+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Геометриялық пішін. Дөңгелек

Сәрсекенова Ақбота Жомартовна, Өскемен қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақша» КММ

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: Қарапайым математикалық ұгымдарын қалыптастыру

Сабақтын тақырыбы: Геометриялық пішін. Дөңгелек.

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішін дөңгелек жайлы түсініктерін кеңейту.

 

Міндеттері:

Түзету-білімділік: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып сабақ тақырыбымен таныстыру.

Түзету-дамытушылық: Балалардың.зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, пішін және түс туралы түсініктерін дамыту.

Түзету-тәрбиелік: Балаларды мұқияттылыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу, математика ұғымдарына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Қостілділік: дөңгелек-круглый

Көрнекіліктері: Суреттер, пішіндер, қима қағаздар, жұмсақ пішіндер, ноутбук, проектор, автобус ,бағдаршам,

Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбер, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, әңгімелеу.

Барысы:

Мотивациялық – қозғаушы: тәрбиешіден қайталап, қимыл жасайды.

Шаттық шеңбер:

Дөңгелене тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Біз қандаймыз қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз.

Ұйымдастыру – іздену

Сұрақ – жауап өткізу:

— Жылдың қай мезгілі?

— Дұрыс айтасыңдар, балалар?

— Күз мезгілі екенін біз қайдан білдік?

— Күн суытады, жапырақтар сарғаяды, жаңбыр жауады, адамдар жылы киінеді. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жеміс жидектер піседі.

Балалар, бүгін біз сендермен «Пішіндер қалашығына» саяхатқа барамыз.

Ол үшін бізге не керек.

Балалар: АВТОБУС

Дұрыс айтасындар, балалар. Ал автобусқа біз қайдан отырамыз.

Балалар: Аялдамадан

Ендеше біз аялдамаға барайық.

Қараңдаршы, автобуста келіп қалыпты . Балалар, автобусқа отырамыз ба?

Балалар, бірақ жүргізуші бізге бірдеме айтқысы келетін сияқты.

Видеодан жүргізуші сөйлейді.

Балалар, мен сендерді қалаған жерлеріне апарар едім, бірақ автобустың дөңгелектерінің желі шығып кетіпті. Сендер маған дөңгелектің желін толтыруға көмектесесіңдер ме? Көмектессеңдер, қалаған жерлеріңе апарайын.

Балалар, біз «Пішіндер қалашығына» бару үшін, ең алдымен жүргізуші ағайға көмектесуіміз керек. Көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек, орындаймызба?

Балалар:

— Иа

— Балалар, автобустың неше дөңгелегінің желін толтыру керек екен, қане санап көрейікші 1,2,3,4.

Неше дөңгелегінің желі жоқ екен? 4.

Балалар автобустың төрт дөңгелегінің де желі шығып кетіпті…Енді біз барлық 4 дөңгелегінің желін толтыру керекпіз.

Ол үшін бірнеше тапсырмаларды орындау керек…Орындаймызба?

Жақсы, ендеше орнымызға отырайық…

Ол тапсырмалар мына автобустың ішінде жасырылған екен. Қане қарап көрейік.

Автобустын 1-терезесінен жасырылған тапсырманы шығару.

1-тапсырма «Сиқырлы пішіндер»

Балалар, біз өткен тақырыпты қайталап жіберейік.

Экраннан үшбұрыш және төртбұрыш видеоролигін көрсету. Қайталап сұрау.

Ұшбұрыш неге ұқсайды: үйдің шатырына, пирамидаға?

Ұшбұрышты неге ұшбұрыш деп атаған?

Өйткені, үш бұрышы бар. Қане санайықшы т.б.

Міне, балалар, біз бұл тапсырмаларлы орындау арқылы жүргізушінің бір дөңгелегінің желін толтырдық. Енді оны өз орнына орналастырайық. Қане, Адия, сен келіп дөңгелекті орнына орналастырып бере ғой…..

Балалар, келесі тапсырма қай жерде жасырылған екен? Қане, қарайық.

Автобустын 2-ші терезесінен алу

Тапсырма: 2 «геометриялық пішін дөңгелек» танысу екен.

Жақсы, балалар, бүгін біз оқу іс-әрекетінде тағыда бір пішінмен танысамыз.

Ол қандай пішін екенін білу үшін, қазір сендерге жұмбақ жасырайын.

Қане, мұқият тыңдайық

— Бұл орамның пішіні

Бауырсақтың да мүсіні.

Кішірейтсек біз мұны

Шығады тоқаш наны боп

Балалар ол қандай пішін?

Балалар: дөңгелек

Дұрыс айтасындар, ол пішін — дөңгелек.

Яғни бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз дөнгелек пішінімен танысамыз.

 Қане, экранға қарайықшы (суретін көрсету).

Тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар? Күннің, алманың, доптың, машинанын дөңгелегінің.

Олардың түстері қандай?

Қандай пішінге ұқсайды?

Дөңгелек деп аталу себебі, оның бұрыштары жоқ. Оларды дөңгелетсек, кедергісіз дөңгелейді екен.

— Балалар осы біздің топта домалақ пішінге ұқсас қандай заттарды білесіңдер, айтыңдаршы?

Доп, дөнгелек, шар, алма.

Жұптық жұмыс

Ойын: Дөңгелектерді түсіне қарай топтастыр.

Шарты:Түсіне қарай дөңгелектерді топтастырып жинату.

Міне, балалар, біз бұл тапсырманы да орындау арқылы жүргізушінің 2-ші дөңгелегінің желін толтырдық. Енді оны өз орнына орналастырайық. Қане, Еркеназ, сен келіп дөңгелекті орнына орналастырып бере ғой…..

Балалар, келесі тапсырма қай жерде жасырылған екен. Қане, қарайық

Автобустын 3-ші терезесінен алу.

Тапсырма: 3

Тапсырма: « Бойынды сергек ұста»

Жаксы, балалар, біраз тапсырманы орындадық, шаршап қалған сияқтымыз.

Аялдаманың жанындағы саябаққа барып сергіп қайтайық. Саябаққа бару үшін мына жаяу жүргізушілер жолақшаларына өтуіміз керек екен. Егер біз ережені бұзбай дұрыс өтсек, тағы бір дөңгелегіміздің желі толады екен.

Балалар, жаяу жүргізішілер жолақшаларынан өту үшін бағдаршамның қандай түсі жануы керек.

Жолдан өту. Саябаққа келу

Сергіту сәті…….

Емін-еркін тыныста,

Деміңді ішке тез ал да,

Сол қолыңды соз алға,

Ұшбұрыш сыз ауада,

Оң қолда бос тұрмасын,

Дөңгелек сызып зырласын.

Екі қолды созайық,

Төртбұрышты сызайык.

Өте жақсы, балалар, біраз бойымызды сергітіп алдық, қайтадан жолдан өту. Орындарына отыру.

Міне, балалар, біз бұл тапсырманы орындау арқылы жүргізушінің тағы бір дөңгелегінің желін толтырдық. Енді оны өз орнына орналастырайық. Қане, Еркеназ, сен келіп дөңгелекті орнына орналастырып бере ғой…..

Бекіту:

Балалар, келесі тапсырма қай жерде жасырылған екен. Қане, қарайық.

Автобустын 4-ші терезесінен алу

Тапсырма 4: Пішіндерді үлгі бойынша бояу.

Берілген үлгі бойынша пішіндерді боя.

Балалар, біз бұл тапсырманы орындау арқылы жүргізушінің 4-дөңгелегінің желін толтырдық. Енді оны өз орнына орналастырайық. Қане, Диана, сен келіп дөңгелекті орнына орналастырып бере ғой…..

Балалар, қараңдаршы, біз барлық берілген тапсырмаларды орындау арқылы жүргізушіге көмектесе алдық.

Жүргізуші видеосы: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Сендер менің көлігімнің дөңгелектерінің желін толтыруға көмектестіңдер. Енді мен сендерді қалаған жерлеріне апаруға дайынмын.

Қорытынды: Балалар, жүргізуші автобусты оталдырғанша біз сендермен бір ойын ойнап жіберейік. Экранға назар аударайық.

«Жоғалған пішінді тап» ойыны.

Ойын шарты: Тақтада ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек пішіндері тұрады. Тәрбиеші балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастайды. Ал балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін табады. Сұрақ-жауап ойын ойнату арқылы сабақты бекітеді.

Рефлексия:

1. Егерде сендерге сабақ ұнаса, мына берілген дөңгелек пішінін 1-ші ұзын бағанға орналастырамыз.

2. Егерде маған сабақ мүлдем түсінбеген жерлерім болды десеңдер, онда орташа қысқа бағанға орналастырамыз.

3. Егерде маған сабақ мүлдем ұнамады, ештенені түсінбедім десеңдер онда, аласа бағанға орналастырамыз.

Автобустың оталған дыбысы естіледі. Балалар, біздің автобусымыз оталып, жүруге дайын сияқты. Олай болса орнымыздан тұрып, автобусқа отырып, пішіндер қалашығына барайық.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype