+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ – ӨМІРДІ ТАНУ

Кожагумарова Айнур Зарлыковна,

 Қ.Дамитов атындағы ом.бастауыш

сыныптар бойынша директор орынбасары,

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, Катонқарағай ауданы.

Әлемдік білім кеңістігінде адам мүмкіндігінің шексіздігін,өзін-өзі дамыту қабілетіне сенімі мен ерік бостандығын мойындау, абыройын қорғау және адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен сұраныстарын қамтамасыз ету негізгі мақсаттардың бірі.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мектепте өтілетін басқа пәндерден бірқатар өзгешеліктері бар. «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігі сабақ барысында мұғалім тақырыпты өткенде әр түрлі іскерлік ойындарды, психологиялық жағдаяттарды қолдана отырып, әр оқушы өз ойын еркін айта алатындай, жеке мені, өзіндік көзқарасы айқындалатын атмосфера туғызады.

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды. Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

Сабақтың басындағы «тыныштык сәті» кезеңі балалардың көңіл — күйлерін көтеріп,ойлау қабілеттерін дамытып, сабаққа қызықтыруға, зейінін аударуға, сезімдерге берілуге мүмкіндік береді. Олардың ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын қызықты бейнелер елестейді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Тіпті күнделікті сабақтарда өзін ашық көрсете алмайтын тұйық балалар да өздерінің ойларын, көргендерін қызығушылықпен ортаға салады. Сондай — ақ, бала өзінің бастаған ісін соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол аз жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын өзгелердің жасағандарымен іштей салыстырады. Әр жасаған сапалы жұмысының нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі тапсырманы, бұдан да жақсы жасасам деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді. Мысалы, 3 –сыныпта «Өзіңді және басқаларды түсіне білу» сабағында «Арманымның суреті» әдісін қолдануға болады. Оқушылар көздерін жұмып, қандайда бір армандарын көз алдына елестететуге тырысады. Ең маңызды армандарын таңдайды. Содан көздерін ашып, өздерінің армандарының суретін салады. Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығуға болады.

Оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған «Мәтінмен жұмыс», «Әңгімелесу» әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы ерекше. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың танып білуге құштарлығын арттыру мақсатында олардың ойын, жадын, эмоционалдық күйін, еркіндігін дамытуға тақырып мазмұнын түсінуге мүмкіндік беретін сұрақтар түрінде қолданылады. Әрбір бала өзінің пікірін айтып, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады.

Балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін «Өзін-өзі тану» сабақтарының міндетті элементтерінің бірі – «Сабақтың дәйексөзі» болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөздер сабақтың тақырыбына сәйкес алынады. Жаңа тақырыты жете түсінген оқушылар сабақтың дәйексөзін өз пайымдауларымен түсіндіріп береді. Мысалы, сабақта келесі дәйексөздерді қолдануға болады: «Сыйласаң сыйлы боласың», «Cүйіспеншілік-жүректе», «Адам –өз өмірінің суретшісі», «Ақкөңілділік-адам ойының тазалығының көрінісі», « Адамның қадірлісі- жомарт кісі», «Адал адам Отанын сүйеді» т.б.

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында, сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Сабақ барысында балалардың өз ойын еркін жеткізуі, балалардың көбірек сөйлеуі маңызды. Мұғалім тек бағыт беріп, сұрақ қойып негізгі ойды қысқаша жеткізеді. Жеке,топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, әртүрлі кесте, бақылау жұмыстары, пікір алмасулар сияқты танымдық-рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелер туындайды.

«Соңғы тыныштық сәті» кезеңінде сабақ үстіндегі алған білімдерін, жаңа ақпараттарын қорытындылай келе ой бөлісіп, жылы тілектер жүректен – жүрекке ұштасып жатады.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында қолданылатын ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді.

Қорыта келгенде «Өзін-өзі тану-өмірді тану»,- дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат — әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы — адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына — ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атаққа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Өзін-өзі тану» пәнінен оқу бағдарламасы
  2. Әлқожаева Н. Қазіргі кезде білім беру парадигмалары контексінде

тұлғаның рухани дүниесін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Монография. – Алматы 2012

  • «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасы: орта

білім беру ұйымдарына арналған. 10-11 сыныптар. Алматы:
«Бөбек» ҰҒПББСО, 2017 ж.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype