+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Лэпбук» технологиясын (lapbook лепбук) бастауыш сыныптарда ағылшын тілі сабақтарында қолданудың тиімділігі

Əубəкірова Лимара Қайырбекқызы, «Қазақстан орта мектебі» КММ-нің ағылшын тілі мұғалімі, Зайсан ауданы

Қазіргі білім беру жүйесінің маңызды міндеті - әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру, нақты пәндік шеңберінде білім меңгеруді ғана емес, "оқуға үйрету" құзыретін қамтамасыз ету болып табылады.

Педагог жұмысының мақсаты: тұлғаның өзін-өзі дамытуы, білім алушыларды интербелсенді, іздену-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы шет тілін менгерту. Оқушылардың білімі өз іздеулерінің нәтижесі болуы үшін осы іздеулерді ұйымдастыру, оқушыларды жетелеу, олардың танымдық қызметтерін дамыту қажет.

 

Лэпбук (lapbook) дегеніміз не?

Егер сөзбе-сөз аударсаңыз, онда лэпбук — бұл тізедегі кітап. Басқа атаулары да бар: тақырыптық қалта, интерактивті қалта, жобалар қалтасы. Бұл қалталары бар шағын кітаптар, оқушылар өз қалауы бойынша алып салуға, ауыстыруға, бүктеуге болатын интерактивті кітап. Онда белгілі бір тақырып бойынша материалдар жиналады, таңдалған тақырып бойынша ақпарат, жұмбақтар, ребустар, әр түрлі деңгейдегі лексикалық және грамматикалық тапсырмалар, сондай-ақ ауызша жауап беру үшін сөйлеу үлгілері жинақталады.

Кез келген ыңғайлы уақытта білім алушы лэпбукты ашады және қуанышпен өз қолымен жасалған «кітапты» қарап, өткенді қайталайды.

Білім алушы өз бетінше ақпарат іздеуді және ақпарат құрылымдауды үйренеді. Жұмыстың бұл түрі әртүрлі деңгейдегі оқушыларға жарайды. Лэпбукты құру кезінде білім алушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді, білім-дағдыларын көрсетеді, нәтижесінде шет тілін үйренуге қызығушылық пен ынтаны арттырады. Лэпбук полифункционалды, есте сақтау, зейін, логика, танымдық, зерттеу және білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпалы зор.

Өз тәжірибеме келсем, ағылшын тілі сабақтарында 2-сынып оқушылары «Түстер», «Сандар», «Күнделікті әрекеттер» тақырыптары аясында лэпбуктер жасайды. Бұл тақырыптар бойынша негізгі лексиканы бекіту ғана емес, сонымен қатар сөздермен сөйлемдер құруға көмектеседі. Лэпбуктер жаңа ақпаратты тез және тиімді игеруге және білгендерін ойын-сауық түрінде бекітуге көмектеседі. Тақырыптық лэпбуктар қызықты дизайнда болуы мүмкін.

Лэпбуктар балалардың 5 жасынан бастап қолдануға ұсынылады. 7-8 жастағы балалар өздері идея ойлап тауып, өздерінІң лэпбуктерін жасай алады. Лэпбуктерді жеке де, топтада да жасауға болады. Жұмыстың екі нұсқасы болуы мүмкін: мұғалім тапсырмаларды оқушылар арасында таратады және барлығы бірге бір қалтаны жинап, толтырады. Немесе мұғалім шеберлік сабағын көрсетеді, ал балалар оның көмегімен папканың әр данасын жасайды.

Тақырыптық қалталардың түрлері (мақсатына байланысты):

—  оқытуға арналған;

—  ойынға арналған;

—  құттықтауға арналған;

—  мерекелік;

—  автобиографиялық (баланың өміріндегі маңызды оқиға туралы папка-есеп: саяхат, циркке саяхат, демалыс және т. б.)

Түріне қарай:

—  бір бетті;

—  екі бұрылысы бар стандартты кітап;

—  3-5 бұрылысы бар қалта;

—  «гармошка» кітабы т.б.

Лэпбуктың дайын үлгілерін тегін жүктеуге болады, сілтеме беріп отырмын https://drive.google.com/file/d/0BzJqd4ZKCnroVUV0Qkd0T3VQZWc/view

Мұндай шығармашылық процесінде бала өзінің жеке кітабын жасаушы ғана емес, сонымен қатар дизайнер, суретші-иллюстратор, өз әңгімелерін, жұмбақтарын, өлеңдерін құрастырушы болады. Мұндай қызықты жұмыс формасы баланың жеке басының дамуына, мотивациясы мен қабілеттеріне жағдай жасайды.

Қорыта келсем, негізгі шарт — лэпбукта жиналған барлық ақпарат белгілі бір тақырыпқа сәйкес келуі керек. Барлық материалдар сызбалар, шағын мәтіндер, диаграммалар, графиктер, рифмалар, ойындар түрінде беріледі.

Лэпбук бір уақытта жасалмайды, бүкіл тақырыпты зерттеу барысында жиналады. Бұл өткен материалды бекітудің тамаша құралы. Оны кез келген білім беру сабақтарына қолдануға болады.

Лэпбук жасау үшін оқушыларға қажет заттар: қағаз парақтары, альбом, қайшы, желім, түрлі-түсті қағаз, скотч және т.б.

Лэпбуктың ерекше «ерекшелігі» — дидактикалық материалы бар көптеген қалталар. Мұндай қалталарда тақырыптық суреттер, сөздер, қысқа сөйлем мен мәтіндер, ойынға арналған тапсырмалар болады және т.б.

Қолданылған әдебиет:

https://practicalpages.wordpress.com/free-pages/free-lapbook/

https://nitforyou.com/lepbuk/

https://www.eslprintables.com/vocabulary_worksheets/face_and_body/body_parts/Parts_of_body_for_a_lapbook_953668/

https://interaktivnye-tetradi.com/it-oto/

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype