+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Сандық білім беру ресурстарын жаратылыстану пәндерінде қолданудың тиімділігі

Ахметова Шырай Балтабековна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ химия және биология  пәні мұғалімі

Жаңа парадигмалық жағдайдағы педагогикалық инновацияда (неология, аксиология, праксиологиялық жағдайдағы) білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері мен даму бағыттарының кәсіби шығармашылық деңгейді көтерудегі басым бағыттары қарастырылады. Жаңа парадигмаға көшуде қазіргі таңдағы отандық және шетелдік зерттешілер (Роджерс, Д.Дьюи, Курт, Льюин, П.Ф.Каптеева, Ю.К.Бабанский, В.П.Сазанов, Г.С.Құдайбергенова және т.б.) еңбектерінде ғылыми негіздердің педагогикалық-психологиялық, ғылыми, әдіснамалық бағыттары басшылыққа алынады. Сондықтан мектепте жүргізілетін ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыты, мазмұны, формасы, мақсат пен міндет айқындалса, бұл мектепте оқу-тәрбие үрдісінің сапалық деңгейі жоғары болары сөзсіз.

Ал оқу тәрбие үрдісінің технологиясы – оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және әдістер жүйесі. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс тәсілдерін инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді.

Ақпараттандыру саласындағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы электрондық оқыту жүйесінің енгізілуіне өтуге дайын болуы тиіс. Бiлiм беру үрдістерінің ақпараттық жүйелері мектеп басшылары, ұстаздармен және тәрбиешiлермен оқушылардың үлгерiмi туралы ақпараттарды алу үшін ата-аналардың қатысуын, өзара ақпараттар алмасуды қамтамасыз етуi керек. Түрлі байқаулар мен олимпиадалардың нәтижелері, пәндер бойынша тестілер туралы толық ақпараттар және Ұлттық бірыңғай тестке даярлану Интернет арқылы қолжетімді болды.

Электрондық оқыту жүйесі жергілікті желі мен ауқымды Интернет желісін, желілік технологияларды белсенді қолдану арқылы ұйымдастырылатын қашықтықтан оқытудың да мүмкіндіктері де енді.

Электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі оқу үдерісінде АКТ-ның графикалық, мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу материалдарын игеруде интерактивтік ойындарды қолдану оларды сапалы, әрі тиімді түрде меңгеруге ықпал етеді.

Электрондық оқыту жүйесінде педагогтар өздерінің оқу құралдары мен тестілерін құра алады. Олардың жұмысы мәтiндiк және графикалық редакторлар мен орталарда, мысалы, Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, Adobe Flash, Adobe Photoshop оқу контентiн жасаудың бiрыңғай жүйесімен стандартталуы тиіс.

Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялардың басты мәселелерінің бірі — бұл танымдылық іс-әрекетті басқару үдерісіне интерактивті орта қалыптастыру және қазіргі заманғы ақпараттық білім беру ресурстарына,  қорларына (мультимедиялық оқулықтарға, әртүрлі мәліметтер базасына, оқыту сайттарына т.б. қор көздеріне негізделген оқулықтарға) қол жеткізу мүмкіндігі.

Е-learning оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға кез келген уақытта, кез келген жерден бағаларды, сынып журналын, электронды кітаптарды, үй тапсырмасын көруге және бір-бірімен қатынасуға мүмкіндік береді. Бұл қала мен ауыл тұрғындарының білім алу мүмкіндігін теңестіреді. Электрондық оқыту жүйесі ақпараттық ортаны құруда, электрондық мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда және тұрғындардың компьютерлік сауаттылығына байланысты мәселелерді шешуде  басты рөлге ие. 

Мектеп өміріне компьютердің келгеніне біраз жыл өтті, осы жылдарда оқу процесінде есептеуіш техникаларды қолданудың тұжырымдамалары бірінің орнын бірі алмастыруда. Компьютерлік бағдарламалар ғана, емес, компьютерлік техниканың жаңа түрлері қолданысқа енуде. Ал, бүгінде бізге сандық білім беру ресурстарын жасау және пайдалану қажеттігі туындады.

Сандық білім беру ресурстары білім берудің бағдарламасының құралы ретінде қандай қызмет атқарады? Дәстүрлі қолданылып жүрген оқыту бағдарламаларынан бұның артықшылығы неде?

Аппликациялар, графопроекторлар арқылы демонстрациялау, тірі табиғаттағы процестерді сипаттауда кино және видеофрагменттердің де атқаратын қызметі зор. Тірі биологиялық объектілерге де бақылаулар жүргізу биология сабақтарының маңызды деп есептелсе де, қазіргі кезде оқушылар мен мұғалімдер сабақтағы дидактикалық тапсырмаларды орындау барысында компьютердің виртуалды кеңістігін пайдалануға мүмкіндік туды.

Биология сабақтарында тірі ағзалардағы биологиялық процестерді көрнекі құралдарсыз, саусақ қимылымен түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан мұғалім оқу процесін ұйымдастыруда тиімді оқытудың техникалық құралдарын  таңдауы тиіс.

Электрондық басылым – бұл графикалық, мәтіндік, цифрлық, музыкалық, видео, фото және т.б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің жиынтығы. Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск т.б.), оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т.б.) электронды тасушыларда болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін.

Электронды оқу басылымдары (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары (пособие) – білімді бақылауға және автоматтандыруға, сондай-ақ тиімдеуге негізделген, оқу курсы мен оның жеке бөлімдеріне сәйкестелінген, білім беру траекториясы мен әр түрлі оқу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік беретін электронды басылым.

