+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ән арқылы балалардың шығармашылығын арттыру

Матабаев Ерболат Закиұлы, «Үміт»  балалар үйінің музыка жетекшісі

«Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу,

өмірге ғашық болып өседі»

М.Әуезов

Әуен — рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең»,- деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ музыка әсер етеді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді.

Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» т.б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады.

Тәрбиеленушілерге эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Осы мәселелерді қайта жандандыру мақсатында тәрбиеленушілердің қабілетіне қарай – жыраулық өнерге, терме айтуға, шешендікке тапқырлыққа, айтыс өнеріне үйретуде – ән-саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады.

Тәрбиеленушілердің білім алуында ерекше орын алатын пән музыка өнері болып табылады. Өйткені, әдемілік пен көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады. Адамның қоршаған ортасы неғұрлым көркем болса, соның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады. Осы аталған әдемілік пен әсемдік әлемінен сыр шертетін әуезді ән өнері, кез-келген оқушының пәнге, сабаққа, өнерге деген қызығушылығын арттырып, көркемдік ой-өрісін дамытып, сұлулық әлемінен тәлім-тәрбие алуына септігін тигізетін ғылым саласының бірі. Сонымен қатар, ән-саз өнері тәрбиеленушілердің рухани дүниетанымын молайтып, өнер құндылықтарын бағалай білуге де септігін тигізері хақ. Ән-саз өнеріне ден қойған тәрбиеленушінің бойында қатыгездік, тәртіпсіздік, бұзақылық сияқты келеңсіз қасиеттер кездесе бермейді. Өйткені тәрбиеленушіні сезімталдыққа баулиды. Осы негізде ән-саз өнерінің салаларын жеке-жеке зерттеп, оқыту мәселелерін қарастыруымыз қажет.

Балалар үйінде музыка пәні сабақтарының негізгі мақсаттары мынадай:

—  оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету;

—  музыка әуенін өзінше талдап, тыңдай білуге үйрету;

—  ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу;

—  белгілі бір музыкалық аспапты меңгеру, жаттықтыру.

Тәрбиеленушілердің музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтық қарапайым әуен-саздарын, мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін және т.б. қолданып, сөзжұмбақтар құрастыруға, сөзтізбелер жасауға және т.б. баулимын.

Білім берген тәрбиеленушілерімнің жетістігін атап өтсем, Лоскутов Владислав Сергеевич, «Үміт» балалар үйінде 2007 жылдан 2018 жылға дейін тәрбиеленді. Қазір Абдуллин атындағы өнер колледжінің 1-курс студенті. «У самого Черного моря» Халықаралық фестивалінің 1-дәрежелі лауреаты (Сочи, 2015), «Таңшолпан» атты вокал бойынша балалар шығармашылығының Республикалық фестивалінің Бас жүлде иегері (Көкшетау, 2016), «Салют талантов» Халықаралық фестивалінің қатысушысы (Мәскеу, 2016). НТФ телеарнасының «Ты супер!» әлеуметтік жобасының финалисттері ондығына енген.

Выбылов Евгений Анатольевич, «Үміт» балалар үйінде 2000 жылдан 2010 жылға дейін тәрбиеленді. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша оқып шықты. Қазіргі кезде өзі өскен балалар үйінде музыкалық жетекші, педагог-ұйымдастырушы ретінде қызмет атқарады.

Ән салу адам жанының сұлулығына, ой мен ақыл қабілетінің арта түсуіне, көркемдік, сезімталдық, интеллектуалдық қасиеттерінің дамуына септігін тигізері сөзсіз екендігін айта кетуге болады. Өз іс-тәжірибемде жасөспірімдерді ән айту, ән өнеріне тәрбиелеуде қол жеткен жетістіктері осыны дәлелдейді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype