ақ болады,

Жазда сұр болады.  (қоян)

 

Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады  (қоян)

 

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.  (аю)

 

Өзіне болған қорған,

Орман ішінде бірақ

Етеді қорбаң – қорбаң.  (аю)

 

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Үп – үлкенбоп жасқанар,

Кіп – кішкентай арадан. (аю)

 

Аузы бейне шалғыдай орады,

Шөп емес, бірақ малды қырады.   (қасқыр)

 

Өзі айлакер, өзі  қу,

Жүрген жері, айқай шу. (түлкі)

 

Қуы екен аңдардың,

Бір сәтте алдандым. (түлкі)

 

Балалар, енді «Тіл ұстарту жаттығуын» жасайық. Мен айтамын, ал сендер тыңдап, дұрыс қайталаңдар.

Фонетикалық жаттығу:

Ян- ян – ян – секеңдеген ақ қоян,

Ю- ю-ю – қорбаңдаған аю.

Кі – кі – кі – бұл айлакер түлкі.

Қыр – қыр – қыр – бұл көкжал қасқыр.

 

«Аққоян» қимылды ойыны. Шарты: Балалар шеңберде тұрып, бір бала қоян болып отырады. Балалар шеңберді айнала жүріп, тақпақ айтады.

Аққоян – ау, аққоян,

Орныңнан тұрсаңшы,

Бетіңді жусаңшы,

Айнаға қарасаңшы,

Шашыңды тарасаңшы,

Әй – әй көйлек кисеңші,

Біреудің қолын үзсеңші, — дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен жүгіріп барып, шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген қолдың оң жағындағы бала қоян болады.

Рефлексивті коррекциялаушы:

Жақсы балалар, қоян сендерге көп рахмет айтады. Өзі туралы көп білетіндеріңе қуанып отыр.

Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

«Жабайы аңдар» деп неге айтамыз? Үй жануарлары мен жабайы аңдардың ерекшелігі қандай? Жабайы аңдарды атаңдаршы? Олар немен қоректенеді?

 

Белсене қатысып отырған балаларды мақтап мадақтау.

 

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау – саламат болайық.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype