+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын әрекеті арқылы дамыту

Салыкбаева Токжан Айтмухамовна, ЖШС «Erudit Kids» балабақшасының тәрбиешісі, Семей қаласы

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, адамдар еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.

 

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес», – дейді орыстың көрнекті қайреткері В.А Сухомлинский. Мен жалпы өз іс-тәжірибемде оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беремін. Балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып, олардың айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге бағыттаймын. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде: – балалардың сөздік қорларын дамыту; – жаңа іс-қимылдарын меңгерту; – үйренген сөздерін, іс-қимылдарын тиянақты, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады. Осы аталған міндеттерді үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отырамын.

Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту.Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

Күнделікті топта баланы ойынға қызықтыра отырып оқу – іс-әрекеті кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру. Баланы өжеттілікке, шапшаңдылыққа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа үйрететін де ойын. Балалардың тілін дамытуға бағытталған дидактикалық ойындар: жаңылтпаштар, санамақ, «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Малдың төлін шақыру» т.б. Балалардың тілін дамытуға байланысты сабақтарда жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді. Баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға, сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді. Дидактикалық ойын арқылы ойлау, сөйлеу, қиялдау, тілін дамыту, сонымен қатар өз ойларын толық жеткізе білу, сауаттылығын ашу. 1-кіші топта жұмыс жасаған кезімде тіл дамыту сабағында тақырыбына қарай мынандай дидактикалық ойындарды пайдаланамын. 1-кіші топта дидактикалық ойындардың жеңіл түрі ойнатылады. «Дауысын сал» ойынының шарты: кубик арқылы ойнатамын бала кубикті лақтырып қандай жануар түссе, сол жануардың дыбысын салады. Сол сияқты «Қимылын көрсет» ойынының шарты: айтылған заттардың қимылын көрсету, мысалы: қоян, ұшақ, аю, бақа т.б. «Ғажайып қалта» ойынының шарты: қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау, мысалы: алма, доп, мысық, орындық т.б.

Қорыта келе айтқанда: Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын — балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан-жақты дамуын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын — бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан, жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype