Киякпаева Шынар Казыркановна, ШҚО, Көкпекті ауданы, Ж. Шайжүнісов орта мектебі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Дарынды оқушы — бұл жақсы оқитын оқушы ма?
«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат,
қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»
Н.Ә.Назарбаев
Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.
Жалпы педагогика-психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала — ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық — ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға, өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін адам.
Дарындылыққа байланысты көкейкесті сан қилы сұрақтар:
Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не?
Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?
Оқушы дарындылығын, оның әлеуетті қабілетін қалай анықтауға болады?
Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек?
Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гете, Архимед т.б.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал басқа біреулердікі ( Ньютон, Дарвин, Менделеев т.б.) ересек жаста пайда болады?
Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымыарасында жиі кездесетінін дәлелдеді. Дегенмен, П.Торранстың пайымдауы бойынша мұғалімге көп қисынсыз сұрақ қоятын, көбіне, түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы бар, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шығармаған жөн.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық — белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті. Олар:
1. Ақыл-ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.
2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар.
3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.
Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.
Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді. Сонымен дарынды бала- ол кім?
Психологиялық педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталды.
1. Интеллектуалды және ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.
2. Бейнелеу өнері бар бала сурет салуға көп уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауымен, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.
3. Әнге қабілеті бар балалар ән сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.
4. Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.
Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары
Дарынды оқушыны-дарынды ұстаз ғана дайындай алады.
“… Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді.Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай,тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады.” Плутарх.
Арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жүргізгенде төмендегі қиындықтырды кездестіреді:
- Көптеген жағдайда ұстаздар дарынды оқушыға немқұрайды қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;
- Диагностикалық әдістерді білмегендіктен, дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді;
- Дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыс жргізілмейді;
- Дарынды оқушыларға тапсырма дайындағанда олардың қиындығына, сапасына емес, көптігіне көңіл бөлінеді;
- Дарынды оқу жағынан емес,тәрбие жағынан да мұғалімге қиындық туғызады;
- Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілік деңгейі.
Өзіндік дайындығы бар ұстаз төмендегі қасиеттерімен дараланады:
- Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сол бағытта талмай жұмыс істейді;
- Қосымша бағдарламалар жасай алады, оқушы шығармашылығын дамытуда, өздігімен жұмыс істеулеріне қажетті кеңестер бере алады;
- Жұмысқа қажетті ақпарат және түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі тауып, тиімді пайдалана алады;
- Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады, одан қорытынды шығарып отырады;
- Мұндай мұғалімнің жұмысы үнемі нәтиже беріп отырады!
Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі.
Оқушыға нұсқау:Жауап парағының жоғарғы жағына өз аты-жөніңді жаз. Жауаптарыңды ұяшықтарға, мысалы 1- сұрақтың жауабын 1- ретті ұяшыққа, екіншісін екіншіге және т.б.түсіріңдер. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса «++» белгілерін қойыңыздар.
Ата-аналарға нұсқау: Сізге баланың қабілеттерін дамытуда нақты кеңестер мен ұсыныстар айту үшін біз алдымен баланың бейімділігі туралы мағлұматтардан хабардар болуымыз керек. Сізге 35 сұрақ беріліп отыр, ойланып отырып, балаңыздың мүмкіндігін асырып немесе кемітпей жауап беруге тырысыңыз. Жауабыңыз шындыққа жанасуы үшін балаңызды өз құрбыларымен салыстыра отырып жауап беріңіз.
Жауап парағына аты-жөніңізді жазыңыз. Жауаптарыңызды ретіне қарай ұяшықтарға түсіріп отырыңыз. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса «++» белгілерін қойыңыз. Егер қандай да бір себептермен жауап беруге қиналсаңыз, сол жауап ұяшығын бос қалдырыңыз.
Ата-анамен оқушы бірлесе отарып жұмыс жасайды.
Сұрақ парағы
Әрбір сұрақ « сізге ұнайды ма?» сөздерімен аяқталады.
1) логикалық және ойлануға арналған тапсырмаларды шешу;
2) өз бетіңізбен ертегі, әңгіме, повесттерді оқу;
3) ән айтып, әуендету;
4) дене шынықтырумен шұғылдану;
5) басқа балалармен бірге ұжымдық – топтық ойындар ойнау;
6) табиғат туралы әңгімелер оқу
7) ас бөлмесінде жұмыс істеу
8) техникалық нобайлағышпен ойнау
9) тілді меңгеру, ана тілі сөздеріне қызығу мен қолдану
10) өз бетімен сурет салу
11) спорт, қозғалыс ойындарын ойнау
12) балалар ойынын басқару
13) орманға, ен далаға шығу, өсімдік, жануар, жәндіктерді бақылау
14) дүкенге тағамдар сатып алуға бару
15) техника, машина, ғарыш кемелері және т.б.туралы оқу
16) жасырынған сөздерді табу ойындарын ойнау
17) өз бетіңмен оқиға, ертегі, әңгіме құрастыру
18) күн тәртібін сақтап, таңертеңгі жаттығу жасау
19) бөгде адамдармен әңгімелесу
20) үй аквариумын, құстар, жануарлар ұстау
21) өзіңнен кейін кітап, дәптер ,ойыншықтар және т.б.жинастыру
22) ұшақ, кеме және т.б. суреттерін салу және жобалау
23) тарихпен танысу
24) үлкендердің нұсқауынсыз өз бетіңмен бейнелеу өнерінің түрлерімен айналысу
25) спорт туралы кітаптар оқу, спорт хабарларын қарау
26) балалар немесе үлкендерге бір нәрсе туралы түсіндіру
27) үй өсімдіктеріне қарау
28) үлкендерге үй жинауда көмектесу
29) өз бетімен санау, мектепте математикамен айналысу
30) қоғамдық құбылыстар мен халықаралық жаңалықтармен танысу
31) көрініс құруға қатысу
32) секциялар мен үйірмелерде спортпен шұғылдану
33) өзге адамдарға көмектесу
34) бақшада жұмыс істеу, өсімдіктер өсіру
35) өз бетіңмен тігу, кесте тігу, жуу немесе көмектесу
Жауап парағы
Парақ ұяшықтарында барлық сұрақтарға жауап жазылады (қосу және алу таңбаларымен)
Мерзімі: Мектебі:
Аты-жөні:
Сыныбы:
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 |
Баланың тапқырлығын анықтауға арналған тапсырмалар
1. Бөлмеде 4 бұрыш бар. Әр бұрышта мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы-3 мысық отыр. Сонда бөлмеде қанша мысық отыр?
2. Қандай ыдыстан тамақты жеуге болмайды?
3. Бос кесенің ішінде қанша құрт болады?
4. Шелекке салынған қар бөлмеге сағат 5-те әкелінеді. Сағат 6-да қар еріп, суға айналды. Қар қанша уақытта еріді?
5. Бала сағат 10-да ұйқыдан тұрды. Егер ол 2 сағат ұйықтаса, нешеде ұйқыға жатқан?
6. Бауыры 10 жаста, ал ағасы 13 жаста. Бауыры 12-ге толғанда, ағасы қанша жаста болады?
7. Балалар аулада қардан аққала жасады. Серуеннен кейін 18 қолғап кептірілді. Сонда аққаланы қанша бала жасады?
8. Қарындаш 3 бөлікке кесілді. Сонда неше кесінді жасалды?
9. Көлікте 21 жолаушы келе жатты. Аялдамада 5 жолаушыдан басқасының барлығы түсті. Сонда көлікте қанша жолаушы қалды?
10. Үш қоян келе жатыр. Біреуі екеуінің алдында, тағы біреуі екеуінің ортасында, ал тағы біреуі екеуінің артында. Қояндар қалай жүріп келеді?
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант — қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Болашақта Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосатын құдіретті күш-білімге тән болса, білімді тиянақты меңгерту, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу басты ұстаздың міндеті.