ЖЕТПИСОВА Р.А., «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ химия, биология пәні мұғалімі, Өскемен қаласы.
Оқушылардың функционалды ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды.
Сырттай бағалау әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің мәлімделген нәтижелерге (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.) сәйкестігіне, сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Іштей бағалау нақты тұлғалық жетістіктерді белгілеу үшін оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау арқылы және МЖБС өлшемдеріне сәйкестігі (аралық және қорытынды бағалау) арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін (білім алушының өзін-өзі бағалауы және жетістіктерін есепке алуы үшін портфолио) бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады: білім алушының оқу жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелерге (өлшемдерге) сәйкестігін бағалау. Бағалауға МЖБС-да және оқу бағдарламаларында мәлімделген барлық білім беру нәтижелері, сондай-ақ негізгі және пәндік құзыреттіліктер жатады.
Мониторинг нәтижелері білім алушының функционалдық сауаттылығының даму динамикасын, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен мектептердің жетістіктерін бағалауды, сондай-ақ стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жаңарту іс-шараларының тиімділігін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.
Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге қызығушылығы оянып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге уйренеді. Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған жаңа инновациялық «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының да басты міндеттерінің бірі — ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады.
Бағалау – оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау «оқыту үшін бағалау» және «оқытуды бағалау» деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс-әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т.б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі. Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:
1. Бақылау;
2. Алынған мәліметтердің интерпретациясы;
3. Бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.
Казіргі кездегі бағалаудың білім үрдісіндегі орны:
- Барлық уақытта да білім, дағдыларды тексеретін әртүрлі тәсілдер болды.
- Тарихи даму сатысында тек тексерудің формалары, бағалау тәсілдері, бағаның балаға әсері, мотивациялық элементтер өзгерді.
Бағалаудың келесі мақсаттарын белгілеуге болады: 1. Оқушылардың қысқа мақсатқа жетуі және оқу бағдарламасына сәйкес жетістіктерінің сараптамасын жасау; 2. Оқу материалдарын меңгерудегі және оқыту үрдісін ұйымдастырудағы оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты орнату; 3. Оқу үрдісін ұйымдастырудағы түзетуді енгізу.
Бағалаудың ұстанымдары де өзгерді:
1). Бағалаудың мақсаты кім жақсы кім жаман екенін анықтауда емес,жоғары нәтижеге жетуге жағдай жасау. Бағалау келесі үздіксіз үрдістің ажырамас бөлігі болып табылады:жоспарлау-оқыту-бағалау-жоспарлау.
2). Бағаланушы мен бағалаушы алдын-ала бағалау критерилерін білуі керек.
3). Баланың даму жағдайынан толық ақпарат алу үшін бағалау критерилері неғұрлым көпқырлы болғаны жөн.
4). Бағалау процедурасының негізгі кезеңі: бағалаушы мен бағаланушының арасындағы кері байланыс.мұғалім ғана емес оқушы да жуық арада қандай жұмыс жасайтынын білуі керек.
5). Бала өзінің әйтеуір бір қабілетін бағалау үшін оның алдында рөлдік модель болуы керек.
Бағалау үрдісіне қойылатын талаптар:
1. Бағалау жүйесі міндетті: оқу материалы қаншалықты меңгерілген,практикалық дағдысы қаншалықты қалыптасқан, басқаша айтқанда-оқу курсындағы минимумды оқушының меңгергенін анықтауға.
2. Оқыту жүйесі міндетті: әр оқушының жалпы дайындығындағы өзгерістерді, және оның әр сферадағы таным әрекеттерін (ақпаратты меңгеру, ақпаратты өңдеу) бақылау.
3. Баға қою механизмінде ағымдағы және қорытынды бағалар туралы мәлімет толығымен жариялы ашық болуы керек.
4. Ондай болмаған жағдайда алдыңғы орынға ақпараттық-диагностиканың орнына бағалаудың жазалау-мадақтау функциясы іске асады.
5. Бағалау жүйесіне оқушы өз жетістіктерін дамытатын,ынталандыратындай механизм жүзеге асуы керек.
6. Оқушы өзін-өзі бағалауда нәтижесін салыстыратын мүмкіндігі болу керек.бағалаудың ашық жүйесі өзін-өзі бағалауға итермелейтін фактор болып есептеледі.
7. Бағалау жүйесі мұғалімдер, ата-аналар,сынып жетекшісінің арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ету керек. Ондай байланыссыз оқу үрдісінде жүйелілік болмайды, яғни оның толыққандылығы жүзеге аспайды.
8. Бағалау жүйесі мектептегі нақты сыныпқа арналған болуы керек. Әр сабақта әртүрлі бағалау ұстанымы болса тиімді болмайды. Бағалаудың айырмашылығы әртүрлі жастағы балаалр үшін әртүрлі болуы мүмкін, тек әр пән үшін әртүрлі емес.
Бағалау жүйесі баланың психикасына әсер етпейтіндей, оның жанын жараламайтындай болып құрылуы тиіс.бұл жердегі негізгі дұрыс жол-оқу үрдісіндегі бағалау жақсы білім алудағы құрал ретінде және кері байланысты жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылуы тиіс. Критериальді бағалау — оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда, білім мазмұны мен мақсаттарына сәйкес, алдын-ала барлық оқушыларға критерилері белгілі, ұжымдық қорытылған, оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үрдіс. Критерийлі бағалауда тек оқушының жұмысы бағаланады; оқушы жұмысы алдын-ала белгілі эталонмен салыстырылады; оқушыға баға қою алгоритмі алдын-ала белгілі, сондықтан ол өз жұмысының деңгейін анықтап,ата-анасын хабардар ете алады; бағалау критериі нақты мақсатқа құрылғандықтан оқушыларға не үйретілгені ғана бағаланады.
Функционалды ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалауға қойылған талаптарды орындау бойынша ұсыныстар:
Мұғалімге — оқытудың сапалы нәтижесін алу үшін критерилерді жасауы керек; өз әрекетін жоспарлауда оперативті ақпараттар алуы; сабақ беру сапасын жақсарту; әр оқушының ерекшелігін ескере отырып жеке даму траекториясын жасау; бағалаудың әртүрлі тәсілдері мен құралдарын қолдану; оқу бағдарламасын жақсарту жайлы ойларын ұсыну.
Оқушыға — оқудың әртүрлі стильдерін пайдалану, ойлау әрекеті, өз түсінігін айта алу; нәтижені болжау үшін бағалау критерилерін білу және түсіну; өзі мен өз құрбыларын бағалай отырып,рефлексияға қатысу; білімін нақты өмір жағдайларында қолдану, сыни ойлау.
Ата-анаға — баланың оқу деңгейін дәлелдейтін мәліметтер алу; баланың оқуындағы дамуды бақылау; баланы үнемі оқу барысында қолдау.
PISA халықаралық зерттеу негізінде қазақстандық білім жүйесінде өзгерді:
- Білім беру мазмұны (стандарттар, оқу бағдарламалары);
- Оқыту нысандары мен әдістері;
- Оқудағы жетістіктерін диагностикалау және бағалау жүйесі;
- Мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;
- Мектепті басқару моделі;
- Мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасы;
- Ата-аналардың оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Бағалаудың ең басты мақсаты, ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына себін тигізу. Ерекше талаптары бар қосымша көмек немесе араласуды қажет ететін баланы анықтау бағалаудың тағы бір себебі болып келеді. Дұрыс жасалған бағалау, нұсқау беру әдісі нені үйреніп, нені жаттап жатқандығы арасындағы белсенді байланысты қамтамасыз етуі керек. Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті сақтап отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата – аналармен мұғалімдер, мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата – аналарын бағалау жүйесінің анық түсінікті болуы.
Дәстүр бойынша бала үлгерімі әрдайым қолданылып жүрген қағаз және қалам арқылы бағалау жұмыс қағаздары, апталық үлгеру тестілері және қалыпты тест арқылы бағаланып келеді. Мұғалімдер білім алушыға баға бергенде өздеріне олардың ата – аналарына және басшыларға оқушыларға көптеген жетістіктерінің дәлелі ретінде сандық көрсеткіштерді берген. Дегенмен, кейінгі кездегі білім беру бағыты көптеген мұғалімдердің баланы бағалайтын және оның өсіп жетілуіне себін тигізетін жаңа әдістерді ашып, зерттеп жатқандығы белгілі. Бағалау әр түрлі мақсаттарға қызмет ете алады.
— Оқушылар өздеріне өздері жауапты болып, білім алу процесін өздері бақылай алатын халге жетеді.
— Мұғалімдер оқу процесін тиімдірек етіп бағыттай алады.
— Мұғалімдер қай оқушыға көмек қажет екендігін анықтай алады.
— Білім берушілер білім алушылардың өсіп жетілу жетістіктерін анықтай алатын болады.
Бүгінгі таңда ынталықпен белсенділікті арттыруда осындай қосымша бағалау әдістері өзін-өзі ақтап отыр. Бағалау процесіне мұғалімдер, оқушылар, ата – аналар және мектеп әкімшілігі қатысуы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың өсіп жетілуін және білім алуын үнемі бақылап отыруы тиіс. Үздіксіз бағалау мұғалімдерге балалар мен олардың жасаған жұмыстары жайлы сөйлесіп, осы мәліметті оқу бағдарламасына бағыттау үшін негіз етіп қолдануына мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»
// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.
2. Б. А. Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.
3. Web-сайтwww.kitaphana.kz
4. http//baq.kz/regional_media/post/24111
5. bilimsite.kz/…/1385-okushylardyn-bilimin-bagalaudyn-adis-tasilderi.html
Ж