Міндеттері:1. Күз мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсіндіктерді қалыптастыру. Күз мезгілінің соңғы айларында болатын құбылыстар туралы түсіндіру.
2. Табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау дағдыларын қалыптастыру;
3.Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
орындайды: слайдтарды көріп, қыс мезгілі туралы берілген тапсырманы;
түсінеді: күздің соңғы мезгілінде болатын құбылыстарды;
қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, үлестірмелі материялдар, аудио дыбысы
Сөздік жұмыс: қар ұшқыны
Билингвалды компонент: күз-осень, аппақ қар – белый снег
ҰОҚ барысы
3. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар алдымен келген қонақтармен амандасып алайық
Балалар: Сәлеметсізбе
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң, алтын күн
Қайырлы таң, жер ана
Қайырлы таң, достарым
Сендерді көріп қуанам
2. Негізгі кезең
Слайдтарды көрсетіп тұрып, күз мезгілінің соңғы айында болатын құбылыстар туралы әңгімелейді.
Слайд
-Балалар, айтындаршы қазір қай мезгіл?
Балалар: Күз
-Дұрыс айтасыңдар. Қазір күздің соңғы айы. Күздің соңғы айында күн суытып қар жауады екен.
– Балалар, қараңдаршы айнала аппақ қар болды.
Күн суыған кезде балалар жылы киінеді.
Тіпті жануарлар да қыстың келгеніне қуанатын сияқты. Олардың да түстері өзгеріп кетіпті. Қоянды байқай алмайсың. Онын тоны аппақ қардай.
– Күн суық болса да балалар түрлі ойын ойнайды. Шанамен сырғанайды, аққала жасайды, т.б. ойындар ойнайды.
Билингвалды компонент: күз-осень, аппақ қар – белый снег.
-Балалар, күз мезгілінде құстардың барлығы жылыжаққа ұшып кетіпті. Тек бұтақтан-бұтаққа ұшып қонып жүрген көкшымшық, суықторғайларды көруге болады. Оларға қыста жем табу қиынға түседы. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оларды қоректендіреді. Кәне енді бізде торғайларға жемсауытына жем салайық. Балалар жемсауытқа жем салады.
Желдің, борнанның даусы қосылып, залға Қар ұшқыны қонаққа келеді.
Салеметсіңдер ме, балалар, мен қар ұшқынымын. Мен сендерге қонаққа келдім. Балалар сендер қар туралы білесіңдерме? Менің қолымда не бар балалар? Қардың түсі қандай? Кәне алақандарыңды ашыңдаршы деп қарды қойып шығады. Балалар, қардың суық екенін айтады. балалар қар суық, жылы жерге кірсе еріп кетеді.
Тақтамен жұмыс: Балалар, Қар ұшқыны бізге құр қол келмепті, өзімен бірге тапсырмалар ала келіпті, тапсырманы орындаймызба, балалар?
Балалар: ия
Балаларды бір-бірден шақырып сурет бойынша тапсырмаларды орындату.
Сергіту сәті: «Көңіл-күй»
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Ұжымдық жұмыс: Қардың бейнесін салу
Балалар үш топқа бөлу 1 топ таяқшалы мақтамен, 2 топ қағазды мыжып жабыстырады,
3 топ мақтаны жұлып жабыстырады.
Тапсырманы қалай орындауын түсіндіреді.
Балалардың жұмысын көрмеге қою.
Мына жасаған жұмысымызды Қар ұшқынына берейік.
Қандай әдемі жасағансыңдар, маған ұнады, мен енді басқа топтың балаларына көрсетейін деп қайтады.
3.Рефлексия
Сұрақ-жауап арқылы әдісі арқылы оқу қызметінде алған білімдері қорытындыланады.
Балалар, біз қандай тақырып өттік?
Қардың түсі ұнадай болады екен?
Сендерге сабақ ұнады ма? Сендерге сабақ ұнаса бәріміз қолымызды төменнен жоғарыға қарай шапалақ ұрып, сабағымызды аяқтайық. Жарайсыңдар.
Осымен оқу іс әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!