+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мамандығым — мақтанышым

Жұмақан Айнұр Жұмақанқызы, ШҚО білім басқармасы «Зайсан ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ педагог- психологы

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан, - деп Абай атамыз айтқандай, адам өмірден өз орынын табуы керек деп ойлаймын. Мамандықтың бәрі жақсы бірақ, өмірде мамандық таңдауда қателеспеген жөн. Мамандықты таңдау үшін, адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тану керек. Ал менің осы қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін қазіргі таңдағы мамандығымды таңдауға өз ұстазым түрткі болды.

 

Жоғарғы оқу орынын аяқтаған соң, еңбек жолымды ерекше білім алуды қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын кабинетте педагог-психолог болып жұмыс жасап келемін. Қазіргі таңда адам жанын емдейтін психолог мамандығы десем артық емес деп ойлаймын. Жалпы психолог деген кім? деген сұраққа қысқаша жауап беруді жөн санап отырмын. Адам баласының жан дүниесіне үңіліп, сезіне білетін, ішкі сезімдерімен санаса білетін білікті де, білімді маман.

Сонымен қатар, кабинет мамандары арасында да тренинг, сауалнама, кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырып отырамын.

Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды.

Диагностикалық қызмет көрсетіп, түзету-дамыту сабақтарын өткізіп, кеңес беру нәтижесінде, баланың психологиялық жанын сауықтырып, мінез-құлқын қалыптастырушы. Ұстаздық жолын таңдаған жандарға «Бала жанының бағбаны» деген ерекше теңеулер орайлы айтылған сияқты.

Осы уақытқа дейін алдыма келген жандардың көңілдеріне қаяу, жүректерінде мұңы бар ата-аналардың жанына жол тауып, қуаныштарын бөлісіп, сәтсіздік жағдайларында демеу болуға тырысып келемін. «Бала адамның бауыр еті», — дегендей ұрпағының болашағы үшін алаңдайтын әрбір ата-ананың сенімін ақтау ұлы іс.

Ерекше мұқтаждықты қажет ететін балалардың қоғамнан тыс қалып қалмай, өмірдегі өз орындарын тауып, кірпіш болып қалануына өз үлесімді қосудамын. Балалар әлеміне бір бағыт алсаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», — дегендей, әр оқушыма өмірдегі қиындықтырды жеңе білуге күш-жігер беріп, өмірге деген құлшыныстарын арттырып отырамын. Жабыққан жандарына желеу, қамыққан сәтте демеу болып, мүмкіндігінше кеңесімді беремін.

Әр баланың жеткен жетістіктеріне қуанып, болашақтарынан үлкен үміт күтемін.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype