+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 24 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Су — тіршілік көзі » (ұйымдастырылған ашық оқу қызметі)

Кусаинова Индира, Макишева Камшат, Терликбаева Куралай, Аягөз қалалық №7 бөбекжай-балабақша тәрбиешілері

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Су — тіршілік көзі » .

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға су туралы түсінік беру ,судың қажеттілігін,оның адамның, құстың,жануарлармен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

 

Дамытушылық: Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру.Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Суды үнемдеп пайдалануға, суды ластамауға ,көпшіл болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: тірек-сызба , түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекілігі : тәжірибе жұмысына арналған заттар; су құятын стақан, сүт, шекер, тұз,мұз, түтікше,

Пән аралық байланыс: Қоршаған орта, тіл дамыту,көркем әдебиет

Таңғажайып сәт: Судың дыбысы

Қолданылатын технология: Дамыта оқыту,модульдік, монтессори, жобалау

I.Ұйымдастыру кезеңі

Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

I.I.Шаттық шеңбер

Арайлап атқан таңға сәлем!

Шуағын шашқан күнге сәлем!

Жайнап өскен бізге сәлем!

Білім беріп, тәрбиелеген,

Апайларым сіздерге сәлем!

II Өткенді қайталау.

-Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Қандай үш ай?

-Қазір қандай ай?

-Керемет. Балалар.

-Балалар өткенде біз балабақша туралы тақпақ жаттаған болатынбыз, еске түсіріп, айтып жіберейік.( тірек -сызба)

Мен бақшаға барамын 3 слайд

(Қадыр Әлімқұлов)

Шашымды да тарадым

Айнаға да қарадым

Ерте тұрдым ұйқымнан

Мен бақшаға барамын.

Қуыршақты аламын

Қол дорбама саламын

Әзір менің дәптерім

Қарындашпен қаламым

Балабақша байтағым

Күліп — ойнап қайтамын

Ән саламын, би билеп

Тақпақты да айтамын.

Барлығы бірге айтып шығады.Үй тапсырмасын өте жақсы орындапсыңдар

Ұйымдастыру-іздестіру

III Жаңа тақырып

1.Кіріспе бөлім

Таңғажайып сәт: Судың дыбысын тыңдау

-Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

-Судың дыбысын.

-Су бізге не үшін қажет?

Үлкен плакатка салынған ортада судың тамшының суреті

«бала үні» сурет арқылы айтады.

 -Суды ішеміз және жуынамыз.

-Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз.

-Сумен ас әзірлейміз.

-Сумен кір тазалаймыз.

-Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.  

Балалар, ал сендер білесіңдер ме, су қайдан, қалай пайда болатынын?

Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін

-Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жел тұрып бұлттарды көшіреді, бұлт су жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Судың үш қасиеті бар.Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.

Оны көру үшін тәжірибе жасайық.

Сұйық түрін көру үшін бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады.

Қатты күйін мұз .қар, бұршақ түрінде көруге болады.

Бу түрін көру үшін ыстық суды ыдысқа құйып бетіне салафан жауып қойсақ , будың суға айналғанын көруге болады. Ал, енді сендермен бірігіп тағыда бірнеше тәжірибелер жүргізіп көрейік.

I Тәжірибе «Су — мөлдір»

● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға хош иіс себілген суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсаң сен ардайым

Таза бетің маңдайың. ( орындарынан тұрып ,қимылмен көрсету)

Екі топқа бөлініп

1.Ақ қағаз бетіне тамшының суретін салу саусақпен.

2 .Баумен өткізе отырып.жаңбырдың жауғанын бейнелеу.

Ертегі сахналау «Саңырауқұлақ саясында»

Құмырсқа-Аян

Көбелек –Аяулым

Тышқан –Мансур

Торғай- Қайнар

Қоян –Мади

Бақа – Алтынай

Түлкі -Адина

Қорытындылау.

Өте жақсы балалар, міне бүгін біз сендермен сумен көптеген тәжірибе жасадық?-Сумен тәжірибе жасаған ұнады ма?

-Судың иісі, дәмі, түсі бар ма? (жоқ)

-Судың қандай қасиеттері бар? (Қатты, бу, сұйық)

-Сусыз өмір сүруге бола ма? (жоқ)

-Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз? (үнемдеу керек)

-Суды үнемдеу керек пе? (Ия)

Өз –өзін бағалау

Кыстырғыштарды тақтада тұрған смайликтерге қыстыру. Тамаша ұнады , түсінбедім ,мүлдем ұнамады .

X.Үйге тапсырма беру

-Қардың суретін салып келу.

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметімізге белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін. Ал енді келген қонақтармен қоштасайық!

Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Сусыз тіршілік болмайтынын білу керек.

Болу керек: Судың үнемі айналымда болатыны туралы мағлұмат.

Істей білу керек:. : Сұрақтарға жауап беріп,тәжірибе жасай алу, ертегіні сахналай алу. Өз-өзін бағалай алу.

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype