Типі: Ойын-сайыс
Көрнекілік: слайд, қоржын, асықтар, А4 қағаздары , фломастерлер
Ойынның жүру барысы:
Ойыншылар екі топқа бөлінеді : «Сұңқар» тобы және «Тұлпар» тобы
І.Деректеме -Визитка
Топтар өздерін синквейн- бес жолды өлең арқылы таныстырады:
- Сұңқар, Тұлпар
- 2 сын есім
- 3 етістік
- Сөйлем
- Синоним
ІІ. «Қоржындағы асықтар». Топтар қоржындағы асықтарды кезекпен алып, асықтың нөмірі бойынша сұрақтарға жауап береді.
1.Сын есімнің сұрақтары…(Қай? Қандай?)
2. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата… (қызық, қазақ, қалақ)
3. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)
4. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)
5. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер…(Етістік)
6. Жалқы есімдер қалай жазылады? (Бас әріппен)
7. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз… (Жақсы)
8. Сан есімнің сұрақтары…(Неше? Нешінші? Қанша?)
9.Қарсы мәндес сөздер… (антоним)
10. Етістіктің сұрақтары… (не істеді? Не қылды? Қайтті?)
11. Тосынсый
12. Музыкалық сәлем
ІІІ. «Сандар сөйлейді» Бұл кезеңде ойыншылар берілген даталар бойынша қандай оқиғалар болғанын анықтаулары тиіс.
1 желтоқсан 1991 жыл — Тұңғыш президент сайланды.
16 желтоқсан 1991 жыл — Тәуелсіздік күні.
21 тамыз 1991 жыл – Семей полигоны жабылды.
4 маусым 1992 жыл — Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
15 қараша 1993 жыл — Ұлттық валюта қабылданды.
30 тамыз 1995 жыл – Конституция күні.
ІV.« Сен –маған, мен-саған»
Әр топ бір-бірлеріне 3сұрақтан қояды
Сергіту сәті:
«Кім шапшаң?» Бір сөзден кім көп сөз шығарар екен?
«Желтоқсан» сөзінен сөздер құру
VІ. «Ұйқасын тап» Бұл кезеңде ойынға қатысушылар сөздерін ұйқасын табады.
1) ҮЙЕҢКІ – КЛЕН
ПІЛ — …
2) ҮЙІРМЕ – КРУЖОК
СЕКІРУ — …
3) ТЕҢІЗ — …
ҚАЙҒЫ — ГОРЕ
4) САТЫ — ЛЕСТНИЦА
КІРПІК — …
5) БРАТ – …
ВОРОТНИК- ЖАҒА
6) ГОРОД –ҚАЛА
НОВЫЙ — …
7) БАЛА-МАЛЬЧИК
САУСАҚ — …
8) ОЦЕНКА – БАҒА
БЕРЕГ-…
9) МАЛЬЧИК –БАЛА
СТЕПЬ- …
ГОРОД — …
10) ТУЧА –БҰЛТ
НАЦИЯ — …
КЛЮЧ — …
11) ШІРКЕЙ – МОШКА
МЫСЫҚ — …
12)КОСТЕР– АЛАУ
ФЛАГ — …
V. Қара сәйгүлік сұрағы
Қара сәйгүліктің кім екенін ойыншылар құрылған мінездеме арқылы анықтайды.
Бұл адам- ұлағатты ұстаз, сүйікті жар, инабатты келін.
№7 мектепте қызмет етеді, әріптестері арасында беделді.
Шәкірттері сыйлайды, жақсы көреді. Өте мейірімді.
9 «а», 7 «г» сыныптарында сабақ береді. 36 кабинетте жиі сабақ өткізеді.
Орта бойлы, шашы қара, әдемі. Көзілдірік тағады.
Бұл кім?
Еркежан Ахметқалиевнаның ( қара сәйгүліктің) сұрақтары:
1.Қазақ жазуының реформаторы кім?
2.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Ойынның қорытындысы
Топтарды марапаттау (мадақтама қағаз, сертификат)