+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Қош келдің, Әз Наурыз!

Кумарова Назым Советхановна, «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчёлка» бөбекжайы» КМҚК қазақ тілі пәні мұғалімі

Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәтінде қазақ халқының ұлылығын дәріптей түсетін Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы тойланып, Жаңа жылымыз басталады. Бұл – ақ түйенің қарны жарылған күн, ырысты, ынтымақты ұлы той. Ел ынтымағын арттыруда Наурыз мейрамының алатын орны ерекше. Бұл күні араздасқан ағайын бір-бірімен табысып, ағаттыққа кешіріммен қараған. Бірлікті, ынтымақты ту еткен мерекені жаңа өмірдің, жаңғырудың бастауы деп қабылдаған. Халқымыз үшін Наурыз – жыл басы. Бұл мезгілдің біздің балабақша үшін де маңызы зор. «Пчёлка» балабақшасында ұлттық құндылықтардан сыр шертетін мерекелік шара ұйымдастырылды.

 

Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз мерекесіне балабақша балғындары айрықша әзірленген. Тілдері бал бүлдіршіндер тақпақ айтып, ән салды, би биледі, ұлттық ойындарды ойнады. Оның үстіне бұл мереке мұнда жылдағы дәстүрінен жаңылмай көпшіліктен бұрын тойланады. Мерекелік іс-шара қазақ тілі пәні маманы Жанахметова Айдана Қанатқызының екі тілде айтылған құттықтау сөзінен басталды. Сахна төрінде тұрған «тілек ағашына» балалар ән, би, наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын, сүйікті Отанына арналған тілектерін айтып. түрлі түсті ленталар байлады. Мерекенің басты кейіпкері Алдар көсені сомдаған дене шынықтыру нұсқаушылары Кирсантова И.И., КопейкинаА.А. балалармен «Гүл алу», «Шаңырақ» ойындарын музыкалық әрлеумен қызықты өткізді. Қазақтың ұлттық биі қара жорғаны даярлық тобының тәрбиеленушілерінен құралған бишілер мың бұралып керемет биледі. Балабақшамыздың хореграфы Савченко И.В. еңбегінің зор үлесі болды. Балалардың қазақ орыс тілдерінде шырқаған әндерімен құлақ құрышын қандырдық. Балабақша музыканттары Степурина С.Б,Бородавкина Е.В. мерекелік іс-шараның басынан аяғына дейін мереке тақырыбына байланысты әуендермен әрлеп отырды. Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарды мәнерлеп айтуда Салимбаев Әбілмансұр, Ластаева Карина, Нартова Елизавета, Жомартұлы Азамат ерекше көзге түсті. Мерекелік іс-шараның басты кейіпкері Алдар көсенің «тілек ағашын» сиқырлап, сиқырлы сөзді балалармен қайталап, гүлдендіруімен тәмәмдалды. Мерекенің соңында балабақша директоры Мусина Н.Б. балаларды ақ жарма тілектерімен құттықтады. Балабақшада өткізілген шара балалардың жас ерекшеліктеріне сай, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуымен ұйымдастырылды.

Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат – салт-дәстүр, наурыз құндылықтарын дәріптеу болатын. Бұл бала тәрбиесіндегі басты қағида. Ал оған кез келген бала жұмыла қатысып жатса, ұлттық тәрбиенің мақсат мұраты орындалды дей беріңіз. Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Деніміз сау болып, еліміз аман болсын!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype