Компазиция: (балалар кіреді)
Ән «Анашым-әжешім» (балалар орындарына отырады)
Тақпақтар: ана туралы
(Ортаға гүлі бар қолында,шары бар қоян шығады)
Жүргізуші: Қоян, қайдан келесің? Өзің көңілді сияқтысың.
Қоян: Әрине, бүгін менің анамның мерекесі, анама сыйлық сыйлайын деп асығып келемін. Мен сондай қуаныштымын, аспанда күн жарқырап тұр, табиғат өте тамаша
Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі көрінді. (ортаға күндер жүгіріп шығады)
«Күндер» биі
Жүргізуші: Керемет, шынымен де көктем келіп, көңіл-күйіміз өте тамаша. Осындай қуанышты күні біздің балалар да мерекеде аналарына сыйлық дайындады, тамаша ән жаттады.
Қоян: Солай ма, мен ғана мерекеге дайындалдым ба десем, балалар да дайындалыпты ғой. Сонда қандай ән жаттады?
Жүргізуші: Олай болса, тыңда.
Ән «Мамочка моя»
Қоян: Керемет, әндерің тамаша екен. Рахмет, балалар, мен кеттім, тезірек анама жетіп алайын, мерекесімен құттықтайын, сыйлығымды табыстайын. (айналып кетіп бара жатқанда алдынан түлкі шығады)
Түлкі: Салеметсің бе, қыли көз! Қайдан келесің? Өзің сондай көңілді сияқтысың. Мына қолыңдағы не?
Қоян: (сыйлығын артына тығып)Анашымды мерекесімен құттықтайын деп асығып барамын.
Түлкі: (қуланып) Солай ма? Ол қандай мереке?
Қоян: Түлкі сен білмейсің бе, бүгін аналар мерекесі ғой. Сен не? Анаңа сыйлық дайындаған жоқсыңба?
Түлкі: (ойланып)Жоқ… тоқта, тоқта, дайындадым.
Қоян: Қандай сыйлық бересің? Мен анама гүл сыйлаймын. Әдейлеп анама арнап теріп алдым.
Түлкі: (қуланып)Солай ма? Қане, берші гүліңді иіскеп көрейн.
Қоян: (артына тығып бермейді) жоқ, бере алмаймын, оны анама арнап тергенмін.
Түлкі: (өз-өзімен сойлесіп, мына қыли көзді қалай алдасам болады екен деп, желкесін қасып ,қуланып) Мен таптым, мерекеде мен анама сиқыр жасап көрсетемін.
Қоян: Ол қандай сиқыр, қайдан үйрендің?
Түлкі: Қазір мен саған да үйретемін, тек маған мына қолыңдағыны бере тұр. Сосын арт қарап үшке дейін сана.
Қоян: Жарайды(теріс қарап 1-2-3 деп санап тұрғанда түлкі қашып кетеді)
Қоян: (қараса түлкі жоқ, жылайды) Енді не істеймін, ақымақ басым-ай түлкіге сеніп жүрген, мені алдап кетті. Балалар, сендер көрген жоқсыңдар ма? Қай жаққа алып кетті? Енді анама не сыйлаймын?
Жүргізуші: Қоян, сен жылама, біздің балалар әжелеріне арнап тақпақ жаттады. Соны тамашала, көңіліңді көтер.
Әже туралы тақпақтар
Қоян: Балалар, маған сендердің тақпақтарың да әндерің де ұнады. Бірақ мен анама енді не сыйлаймын? (жылайды)
Жүргізуші: Қане, олай болса, Көктемді көмекке шақырайық. Бәлкім ол саған көмектесіп қалар.
(Көктем кіреді)
Көктем: Армысыңдар, аналар, әжелер, қыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Мен көктеммін
Нұрымды жерге төккенмін,
Құстарымды сайратып,
Былтыр келіп кеткенмін.
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.
Жүргізуші: Міне, көктем келіп табиғат оянды, жылы жаңбыр жауып, аспанда әртүрлі бояулы кемпірқосақ пайда болды.
Би «Кемпірқосақ»
Көктем: Қандай керемет, жан-жағымыз құлпырып тұр, балалардың көңіл-күйі де өте керемет сияқты.
(қоянның жылаған дауысы естіледі )
Көктем: Саған не болды? Неге жылап отырсың? Неге көңілсізсің?
Қоян: Анама мерекеде сыйлық алып келе жатқам, алдымнан қу түлкі шығып алдап тартып алды. Енді кімнен көмек сұрарымды білмей тұрмын.
(зуылдаған дыбыс естіліп, ортаға ара ұшып көктемді,қоянды айналып ұша бастайды)
Көктем: Тоқта, тоқта, ара. Сен қайдан ұшып келесің?
Ара: Салеметсіңдер ме, балалар! Міне, күн жылынып, біз де өз тіршілігімізге кірісе бастадық. Бүгін мен де аналар мерекесі күні-түні тынбай еңбек етіп, анамды қуантайын деп бал жинап келемін.
Көктем: Солай ма, ара? Сен бізге дәл уақытында келдің. Бізге сенің көмегің қажет. Қоянның анасына арнаған сыйлығын қу түлкі алдап, алып кетті. Соны қайтаруымыз қажет.
Ара: Солай ма, әрине, көмектесемін, бірақ түлкіні қайдан іздеп табамын?
Көктем: Әне, өзі де келе жатыр. (сол кезде қолында гүлі бар түлкі кіреді)
Ара: Қазір мен оған көрсетейін, алдаған қандай екенін. Тезірек сыйлықты қайтар (түлкіні айналып шаға бастайды, түлкі қолындағы гүлді қоянға ұстата салып, айғайлап көмектесіңдер, шағып жатыр деп қаша жөнеледі, ара артынан қуып кетеді)
Қоян: Алақай, рахмет саған, көктем, мен кеттім, тезірек анама жетіп алайын. Сыйлығымды берейін, сау болыңдар!
Көктем: Сау бол, анана салем айт. Мерекесімен құттықта!
Жүргізуші: Олай болса, балалар, біз де мерекемізді жалғастырайық. Бүгін тек аналар мен әжелердің ғана емес, біздің ару қыздарымыздың да мерекесі. Қане, қыздарымызды ортаға шақырайық.
Қазір біз қыздармен тамаша ойын ойнайық.
Ойын «Гүл сыйлау» (қыздар бір қатарға тұрады, ұлдар музыка әуенімен жүгіріп барып гүлді алып қыздарға сыйлау қажет)
Жүргізуші: Енді қыздарымыз Айару, Асыл, Айзере ұлдарға рахмет айтып ән арнайды.
Ән «Бақ құсым»
Көктем: Сендермен ән айтып, билеп, ойнап көңілім көтеріліп қалды, енді мен қайтайын. Келесі жылы кездескенше қош сау болындар! (өзіңің себетін тастап кетеді, беті орамалмен жабылған)
Жүргізуші: Ой, балалар, мында себет тұр, қане ішін қарап көрейік. Қане, үшке дейін санайық.
1-2-3 Сиқырлы орамал ашыл
Ой, мында, балалардың аналарына арнап жасаған сыйлықтары ғой. Қане, балалар, не тұрыс аналарымызға сыйлайық (балаларға таратылып беріледі, аналарына сыйлайды).
Ән «Асыл анам ардағым»
Жүргізуші: Ардақты әжелер, аяулы аналар және ару қыздар! Сіздерді 8-наурыз — халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш, жүректеріңізге жылу, жүздеріңізге нұр сыйласын.