Кемелбаева Гулнара Увалиолдановна, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ-нің жоғары санатты тәрбиешісі
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ-де балалармен күнделікті «Үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша жұмыс жасаймыз.
«Үлгілік бағдарламаның» ерекшелігі – тілдері дамымаған балалармен жұмыс.
Топтағы балалардың басым көпшілігі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖТД) және психикалық дамуында тежелісі бар балалар (ПДТ). Мұндай континентегі балалардың тілдері, фонетика–фонематикалық есте сақтауы, ойлау қабілеттері, жалпы моторикасы және ұсақ моторикасы дамымаған. Сондықтан да біздің алдымызға қойған мақсатымыз — балалардың тіл байлығын молайтып, дұрыс сөйлеуін, ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.
Өзімнің балалармен күнделікті жүргізілетін ұйымдастырылған оқу қызметінің бір түрін төменде ұсынып отырмын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті орта топ балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкес дайындалған. Оқу іс-әрекетінде ертегінің мазмұнымен таныстыру, мәнерлеп оқып беру, сұрақ-жауап арқылы хайуанаттар мінезі, дауыс ырғағы жайлы және сөйлеу, тіл байлығын, танымдық қабілетін, сөздік қарым-қатынастарын нығайту қарастырылған. Бұл баланың ақыл-ойының дамуына толық әсер етеді.
Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы/бөлімі: Коммуникация/Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Үш аю» орыс халық ертегісі (мәнерлеп оқу)
Сабақ мақсаттары:
Тәрбиелік мақсат: ертегі кейіпкерлеріне деген мейірімділік қатынасты және тіл алуға, үлкендерді тыңдауға тәрбиелеу.
Білімділік мақсат: балаларға ертегіні таныстыру, ертегі мазмұнын түсініп, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге және ертегіні аяғына дейін тыңдауға дағдыландыру;
Дамытушылық мақсат: сұрақ-жауап арқылы балалардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сөздік, көрнекілік
Көрнекіліктер: кейіпкерлердің суреттері, аюдың іздері, бетперделер
Билингвальді компонент: үш аю – три медведя, адасты – заблудилась
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің оқу қызметі | Балалардың іс- әрекеті |
| Мотива -циялық қозғаушы Іздеу- ұйымдас-тырушы Рефлекция — лық түзетуші | Балалар топқа кіреді (қонақтармен амандасады) Балалар, біз бүгін сендермен ертегіге қонаққа барамыз. Балалар, қараңдаршы, көп іздер жатыр, іздер бізді ертегіге апарады. Қалай ойлайсыңдар, бұл ненің іздері болуы мүмкін?Оны білу үшін мына жұмбақты шешуіміз керек. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. Иә, дұрыс айтасыңдар, аюдың іздері. Балалар, іздерді басып, ақырын барып орнымызға отырайық. Балалар, бүгін біз сендермен «Үш аю» орыс халық ертегісімен танысамыз. Ертегідегі кейіпкерлер әке аю – Михаил Иваныч, шешесі – Настасья Петровна, олардың балалары – қонжық және кішкене қыз — Маша. Мен сендерге ертегіні оқып беремін, зейін қойып мұқият тыңдап отырыңдар.Балалар, ертегі ұнады ма?Сөздік жұмыс: адасты деген ол үйін іздеді деп түсінуге болады. Адасып кеткенде қандай дауыс шығарамыз?Қане, бәріміз бірге айтайық. Суреттер бойынша сұрақтар қою (жауап айтқан соң суретті қойып отыру) Маша адасып қайда келді? Ормандағы үйде нелер тұрады?Маша үстелден нені көрді? Қай ыдыстағы ботқа ұнады?Маша кімнің орындығын сындырды?Маша кімнің төсегінде ұйықтап қалды?Аюлардың даусынан оянған Маша не істеді?Балалар, біраз шаршадық, қане кішкене аюмен ойын ойнайық Ойын: «Аю – аю тұршы» Мақсаты: балалардың тілдерін, есте сақтау қабілетін, дене мүшелерінің қозғалысын дамыту. Балалар, аюлардың ашулы, ренжіген жерінен үзінді оқып берейін. Аюлардың дауыстары бірдей ме, әлде әртүрлі ме?Әке аю — ашулы, ана аю — мейірімді, кішкене қонжық – ренжулі. Қазір біз осы аюлардың даусына келтіріп айтып көрейік. Қорытынды: ертегі қалай аталады? Қалай ойлайсыңдар, Маша рұқсатсыз аюлардың үйіне кірді, дұрыс істеді ме? Балалар, біз ертегіні оқып, бөтен үйге кіруге болмайтынын, бөтен затты рұқсатсыз алмауды түсіндік. Балалар, сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар, әсіресе мына балалар өте жақсы қатысты (атап айту) Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін «Үш аю» сендерге мына жидектерді сыйлыққа қалдырып кетіпті. | Жұмбақтың шешуі — аю Балалар тақтаға ілініп жатқан кейіпкерлердің суретімен танысады Балалар зейін қойып тыңдайды А-у-а-у-а-у! Балалар сұраққа жауап береді Әуенмен қимыл-қозғалыс жасайды Балалар аюлардың даусына салып қайталайды (саусақ театрымен) Сұрақтарға жауап беріп, сабақты қорытады Балалар жидектің иісін, дәмін сезінеді |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: ертегі мазмұнын түсінеді;
Нені меңгерді: мәтін бойынша, сұрақтарға дұрыс жауап береді;
Нені біледі: балалар өз ойларын жеткізеді.
Көрсетілген ұйымдаастырылған оқу іс-әрекеті бойынша талдау:
Сабақта ойын, сөздік, көрнекілік тәсілдері және жеке, топпен жұмыстар жүргізілді.
Кіріспе бөлімінде жалпы моторикасын дамыту, сөздік қорын молайту, зейінін тұрақтандыру:
- сурет бойынша әңгімелеген себебім, карточкасыз (суретсіз) балалар естерінде сақтамайды, сондықтан балаларды қызықтыру және естерінде сақтау үшін қолдандым, балалар көру арқылы (визуалды) есте сақтайды;
- адасып кеткенде қандай дыбыс шығарамыз дегенде «ау – ау – ау», ол -артикуляциялық жаттығу болып саналады;
- дидактикалық ойын: «Ыдыстарды тарат» — математикамен байланысты салыстыру – үлкен, кішірек, кішкентай және ыдыстың түсін, қай аюға арналғанын сипаттау арқылы тілдерін дамыту;
- аюлардың дауыстарына салған – дыбыстық еліктеу (звукоподражание).
- сұрақтарға жауап бергенде балалар ертегінің негізгі мазмұнын, көркемдік мәнерлік құралдарын меңгерді.