+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңашыл ұстаз — қоғамдық өмірдің көшбасшысы

Биторинова Камал Аманбекқызы, «№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Аягөз ауданы

«Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім»

Мұхтар Әуезов

Қазіргі кезде жұртшылық арасында ХХІ ғасырда білімнің жоғары сапалы және әділ болуына ықпал ету үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу қажеттігі туралы ортақ пікір туындап отыр.

Әлем кеңістігіндегі білім берудің мақсаты – қазіргі өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын адаспай, дұрыс таңдай алатын, оң шешім қабылдай білетін тұлғаны қалыптастыру және әр балаға сапалы білім беру. Оқыту сапасының тұрақты болуына қалай қол жеткізу керектігі көптеген елдердің білім беру саясатының негізгі мәселесі болып отыр.

Мұғалімдерді эвалюциялау жүйесі осы саясаттың бір бөлігі болып табылады. ХХ ғасырдың басында бес арысымыздың бірі Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны таба білу» десе, орыс педагогы А.Сухомлинский: «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» деген пікірлері қазіргі таңдағы инновациялық білім беру талаптарының ұстанымдары іспеттес.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» немесе қытай философы Конфуцийдің: «Маған айтып берсең – ұмытып қалармын, көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме жасатсаң — үйреніп алармын» деген ұстанымын басшылыққа ала отыра, «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру» курсынан дәріс алу өзімді жаңа форматты ұстаз ретінде сезінуіме, жалпы білім берудегі ескі стереотиптерден батыл түрде арылуыма жағдай туғызды.

Курс барысында тренеріміз Жұпар Сахановнаның шеберлігінің арқасында сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін үйреніп, көптеген жаңалықтармен таныстым.

Сондықтан да, «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деген ұстанымды жадымызда сақтап, қандай істі болса да жаңадан бастау оңайға соқпайтынын, үлкен ізденіс барысында тиісті нәтижеге қол жеткізуге болатындығына көз жеткізе отыра, өзіңнен озған шәкірт тәрбиелеп, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын маман дайындауға болатындығына көз жеткіздім. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне үлкен өзгеріс әкеліп, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіне өз үлесін қосады деген сенімдемін.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype