+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектепалды даярлық тобында «Есеп және оны құрылымдық элементтерімен» таныстыру

Тлеукенова А.Б., ШҚО ББ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ-нің 2-ші санатты тәрбиеші

Оқу қызметінің әрбір этабын ұтымды ұйымдастыру, оны бірі-бірімен байланыстыру, сабақта балалардың қызығушылығын жоғалтпай белсенді жұмыс атқаруына жағдай жасау, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуына, ақыл-ойын белсендіруге, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.  Төменде ұсынылып отырған ҰОҚ жоспарында осы аталған мүмкіндіктер қамтылып,  мектепалды даярлық жасындағы балаларға есеп және оның құрылымдық негіздері туралы түсінікті қалыптастыруға негізделген.

Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Топ: №12 «Балауса»  мектепалды даярлық  тобы

Білім беру саласы/ бөлімі: «Таным»/ «ҚМТҚ»

Сабақтың тақырыбы: «Есеп және құрылымдық элементтері – шарты, сұрағы, шешуі, жауабы туралы түсінік.

Тәрбиелік мақсаты: өз бетінше, жұппен, топпен келісе отырып  жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты: балаларды көрнекі материалдар арқылықосу және азайту амалдары арқылы қарапайым арифметикалық есептерді құруға, шеше білуге үйрету.  Есеп және оның құрылымдық  элементтері –шарты, сұрағы, шешуі, жауабы туралы түсінік беру.

Түзете-дамытушылық мақсаты: танымдық,  логикалық ойлау қабілеттерін,  зейіндерін, ауызша есептеу дағдыларын  дамыту.

Пәнаралық байланыс: «Әлеумет», «Денсаулық», «Коммуникация»

Әдіс- тәсілдер: ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық.

Көрнекіліктер:  суретті есептер, есептің құрылымының суреті; жеке тапсырмалар, қарындаштар, дидактикалық ойынға қажет құралдар.Билингвальды компонент: есеп-задача

Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің қызметіБалалардың әрекеті
Мотивациялық Қозғаушы        
Іздеу-ұйымдастырушы


                                                                                                                                                                                                                           



















































































Рефлексиялық түзетуші
Сабаққа  дайындық «Кинезиологиялық жаттығулар» -Қарама-қарсы қимылдар; -Құлақ пен мұрынды қолды айқастыра кезекпен ұстау; -Нейрожаттығу.   -Балалар, бүгінгі математика сабағына Математика ханшайымы қонаққа келді. Оның сендерге дайындаған тапсырмалары бар екен.  Қанеки, олай болса Математика ханшайымының тапсырмаларын орындайық.
1-тапсырма «Математикалық бойжазу»  «Мен айтқан  саннан екіге артық санды ата» д/о Допты қағып алған бала шарты бойынша атайды. «Артық сөзді тап» : Таңертең, кеш, сенбі, түн;                                    Дөңгелек, текше, үшбұрыш, шаршы;                                    Желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз.   Жаңа сабақ -Математика ханшайымының 2-тапсырмасы сендерге мынандай сурет беріп жіберген екен. Сурет арқылы не істеуіміз керек, қалай ойлайсыңдар? -Дұрыс айтасыңдар. Балалар, ендеше бүгін біз есеп және оның құрылымымен  танысатын боламыз. Сурет бойынша есептің құрылымын түсіндіру -Джунглида 6 арыстан  жүр еді.  Оған  тағы екеу келіп қосылды. Есепте бізге мәлім нәрсе  ШАРТЫ  деп аталады. -Джунглида барлығы   неше арыстан болды? Ал табу керек нәрсе — есептің СҰРАҒЫ. Осы есепте бізден нені сұрап тұр? -Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу керек? -Есептің шешімін қалай табамыз? Арыстандар көбейді ме әлде азайды ма? -Дұрыс, есептің шешімін табу үшін  7 ге 2 ні қосамыз. Бұл есептің шешімі болды. -Және балалар, ең соңында есептің жауабы болады. Мына есептің жауабы  — джунглида 9 арыстан  болды. -Сонымен, балалар, есептің құрылымын тағы бір қайталайық: кез-келген есептің міндетті түрде  шарты, сұрағы, жауабы және шешімі болады. Егер бұлардың сұрағы немесе шешімі, шарты  болмаса есеп болмайды екен. Есептің жауабын табу үшін қосу немесе азайту арифметикалық амалын қолданып, есептің шешімін табамыз.         -Балалар, тыңдайық.  Орманда арыстандар жайылып жүр. Екеуі кетіп қалды. Қалай ойлайсыңдар, бұл есеп бола ма? -Неге есеп емес?   Бекітуге арналған тапсырма Математика ханшайымының келесі тапсырмасы: Тақтадағы сурет бойынша азайту амалына  арналған есептің құрылымын айта отырып, шығару.
Жұптық жұмыс: көршісімен бірге сурет бойынша есеп құрастырып,  кестеге кеспе цифрларды қойып, өрнекті құрайды. Әр үстелдегі балалардан: есептің шартын,  есептің сұрағын, есептің  шешімін, есептің  жауабын  сұрау.  
Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық, Алақанды соғайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Алға қадам жасайық, артқа қадам жасайық, Бір отырып, бір тұрып, Орнымызды табайық.   Математика ханшайымының келесі тапсырмасы:  «Логикалық есептерді жылдам шығарайық» 1.Бір алма берді анасы
Аз деп тұр баласы
Екеуін тағы беріп еді
Нешеу болды ойланшы?  
2.Далада жүр төрт түйе
Қосылды тағы үш түйе
Жалпы саны түйелердің
Болды неше, есепте ?  
3. Айманда болды он алмұрт
Әселге берді екі алмұрт
Айманның қалды қолында
Неше алмұрт тез ойла?  
4. Далада жүр екі ешкі
Қорада тұр екі ешкі
Болады барлығы неше ешкі?  
Математика ханшайымының келесі тапсырмасы: -Балалар, осы графикалық тапсырманы дұрыс орындасаңдар Математика ханшайымының сендерге сыйлығын табасыңдар. Тапсырманы орындау үшін оң және сол қолымызды шатастырмай бір көтеріп қояйық. «Графикалық диктант» Сызба бойынша әр бала графикалық тапсырманы орындайды. Соңында Математика ханшайымының сыйлығы  білім әлеміне кілт шығады.   -Балалар, қолдарыңда Математика  ханшайымы берген білімнің кілті бар, сондықтан келесі тапсырманы орындау оңай болады деп ойлаймын.  «Логикалық қатарды құра» д/о Әр бала кестеге үшбұрыш, шаршы, дөңгелекті көлденеңінен, тігінен қайталанбайтындай орналастырады.   Қорытындылау: -Балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды. -Қане, есімізге түсірейік, бүгін немен таныстық? -Есептің қандай бөліктері болады?   Балалар, математика сабағына барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Математика ханшайымына сендердің жауаптарың ұнады. -Қане, енді өзімізді бағалайық: -Егер сендердің ойларыңша бүгінгі сабақта бәрін түсінген болсаңдар ең жылдам жүгіретін гепардты таңдап, 1 орынға қойыңдар; -Егер сендердің ойларыңша бүгінгі сабақта түсіндім,  бірақ тағы да кішкене көмек керек десеңдер  орташа  жылдамдықта  жүгіретін зебраны таңдап, 2 орынға қойыңдар; -Егер сендердің ойларыңша бүгінгі сабақты  дұрыс түсінбеген  болсаңдар өте баяу қозғалатын тасбақаны  таңдап, 3 орынға қойыңдар;      
  Қарапайым жаттығуларды орындайды     Қызығушылық танытады               Тапсырманы орындап, ауызша есептейді Артық ұғымды тауып, неге екенін айтады         Есеп шығару керекпіз             Шарты деп қайталайды   Барлығы неше арыстан екенін   Көбейді   7+2         Шарты, сұрағы, шешімі, жауабы болады                 Жоқ болмайды, себебі оның сұрағы жоқ.       Тапсырманы орындарында жасайды Цифрлар арқылы өрнекті жазады                   Жаттығуды орындайды                   Ауызша есептерді шығарады                                   Графикалық  тапсырманы орындайды                                     Логикалық қатарды құрайды       Сұрақтарға жауап береді     Өз таңдауларын жасайды Таңдау себебін түсіндіреді

Күтілетін нәтиже:

Білу: Есеп және оның құрылымдық  элементтері біледі.

Меңгеру: Есептің  шарты,сұрағы,шешуі,жауабы туралы меңгерді.

Істей алады: логикалық, ауызша есептеуге арналған тапсырмаларды дұрыс орындайды

Ұйымдастырылған оқу қызметінде түрлі әдіс-тәсілдерді, жеке, жұптық, топпен жұмыс істеу формаларын  қолдана отырып, балалардың аталған тақырыпты меңгеруіне қол жеткізілді. Ми жарты шарларының жұмысын жақсартатын кинезиологиялық және нейрожаттығуларды балалар тек математика сабағында ғана емес, жалпы  күн тәртібінің ақыл-ой белсенділігін қажет ететін кезеңдері алдында қызығушылықпен орындайды. Сабақ барысындағы Математика ханшайымының тапсырмасын орындау мотиві балалардың қызығушылықпен қатысуына себеп болса,  мнемотехника тәсіліндегі символдар есептің құрылымын есте сақтауды жеңілдетті. Парақта бағдарлау мақсатындағы «Графикалық  тапсырманы» осы сабақта балалар өз-өздерін бақылай отырып орындады: реттілігін сақтап, орындалған тапсырманы белгілеп отыру балалардың мұқияттылығы мен назар қойып, зейінді болуын қажет етті. Ауызша есептеу, логикалық қатарды құру тапсырмасын орындау барысында  кейбір балалар өз қателігін түзету мүмкіндігін алды.

Сабақ соңындағы рефлексия кезеңінде балалар өздерін бағалап, өз таңдауларын жасады, таңдау себебін түсіндіріп, кері байланыс орнатылды.  Жалпы ҰОҚ барысында балалар осы уақытқа дейінгі жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесін көрсете білді, «Есеп және оны құрылымдық элементтері» жайлы түсінікті меңгерді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype