+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Дені саудың – жаны сау!

Кулахметова Маржан Байжановна, ШҚО ББ «№6 Арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиешісі

Адам денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау ісіне, балаларымыздың дені сау, ағзасының мықты болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.

Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

 

Салауатты өмір салтын жас ұрпақтың бойына қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептің басты мақсаттарының бірі болып отыр. «Саулық — байлық негізі» деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін аурудың алдын алу және болдырмауды қолға алу керек. Ол үшін дұрыс тамақтану, дене тәрбиесімен айналысып және қоршаған ортаны жақсарту, қорғау керек. Сонымен қатар ағзаға қажетсіз заттарды тұтынуды қойып, тазалық шараларын сақтау қажет.

Мен арнаулы мектеп-интернатында тәрбиеші қызметін атқарамын. Арнаулы мекемедегі білім беру процесінде күнделікті салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу тәрбиешілерге балалардың денсаулығы мен психоэмоционалдық көңіл-күйінің, денсаулығының, көз жанарларының жақсаруына және тәрбиелеудегі барлық шараларды саналы түрде ұстануы сұранысына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Салауатты өмір салтын бала бойына үйде ата-ана, мектеп-интернатына келген күннен бастап тәрбиешілер ұстануымыз қажет.

Салауатты өмір салты дегеніміз — бұл, әрине, денсаулық. Денсаулық дегеніміз олар: тазалық, уақытымен тамақтану, гигиеналық және шынықтыру шаралары. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі болғандықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Күнделікті жұмыс барысында әр түрлі қозғалыс ойындары мен күн тәртібін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы оқушы балалардың денсаулықтарын нығайтуға көп көңіл бөлеміз. Сондай-ақ мектебімізде оқушылардың денсаулық туралы білімдерін жетілдіру мақсатында «Спорт — менің серігім», «Дені саудың жаны сау», «Салауатты өмір салты» тақырыбында денсаулық күндерін жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Оқушылырдың ата-аналарымен де салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әке, шешем және мен» «Кім жылдам?» атты спорттық жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Ұйымдастырылған іс-шараларда, серуен кезінде, шынығу шаралары кезінде оқушыларға денсаулыққа байланысты көптеген мәліметтер берілді, денсаулық сақтау ережелері мен аурудың алдын алу бойынша білімдерін дамыту жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға түрлі тақырыптар беріліп, олар өздерінің ойларын шығарма, композиция және суреттер арқылы жеткізе алды. Оқушылар түрлі спорт дайындықтарына белсене қатысады. Қазақ халқымыздың «Ауырып ем ізденше , ауырмайтын жол ізде» деген қағаидасын бала санасына енгізе алсақ, болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығамыз.

Менің осы тақырыпты алу себебім, білім беру процесінде салауатты өмір салтын күнделікті күн тәртібінде қалыптастыруды өзімнің іс-тәжірибемде қолдану арқылы балалардың денсаулығын сақтауға, шынықтыруға және нығайтуға ықпал ететін денсаулық мәдениетін, дене бітімі қасиеттерін тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған.

Баланың денсаулығы балалармен шынықтыру шараларын салауатты ұйымдастырылуына, күн тәртібін тиімді пайдаланылуына байланысты болады. Тәрбиешінің тиімді жұмысының нәтижесі балалардың көз жанарларының, дене қозғалысы мен дене бітімінің дұрыс жетілуі және денсаулықтарың жақсаруына көмегін тигізеді.

Тек қана дені сау бала жеке және интеллектуалдық даму процесінде, оқуда жетістікке жете алады. Таңғы және түскі ұйқыдан кейінгі жаттығуды күнделікті жүйелі түрде жүргізу барысында бала дене қимыл-қозғалысын игеріп, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Күн тәртібі белгіленген іс-жоспар уақытымен жүргізіліп отырса, денсаулығы мықты, саналы, салауатты ұрпақ өсіп жетіледі және күнделікті жұмыс процесінде салауатты өмір салтын ұстана отырып, сауықтыру жұмыстарын жүргізу арқылы біз, тәрбиешілер 21-ғасырдың болашағы мол, дені сау, ақыл-ойы дамыған өскелең ұрпақты тәрбиелейміз.

Оқушылар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауды денсаулық — зор байлық екендігін түсіндіру аса маңызды. Дені сау халық — бай халық. Халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халық тың болса да болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype