+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңартылған білім мазмұны негізінде қашықтан оқыту арқылы дарынды балалармен жұмыс жасаудың жолдары

Ауганбаева Бақытгүл Омарғалиевна, Жамбыл атындағы ОММГИ тәрбие жетекшісі

Омарбаева Гүлнар Жұманқызы, директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары   

Ел болашағы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені баршаға аян. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды  [1,17]. Ел болашағына бағыт-бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тірелетіні белгілі. Сондықтан да, дамыған елдердегідей Республикамызда білім беру жүйесі сапасын дамыту ең негізгі мәселелерінің бірі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың тұлға ретінде қалыптасуына, үйлесімді дамуына ұстаздардың жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеруінің, кәсіби дамуының маңызы зор екенін анық айта аламыз. Бұндай талапқа сай қызмет істеу үшін әрбір ұстаздың үздіксіз ізденуі, заман талаптарына сай қызмет етуі, кәсіби құзіреттілігін арттырып отыратын біліктілік курстарынан өтіп отыруы заңдылық.  Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.

Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.

 Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты — білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады [2, 32].  Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған. Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру — сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады. Заманауи мектептердің мақсаты — жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұрғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Оқыту мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу — танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Ең бастысы – оқу үрдісінің өзі, жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны белгілі болады. Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу — танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстырылады.

Жаңартылған бағдарламаларда барлық білім беру деңгейлері «Мәңгілік Ел» идеясына негізделген. Мектептегі білім беру мазмұны академиялық пәндер, зерттеу және сыныптан тыс әрекет, қосымша білім беру негізінде жүргізіледі. Идеяның мазмұны – оқушыларды рухани- адамгершілік тұрғыдан, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, толеранттылық пен ұлтаралық жағдайда қарым-қатынас жасай алуға үйрету болып табылады.

Бұл жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның негізгі қағидаты — коммуникативтік тәсіл арқылы оқушының тіл туралы, ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, қазақ тілін табысты үйрету. Бүгінгі таңда білім беру саласына түбегейлі өзгерістің қажеттілігін ескерсек, реформаның басында тілдік пәндердің тұру себебін бағдарламада көрсетілген мына жолдармен түсіндіре аламыз: «…Әрбір оқушы үшін тіл – негізгі білім құралы. Оқушылардың тілдік қарым-қатынасы өздері өмір сүріп отырған және білім алатын орта арқылы жүзеге асады. Тілді жетік меңгеру ұлттық құндылықтарды түсінетін, әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді».  

Осы орайда, ғалым — жиһанкез Шоқан Уалихановтың «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген екен [3,22]. Олай болса, тәуелсіз еліміздің үшінші жаңғыру дәуірінде бүгінгі ұрпақтың өмір сүруі үшін қажетті білім дағдыларымен және қасиеттермен қаруландыру – ұстаздар үшін ынталандырушы күш болып табылады. 

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары қашықтан оқыды. Ендеше, қашықтан оқыту қалай жүзеге асты деген сұрақты қойғанымыз орынды болар.

Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші — адам. Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін мұғалімнің  біліктілігін көтеруіміз керек.

Қашықтан оқыту бұл — мұғалімнің біліктілігін көтеру, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастыру, өзіндік жағдай жасау, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгерту болып табылады.

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шыққан еді. Соған байланысты төртінші тоқсанның сабағы қашықтан өтті. Ал қашықтан оқытуға “Balapan” (қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс тілінде) телеарналары атсалысты.

Уақытша қашықтан оқыту жүйесі негізінде сабақ аптасына бес күн, әр пәнге 30 минут уақыт берілді. Теле-сабақ барысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ беріп қана қоймай, мұнымен қоса, телеарнадағы сабақ министрлік бекіткен жоспар бойынша бірнеше білім ресурстарында (Bilimland, Daryn online) жалғасады. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы Kundelik.kz, zoom, