+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оқыту мен оқу үдерісінде Lesson Study-ді қолдану

Шығыс Қазақстан облысы  білім  басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №49 орта мектебі Абилтаева Гульмира Казакеновна, бастауыш сынып мұғалімі,  педагог-зерттеуші.

        « Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін нәрсе, ол – білім» -деп ұлы тұлға   М. Әуезов айтып кеткендей, білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы. Осығын орай білім беру жүйесіне еніп отырған жаңа реформалар  мен педагогикалық  әдістердің маңызы өте зор.

            Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алған. Батыста Lesson Study америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады. Қазіргі уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.

Lesson Study — мұғалімнің тәжірбиелі білімін қалыптастыруға ықпал ететін, сабақта орын алып жатқан іс-әрекетті зерттеудің ерекше мысалы болып келетін педагогикалық тәсілдердің бірі .Оқушының білім алуына көмек беру негізінде ұйымадастыруға болады. Lesson Study-сынып оқушыларының деңгейін анықтау, топтық жұмыс құрамындағы әртүрлі деңгейдегі оқушыларды анықтау мақсатында қолданылады. Әрі оқушы, әрі сабақ зерттеледі. Оқушылардың оқу үдерісі мұғалімдер тарапынан зерттеліп, зерттеу нәтижесінде мұғалімдер жаңа әдістерді енгізіп, қателіктерді түзей алады.. Оқу мен оқыту сапасын арттыруға арналған таптырмайтын құрал ретінде қолданылып келеді.

       Мектебімізде директорымыз Кадирова Айгуль Чуленбаевнаның бастамасымен осы бағдарламаның идеясына қызығушылық танытқан бастауыш сынып мұғалімдерінен        5 — топ құрылды. Осы топ мүшелерінің ықпалымен мектеп тәжірибесіне біраз өзгерістер енгізе бастадық.   Бұл бағдарламаның бір ыңғайлы және тиімді жері – жасалынған іс-әрекеттің қатып қалған қағидасы жоқ. Бағдарламаның негізгі идеясын түсініп, мектептің, оқушының және мұғалімнің мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткізу үшін қолжетімді, тиімді қадамдар жасауға болатынына көз жеткіздік.

       Теория бойынша, Лессон Стади зерттеу сабағыны оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, мұғалім ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады екенбіз деген ойға келдік.

 Теориялық білімімізді жетілдіруде «Лессон Стади зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты» және А. Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» атты оқу құралын басшылыққа алдық.

Lesson study – дің басты мақсаты: 

  • Оқушыларға білім алуға көмектесу;
  • Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.
  • Зерттеу сабағын жүргізу

– L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобын құрған кезде, ең алдымен  сыныптағы проблемаларды анықтадық. Осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Оқылым  дағдыларының өз  деңгейінде болмауы. Айтылым кезіндегі  оқушылардың  өз  ойларын жүйелі  жеткізе алмауы» – деп алдық.         

     «LESSON STUDY»  5 – топ  мүшелері:
1. Кокобаева Альмира Уалхановна
2. Бахтиярова Динара Ескендировна
3. Қомшанова Айнұр Мұратхановна
4. Абилтаева Гульмира Казакеновна – топ жетекшісі

– Зерттейтін сыныптар мен оқушылар таңдауда,  зерттеуге 3«Е»; 3 «Г»; 2 «Д» ; 4 «В»  сыныптарын алдық. Содан кейін  бақыланатын оқушыларды анықтадық. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

—Зерттеу  сұрағы : Сабақта  мәтін  талдау әдіс-тәсілдерін тиімді  қолдансақ, оқылым,  айтылым дағдыларын өз  деңгейіне жеткізе аламыз ба?

—Зерттеу  мақсаты : Мәтінді  түсіне  оқи отырып,  мәтін  бойынша өз  ойларын  жеткізіп, байланыстыра сөйлеу  дағдыларын дамыту.

– Келесі қадамда  –  оқушылардың оқу дағдылары мен айтылым дағдылары тексеріліп, бастапқы мониторингісі жасалынды.

– Оқушы үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынды.

– Бірлескен сабақ жоспарын құру: Проблеманы шешу үшін «Оқушылардың оқылым дағдысын  қалай  қалыптастыруға    болады? »,        «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?»,      «Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды ескере отырып,  1-айналымның сабағының жоспарын жасадық.

–  2 «Д» мұғалімі  Динара Ескендировнаның №1 зерттеу сабағының жоспарын талқыладық, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда оқылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық.

– №1 зерттеу сабағы — әдебиеттік оқу сабағында: Сабақтың тақырыбы: «Ақ шаш» болды. Оқушылардың өткен тақырыпты меңгерулерін, «Қар кесегі» әдісі арқылы тексерілді. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – түсінгенін толығымен жеткізе алмады. С оқушысы – өз ойын, түсінігін айта  алмады. Жаңа  тақырыпты меңгеруде «Рольдегі оқушылар» стратегиясын  қолдандық. Топпен жұмыс жасалынады.

  1. «Баяндаушы» — мәтіннің мазмұнын баяндайды.
  2.  «Сұрақ қоюшы» — мәтін желісі бойынша сұрақ қояды.
  3. «Сөз тапқыш» — мәтіннен жаңа сөздерді табады.
  4. «Дәнекер» — өмірмен  байланыстырады.

– Осы соңғы жоспар бойынша  4 сыныпта да сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.

– Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.

– №1 зерттеу сабағына талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық.

Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
  • Мұғалімдердің  кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
  • Мұғалімдер білімнің ғылыми мағынасын  түсінеді  және зерттеушілерге айналады.
  • Оқушының оқуы жақсарады.
  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.
  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.

Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Пит Дадли.  Lesson Study: нұсқаулық.   Lesson Study UK   www. lessonstudy.co.uk
  2. Оразбаева Айнагуль. «Lesson Study тәсілі арқылы оқушылардың белсенділігін  арттыру» art-talant.org›publikacii/28676-lesson-study-tsl-.
  3. Абдрахманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т.Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype