+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 24 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Үй жануарлары

Абдулланова Салтанат Амиргалиевна, Ашкенова Сандугаш Олжабаевна, Омарова Айгерим Кайроллаевна, «Аягөз қалалық №2 бөбекжай-балабақша» тәрбиешілері

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Тараулары: Экология.

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты:

1. Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Үй жануарлардың төлдерін,олардың қалай дыбыстайтынын айта білу. Үй жануарларының адамға тигізетін пайдасы,қыс мезгіліндегі тіршілігін айту. Жабайы жануарларды ажырата білу.

 

2. Дамытушылық: Балаларды жұмбақтар шешу арқылы ойлау ,есте сақтау қаблетін молайту.Тірек сурет арқылы сипаттай отырып,есте сақтау қаблеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

 Көрнекіліктер:Үй жануарлары мен төлдерінің суреттері,үй жануарлары мен жабай жануарларының суреттері,слайд,мнемокесте,қыстырғышпен ойын.

Әдіс-тәсілдері:Тірек- сурет,сызба,көрсету,сұрақ- жауап, әңгімелеу.

Оқу қызыметінің түрі: аралас.

Сөздік жұмыс: боздайды, кісінейді,төлдейді.

Пәнаралық байланыс: Таным,әлеумет,коммуникация.

Қолданылатын технология: Дамыта оқыту, ойын, ақпараттық технология, мотессори, мнемокесте

Таңғажайып сәт:Шопан ата.

Танымды оятушылық.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

-Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

 II. Өткенді қайталау.

-Балалар мына суретте не бейнеленген?

-Бұл адамның қаңқасы.

— Балалар, мынау несі?

— Бас сүйегі

— Балалар, мынау несі?

— Иық сүйегі

— Балалар, мынау несі?

Қол сүйегі

— Балалар, мынау несі?

Қабырға сүйегі

— Балалар, мынау несі?

— Жамбас сүйегі.

— Балалар, мынау несі?

— Аяқ сүйегі.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жұмбақты шешіп көріңдер.

Сырты орман,

Алды жазық құрлықты,

Араласаң,

Табасың жетi құдықты. (Бас)

 

Дәу үңгiрдiң қақпасы,

Жабылады, ашылып,

Жоқ болса да топсасы. (Ауыз)

 

 

Қатар жатқан қос iн,

Аң кiрмейтiн бос iн. (Мұрын)

 

Отыз екi батыр,

Екiге бөлiнiп,

Қамалып жатыр. (Тiс)

 

Сөз ұққыш –

Қос тұтқыш. (Құлақ)

 

— Балалар адамдар — тіршілік иесі. Адам табиғатпен тығыз байланысты.

Жүрек соғу арқылы денемізге қан жібереді.Адамда ішек-қарын болады.Ішкен тағамымыз қарынға түседі. Тамақ ішпесек әлсіреп қаламыз. Біз осы тағамды үй жануарлары, төрт түлік малдан аламыз.

Ұйымдастыру-Іздестіру

III.Жаңа тақырып.

1.Кіріспе

-Балалар бүгінгі тақырыбымыз үй жануарлары туралы.

-Осы үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

-Ауылда.

-Ал біздер қайда тұрамыз?

-Қалада.

-Қаланың аты қалай аталады?

-Аякөз қаласы.

-Ал сендердің ауылға барғыларың келе ма?

-Иә.

2.Негізгі бөлім:

Ауылға саяхатқа бару.

-Балалар көңілді болу үшін «Қошақаным» әнін айтайқ.

Шеңбер бойымен жүреді.

-Міне балалар, біз ауылға келдік.

-Ауасы қандай тамаша! Бәріміз көзімізді жұмып таза ауамен тыныс алайық.

-Ауылда үй жануарлары тіршілік етеді.

-Балалар біз саяхатқа қайда келдік?

-Дұрыс біз ауылға келдік.Шопан ата да осында екен ғой сәлеметсіз бе?

Шопан ата:Сәлеметсіңдер ме,балалар? Біздің ауылға келгендеріңе қуаныштымын.

Балалар Шопан ата қойды бағып күтетін адам.

Балалар шопан атаның қорасында қандай үй жануралары бар екенін көрейік.

Видеодан үй жануарларының қысқы тіршілігін, пайдасын, қамқорлық жасап жатқанын көрсету.

Ал, балалар, енді Шопан атаға не білеміз көрсетейік.

1.Тапсырма: Ойын: «Айтып бер» мнемокестемен сипаттау.

Шарты: Тірек сурет әдісі арқылы әңгіме құрау. Балалар үй жануарларының пайдасын сурет бойынша сипаттап айтады.

Сөздік жұмыс: боздайды, кісінейді сөздерін қайталап айтады.

Сергіту сәті:

Жиналындар балалар!

Лар-лар-лар!

Бізде қызық ойын бар!

Бар-бар-бар!

Екі жерде екі?

Екі — екі — екі!

Бұл мұрын, не құлақ?

Ұлақ-ұлақ-ұлақ!

Мынау шынтақ, не көз?

Көз- көз- көз!

Мынаныда ата тез!

Тез-тез-тез!

Неге бәрі солай?

Олай-олай-олай!

Сендер жақсысындар ғой, ия?

Ия, ия, ия.

Сергіту сәтін қимылын көрсетіп,сөзін айтады.

2.Тапсырма: Ойын: «Анасын тап» — Игровизорды қолданып анасын төлімен қосу.

Шарты: Қарындашпен сызу арқылы анасымен төлін қосады.

Ойын: «Не немен қоректенеді»-қыстырғыштармен қыстырып қосу.

Шарты: Жануарлардың немен қоректенетінін тауып, қыстырғыштармен қыстыру.

Шопан ата: Өте жақсы балалар. Бәрін біледі екенсіңдер. Тамаша сендере ризамын. Балалар мынау менің сендерге арнайы сыйлығым.

3.Тапсырма:

ІV.Тақырыпты бекіту.

Ойын: «Не артық?»

Шарты: Балалардың алдына үй жануарлары мен жабайы аңдар аралас қойылады, балалар жабайы аңдарды алып тастау керек.

Рефлексифті түзету.

V.Оқу қызыметін қортындылау.

-Балалар біз қайда бардық?

-Ауылға.

-Бізге кім кездесті?

-Шопан ата.

-Шопан атаның қандай малдары бар екен?

-Сиыр,жылқы,қой,ешкі,түйе.

— Сиыр қалай дауыстайды?

— Мөңірейді

— Жылқы қалай дауыстайды?

— Жылқы кісінейді.

— Қой қалай дауыстайды?

— Қой маңырайды.

— Ешкі қалай дауыстайды?

— Ешкі маңырайды.

— Түйе қалай дауыстайды?

— Түйе боздайды.

— Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

— Балалар, үй жануарының пайдасын айтады.

VI. Балалардың білімін бағалау, мақтап, мадақтау.

 Оқу қызыметіне жақсы қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.

VII.Үйге тапсырма беру.

Үйден үй жануарлары туралы тақпақ жаттап келу.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Үй жануарларының төлдерін,олардың пайдасын білу керек.

Болу керек:Мнемокестемен жұмыс жасау туралы түсініктері, балалардың білімі, белсенділігі, қызығушылығы, байланыстырып сөйлеу дағдылары болу керек.

Істей білу керек: Тірек – сурет, сызба әдіс-тәсілдерін қолдана білу, үй жануарларына қамқорлық жасай білу керек.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype