Басында айтып өтекендей, бұл өңірде тарихи-мәдени нысандар жетерлік. Бұған дәлел, Ертіс өңірінен 100-ге жуық археологиялық, сәулет, діни мінәжат, тарихи маңызды, табиғи мұра негіздегі киелі нысандарды шартты түрде атап шығуы деп білемін. Мен қазір осы нысандардың бірнешесіне тоқтала кетемін. Олардың біріншісі, «Қоңыр Әулие» үңгірлері. Бұл үңгір Баянауылдағы Ақбет және ШҚО Ақтас тауында орналасқан. «Қоңыр Әулие» үңгірі туралы әр түрлі әнгімелер бар. Мысалы, кейбір адамдар бұл үңгірде аты жер жарған Шынғыс хан жерленген десе, енді бірі бұл жерге атақты Абылай ханның табаны тиген деседі. Бірақ қасиетті орынға келушілердің себебі тек бұл ғана емес. Әр келушінің өз себептері бар. Мысалы, бірі денсаулық пен рухани азық іздеп, енді бірі аруақтарды еске алу үшін, ал кейбіреулері отбасы мен елдің амандығын тілеп келеді.
Екінші орын ол «Қозы көрпеш-Баян сұлу» кесенесі. Ол X-XI ғғ.-да Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан. Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде, жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген. Биіктігі 11,65 м, еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі 4,35 метрді құрайды. Аңыз бойынша, оны тұрғызуға Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге төрт сан қол жіберіп, ас бергізіп, ат шаптырып той жасайды. Қозы Көрпеш-Баян сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, кескін келбеттерін тасқа түсіреді. Әсіресе Баян сұлудың өң — ажары әдемілеп келтірілген. Қазіргі кезде, бұл атақты күмбезге келушілер саны күннен күнге артуда.
Қортындылай келе, киелі Ертіс өңіріндегі қасиетті де киелі тарихи нысандар айта берсек өте көп. Бұл нысандардың бәріне тек қана жергілікті халық ғана емес, шет елдерден де келушілер бар. Ертіс өңіріндегі тарихи нысандардың тарихымыз бен руханиятымыздың дамуына үлкен үлес қосады. Алайда, қазіргі таңда бұл нысандардың кейбірі қараусыз қалып, көбінде келушілердің жабайы қылықтарының ізі қалған. Мысалы, келушілер келген жерлеріне өз есімдері мен қоқыстарын қалдырып кетеді. Осы себептен, бұл нысандардың жоғалу мүмкін деп есептеймін. Ал тарихи нысандар жойылса , біздің тарихымызды ұмыту қауіпі бар. Сондықтан да оларды мәңгі қорғап, қадірлеп келешек ұрпаққа жеткізуіміз қажет. Себебі, тарихты ұмытқаны, қазақтың қазақ екендігін ұмытқаны деп білемін.