+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 24 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Дарынды оқушы – ұлт болашағы

Булекбаева Гульжанат Токтарбаевна, «№2 Теректі орта мектебі» КММ мұғалімі, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы

 «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды

Ұрпақтың орны мүлде бөлек»

Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында Мемлекеттік саясаттың мақсаты «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және жеке адамның дарындылығын дамыту». Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Дарынды бала ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісі. Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағын-дай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк. Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру.

Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне төмендегідей талап қойғаны дұрыс:

1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау.

2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу.

3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау.

4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру, орындалуына талап қою.

5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану.

6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.

Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет:

— тақырыптың ғылыми құндылылығы;

— таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;

— көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

— ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы;

— жұмыстың көркем безендірілуі.

Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:

— дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

— жан-жақты ақпараттандыру;

— коммуникативті бейімдеу;

— дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:

1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады.

2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды.

3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді.

4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады.

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:

— пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;

— дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;

— сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға — пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;

ХХІ-ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттырумен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. Оқушының дарындылығын анықтауда:

Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.

  1. Бақылау
  2. Анкета
  3. Психодиагностика
  4. Социометрия
  5. Әңгімелесу
  6. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.

Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:

1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;

2. Шешім қабылдайды;

3. Сенімділік туындайды;

4. Өзгелермен салыстырады;

5. Өзін-өзі бақылайды;

6. Жауапкершілік туындайды;

7. Мінез-құлқы өзгеріледі;

8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;

9. Материалдарын жинақтайды.

Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:

  1. Тәжірибелерін газет,журнал беттеріне беру;

2. Байқауларға қатысу;

3. Іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Мектептермен тәжірибе алмасу.

5. Бақылау күнделігін жазып отыру;

6. Психологиялық материалдар жинақтау;

7. Кітапша құрастыру.

8.”Реферат”;

9.”Портфолио”

Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден, дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды. Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден, дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден, өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады;

Биология пәні бойынша қосымша сабақтардың жүйелі өткізілуі және оқушылардың пәнге қызығушылығының артуынан оқушылар биология пәні бойынша түрлі сайыстарға, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Н.Назарбаев. Туған елім – тірегім, (Құрастырғандар: М.Қасымбеков. Қ.Әлімқұлов). – Алматы: Рауан, 2001. — 128 б.
  2. Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге әдістемелік нұсқаулар. Астана 2007.
  3. Елубаев А.О. Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі – Дарын, 2009. №5, 112-116б.
  4. Бекжанова М.Б. Дарынды балалармен жұмыс – заман талабы // Қазақстан орта мектебі, 2009. №5/6, 18-25б.
  5. Омарқұлова С.А. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру // Мектептегі технология, 2009. №5, 3-4б.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype