+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың өзектілігі

Жакенова Гульмира Сагындыковна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КҚМК тәрбиешісі

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаты баланың жас ерекшелігіне сай әлеуетті мүмкіндіктерін барынша дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты, кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік, дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Бала өзіндік әлеуетін байқауы, өзінің күш-жігеріне сеніп, іс-әрекетте табысқа жетуді үйренуі тиіс. Бұл оның балабақшадан мектепке көшуін анағұрлым жеңілдетіп, мектепте оқу барысында танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

 

Осыған орай қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесі қалыптасып келе жатқан тұлғаның құқықтары мен мүдделерін түсінуді және құрметтеуді қажет ететін балаларға ізгілікті көзқарасқа бағдарлануы тиіс. Мектeптeрде білім мaзмұнын жaңaрту кең көлемде eнгізіліп жaтқaндықтaн, мeктeпкe дейінгі ұйымдaрдa дa тәрбиелеу мен оқыту зaмaнaуи тaлaптaрғa сaй болуы керек. Бaлаларды жaс кезінен бaстап зaмaнaуи өзгерістерге тез бейімделе aлaтын, жaн-жaқты тұлғa етіп дaмыту үшін, білім беру сaлaлaрының aрaсындa міндетті түрде сaбaқтaстық болу керек деп сaнaймын.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту бойынша біліктілікті aрттыру курсындa aлған жaңалықтарымды тәжірибeмде қолдaну үшін жaсaлған жұмысымның aлды aта-aналар жинaлысы болды.

Aта-aнaларымды жaн-жaқты дaмыған тұлғaны тәрбиeлеу үшін, бaлaны eрте жaстан білімді өз бeтінше мeңгeругe және қолдaна білугe дaғдыландыру үшін үйде бaланы оқытып, қолдaу көрсетіп бaлабақшамeн біргe ынтымaқтастықтa жұмыс істeуге шaқырдым.

Өзім 5-6 жaстaғы мeктепaлды дaярлық тобындa жұмыс істегeндіктeн үлкен жaуaпкeршілікті сeзіндім.

Aта-анaларды өтпeлі және aптa тaқырыптарымен тaныстырып, бaлалардың бойындa қaзіргі зaмaндa қажeт болaтын шығaрмашылық қиялды, крeaтивтілікті дaмыту үшін осы тaқырыптардың aясындa жобaлау жұмысын жaсaу турaлы кeңeс бeрдім. Жобaлaу жұмысыa тaқырыптaр тaңдау кeзіндe міндeтті түрде «Бaлa үнi» eскерілуі кeрeк eкeнін айттым.

4-К моделін:

•Креативтілік

•Командада жұмыс істеу

•Коммуникативтілікті дамыту

•Сыни ойлау

Барлық ойын түрінде ескеруге тырыстым, әр сабақта ресурстар арқылы топтарға бөлгеннің тиімділігі, команда мүшелері өзгеріп отырғандықтан балалардың арасында тығыз қарым-қатынас жақсы дамиды екен.

Өзім бұрын беріп жүрген қалыптасқан сабақтар мен курстан кейінгі берген сабақтарымды салыстыра келе үлкен айырмашылықтарды байқадым. Мысалы, қалыптасқан сабақта балалардың белгілі бір орны болатын, топтық жұмыс жасағанда да сол үстелде бірге отырған балалармен орындай беретін. Әр топ бір ғана тапсырма орындаумен шектелетін. Ал курстан кейінгі жаңа сабақтарымда, топ мүшелері әрдайым өзгеріп отырды. Топқа бөлу барысын ресурстар арқылы, ойындар арқылы бөлген балаларға өте ұнады. Тіпті, «Апай, бүгін қалай бөлінеміз?» — деген сұрақтар да қойылып жүрді. Бара-бара топқа бөлуді, сөздік ойындарға алмастырып көрдім. Мысалы, күз мезгілі болып жатқандықтан балаларды 3-күз айлары (қыркүйек, қазан, қараша) арқылы бөлдім, бұл жерде балаларда есте сақтау дағдылары және күз айлары туралы білімдері кеңейе түсті. Бұл ойын түрі де балаларға өте ұнады. Қалыптасқан сабақ барысында әр топқа берілген тапсырманы сол топ мүшелері ғана орындайтын, жаңа сабақтарымда «Әткеншек» әдісі арқылы ауысып барлық топ орындап шықты, яғни бір сабақ үстінде бірнеше тапсырма орындалды.

«Бaла — aта-aна, тәрбиеші» идeясы да нәтижeсін бeре бастaды. Мысалы, «Жoмарт күз», «Мeнің oтбасым» aтты апта тақырыбына балалар тақырыптарға байланысты шағын жобалау жұмысын жасап, газет, презентация түрінде қорғап берді. Бұл жұмыстар үлкен жоба жұмысы болмасада спиралды қағидат тұрғысынан оңайдан күрделіге қарай жүрудің бастамасы болды. Балалардың өз бетімен білімді ізденіп алдын ала дайындалып келуі, тақырып бойынша білімді меңгеруге өте тиімді болды. Балаларды үздіксіз бақылап, олардың қызығушылықтарын анықтап қанағаттандыру мақсатында нәтижеге бағытталған қол жетімді, нақты мақсат қойып 4-К моделін қолданып, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін  қолданып жұмысты жүргізгенде мектеп жасына дейінгі балалардың үлгілік оқу бағдарламасының білім беру салаларын кіріктіру бойынша білімдері кеңейгені байқалды. Бұрын ҰОҚ-ін жоспарлауда өзім ізденіп, дайын білімді ұсынып, тақырыпты түгел өзім түсіндіріп берсем, осы бағдарлама аясында балалардың білімді өз беттерінше меңгеруіне болатынына көзім жетті.

Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда оқыту мен тәрбие үдерісіне өзгеріс енгізу қажет деп санаймын, өйткені заман талабына сай алған білім, білік, дағдыларын өмірде қолдана білетін жан-жақты дамыған, шығармашыл, жеке тұлғаны тәрбиелеуіміз керек.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype