Манабасова Б.А., «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ-нің дене шынықтыру мұғалімі ,Өскемен қаласы
Инклюзивті білім беру — бұл барлық балалар, олардың физикалық, психикалық, зияткерлік және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне кіретін оқыту. Инклюзивті білім беру аясында бала оқу процесіне бейімделмеуі керек, керісінше – оқытудың сипаты мен қарқыны баланың қажеттіліктеріне бейімделеді. Балалар өсіп келеді, олар қозғалуы керек. Спорт, дене белсенділігі, ашық ойындар олардың дамуына көмектеседі, бұл осындай балаларды оңалтудың ең жақсы тәсілі. Дене тәрбиесіз толық инклюзив мүмкін емес.
Ерекше балалармен жұмыс істейтін мұғалім олардың дамуында тек оффлайн кездесулердің көмегімен ғана ілесе алады деп саналады. «Көзбе көз» байланысы, баланы алдында көру мүмкіндігі, оның көңіл-күйіндегі өзгерістерді байқауы (және оларға тез жауап беру!), баламен байланыс орнатуға көмектесетін тактильді байланысу және басқа да мүмкіндіктерді, COVID- 19 коронавирус жұқпалы ауруы пандемиясы кезеңінде жоғалтты. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында балабақшаның оқу процесін қашақтықтан ұйымдастыру міндеті тұрды.
Онлайн оқытудың бірнеше түрлері бар. Біріншіден, бұл жеке және ұжымдық нысандар. Сонымен қатар, асинхронды оқыту. Яғни оқушы аяқталған тапсырмаларды жіберіп, кері байланыс алады, бірақ оларда нақты оқу кестесі жоқ. Балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру өткізу мақсатында жеке оқыту және асинхронды оқыту әдісін қолдану шешімі қабылданды.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізілген қимыл-қозғалыс ойынның қызықты өтуі мұғалімге, яғни нұсқаушыға байланысты. Қимыл қозғалыс әуенді, ырғақ және қысқа сөйлемдерден құралу керек. Ойынның мазмұны түсіндіру, балалардың назарын аудару үшін мұғалімнің сөйлеу мәнері ашық, анық болу қажет. 2020 жылы қыркүйек айынан бастап бірінші жыл орталыққа келген орта топпен жұмыс басталды. Бір жарым ай өткенен соң, сабақ онлайн режіміне көшті. 15 баламен сабақ өткізу барысында оқытудағы келесі проблемалар анықталды.
- Мүмкіндігі шектеулі балалармен қашықтықтан байланыс орнату күрделі үдеріске әкелді;
- Оларға жақын емес, экранда тұрған адаммен сөйлесу оңай болмады. Балалар мұғаліммен байланысқа шықпады, экранға жақындамады, тығылды немесе қашып кетті.
Дегенмен, бірінші онлайн сабақ барысында мәселені шешіп, сабақ өткізуге мүмкіндік туды. Бұл балалардың педагогпен бұрыннан таныс болуының арқасында мүмкін болды. Бір ай бойы балалармен оффлайн түрде сабақтар өткізілді. Сабақ кезіндегі мұғалімнің жағымды, әсерлі интонациясы және таныс дауысы үлкен рөл атқарды.
Балаларға эмоционалды әсер интонацияның көмегімен жүзеге асырылады. Адам интонациясы қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады, яғни ақпаратты қабылдауға, орындауға өтімді құрал болып табылады.
Балалар экран алдына байланысқа шықпағандықтан, таныс, құлаққа жағымды қимылды ойыннан бастау туралы шешім қабылданды. Дауыстап «Бөрте лақ» ойынының өлеңі оқылды:
«Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке-ақ.
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп»
Таныс дауысты естіген балалар назар аударып, телефонға жүгіріп, ойнай бастады, аналар да қосылды. Тек содан кейін олар тақырыппен және жалпы дамыту жаттығуларын жасай бастады.
Онлайн режимде жұмыс тәжірибесін қорытындылай келе, әрі қарай зерттеу және онлайн дене шынықтыру сабағын өткізуде пайдалану үшін келесі кеңестер алынды.
- Әр бала үшін жеке білім траекториясын жасау керек;
- Мектеп жасына дейінгі балаларға қашықтықтан сабақ жүргізу үшін, мұғалім балаларға алдан ала таныс болуы шарт;
- Мұғалімнің интонациясы мен мимикасы өте маңызды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Банч, Г. О. Роль лидерства в развитии инклюзивного образования / Гэри Оуэн Банч, Н. А. Ряписов // Сибирский педагогический журнал. 2017. № 6. С. 108-114.
- Сатхуцишвили, М. К. Развитие творческих способностей у детей с ограниченными возможностями здоровья в учреждениях дополнительного образования / М. К. Сатхуцишвили, А. В. Нуждина // Внешкольник. 2017. № 1.
- Тимофеева, А. А. Игровые упражнения в коррекции нарушений устной и письменной речи у младших школьников / А. А. Тимофеева // Логопед. 2018. № 1.
- Сидельникова, А. А. Сенсорные игры с мешочками для льда / А. А. Сидельникова // Современный детский сад. 2018.