Сандық білім беру ресурстары — мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен білгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен.

Сандық білім беру ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады: өткен тақырыптағы білімді еске түсіру, оқушылардың білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау, үй тапсырмасын тексеру.

СБР – оқу процесін ұйымдастыруда көмекші құрал. Мысалы:

— әртүрлі сандық объектілерді пайдалана отырып, сабақты құрастыру және модельдеу.

— СБР кешендерінен қажетті ақпаратты тез іздестіріп табу.

— бақылау және өздік жұмыстарды дайындау;

— шығармашылық тапсырмалар құрастыру;

— СБР-ның сабақты өткізудегі тиімділігі.

— сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық проектор арқылы демонстрациялау;

— зертханалық жұмыстарды орындауда электрондық микроскоп, интерактивті модельдерді пайдалану;

— білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану;

— сабақ үстіндегі оқушылардың  СБР арқылы жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары.

СБР – оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы тиімділігі.

—  үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, қабілетті, дарынды оқушылардың оқытудың зерттеушілік-ізденушілік деңгейі көтеріледі;

—  кез келген уақытта оқушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз біліміне автоматты бақылау құрылғы жақсы, өте жақсы бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі жоғарылайды;

—  баяндама, ғылыми жоба, конференция, презентациялар дайындауда биологиялық объектілердің үлкен жинағы болып табылады. Оқушы сабаққа, сыныптан тыс жұмыстарға қажетті қызықты мәліметтер мен деректер жинақтай алады;

—  энциклопедиялық бағыттағы сұрақтарға жауап ала алады;

—  мультимедиялық анықтамалық – сөздіктерді, анықтауыш – атластарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқушылардың шығармашылық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді;

—  оқушының өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін ескере отырып, жаңа білімді оқып-үйренеді;

—  оқушыларды қазіргі ақпараттық технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.

Оқу процесі барысында сандық білім ресурстарының көптеген түрлері қолданылады: анимациялар, интерактивті суреттер мен схемалар, интерактивті тапсырмалар. Сабақ кезеңдерінде олардың әрқайсысын жан-жақты пайдалану қажет. Сандық білім беру ресурстары табиғи объектілер мен көрнекі құралдарды толықтырып отырады. Бұл кезде мұғалімнің оқыту барысында белгілі бір жағдайға бейімдеуге, оқушылардың дайындық деңгейін ескеріп, оқушылардың жеке шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндіктері мол.

Интерактивті суреттер – интерактивті модельдердің қарапайым түрі. Ол суреттер екі режимде жұмыс жасайды. Бірінші режим – демонстрациялық, екіншісі – тестілік.

Тестілік режимнің тиімділігі – оқу материалын бекітуде, оқушы суретке берілген сипаттамалардың ішінен дұрыс жауапты таңдауы тиіс. Тапсырма орындалған соң, автоматты түрде тапсырманың жауабы тексеріледі. Оқушы  білімін сыныпта, үйде дербес компьютерде интерактивті суреттермен жұмыс жасай отырып, тексере алады.

Сабақты компьютерлік сыныпта өткізген кезде оқушыларға әртүрлі күрделіліктегі тапсырмаларды орындатуға болады: құбылыстар мен процестерді сипаттау, анимациядағы сұрақтарға жауап беру, анимацияларға сүйене отырып, тірек-конспектілер мен сұрақтар дайындау.

Қазіргі кездегі сабақтардың көрнекі құралдарына оқу видеофильмдері ерекше орын алады. Видеофильмдер көрсетілмес бұрын оқушыларға сұрақтар қойылады, оқушылар ол сұрақтарға видеофильмді көріп болған соң жауап береді. Бұл оқушылар бойында алдына мақсат қойып, сабақтың тақырыбына деген оқушылардың қызығуын туғызады. Видеофильмдердің дауысын басып қойып, оқушылар жүріп жатқан көріністерге өздігінен комментарий жасайды. Видеофильмдерді Жер шарындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің көптүрлілігін таныстыруда тиімділігі жоғары екені мәлім.

Білім беру үрдісінде биология пәні мұғалімдері төмендегі сандық білім беру ресурстары қолданады:

—  Биология. Лабораториялық практикум. 6-11 класс. (2 CD), 2004.

—  Биология. Репетитор 1- С, 2005.

—  Электрондық көрнекі құралдар кітапханасы. Биология 6-9 класс, 2003.

Оқыту барысында қолданылатын әдістемелерді дұрыс таңдап, оқыту үрдісі мақсаттары мен талаптарына сай жетілдіріп, қарқындылығын арттыра түсу қажет. Ақпараттандырылған оқыту барысында сандық оқыту құжаттары, компьютерге арналған ойындар, мерзімді электрондық құралдар, оқу құралдары мен оқу порталдарын құрастыру көзделуі керек. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу. Тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда электрондық оқыту жүйесі мен оның берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.        Қазақстан Республикасының президенті Қ.Ж. Тоқаев халыққа Жолдауы (2020 жыл)

2.        Көшімбетов С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері – А: Білім, 2008 жыл)

3.        Раджерс Э. Инновация туралы түсінік (Қазақстан мектебі 2006 жыл)

4. Сибагатова Г.К. Образовательные технологии в практической  деятельности   студентов вузов. Дисс… к.п.н. : 15.01.04. – Атырау, 2004.

• http://sabaq.kz/702/12

• http://school–collection.edu.ru

• http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/informatika/informatika/8-1-0-1237

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype