+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Тұғырлы Тәуелсіздік, Елім менің!

Бобровникова А., 6 сынып оқушысы ШҚО, Өскемен қаласы, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі,  жетекшісі: Манасбаева А.А

«Егемендік –  бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды  қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі», – деп жырлағандай қазақ халқы  талай  белестерді  бастан өткерді. «Отан оттан да ыстық», «Отан отбасынан басталады»  бекер айтылмаған, қазақ халқының осынау мақалдары соның бір дәлелі сияқты. Осы бір асыл сөздердің астарында қаншама мән-мағына жатыр десеңші?! Ендеше, аға ұрпақтың Отан үшін сынға түскен осынау ерлік жолы, өзінің ұлтын, салт-дәстүрін сақтауға әр заманда көрген қиыншылықтары – бүгінгі ұрпаққа үлкен аманат.

Сондықтан да Өршіл намыс пен мұқалмас жігердің Қайрат, Ербол, Ләззат Сәбира сынды бейнесі болып қалған желтоқсан алауы бізге Отанға деген ыстық махаббат пен ерліктің үлгісін көрсеткендей. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмытылған асқақ армандарымен қайсар рухының жемісі.

Иә, менің де Тәуелсіз Қазақстан елінде тұрып жатқаным қандай ғажап! Менің Отаным – Қазақ елі. Ең бірінші, туған жерім Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Мен өзге ұлт өкілі болсам да, мен де тәуелсіз, егемен елде дүниеге келгеніме, қатты қуанамын. Себебі, мен тәуелсіз елімнің патриотымын.

«Тәуелсіздік»… Осынау тарихқа толы ұлы сөзді естігенде «сонау кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған армандарының айқын көрінісі. Тәуелсіздік қазақ елі үшін, қолға қару алып, атқа қонған ұлтжанды арыстарымыздың парасаты мен ерлігінің жемісі. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақ халқының таңғажайып тарихын, тарихи деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының ерліктері, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-әпкелеріміздің ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейтіні сөзсіз. Тіпті, көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе! Қазақ халқы егеменді ел боламыз, – деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін. Ғасырлар бойы қазақ халқы тәуелсіздікке ұмтылды. Соңғы жүзжылдықтағы тарихи оқиғалар – оның жарқын дәлелі. Әрбір ұрпақ осы арманға қол жеткізуге өз үлесін қосты.  Сондықтан да аға – әпкелеріме мың алғыс… .

Қазіргі жас буын мына біздер бақыттымыз, өйткені тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Бір кездері арман болған азаттықтың жоғары жетістіктері жанымызды жадыратады. Тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай, берік ұстау, бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтар мына біздер тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсініп, қастерлей білу баршамыздың міндетім, – дегім келеді. Тәуелсіздік, ту көтерген тұғырымыз, желбіреген байрағымыз ұзағынан болсын!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype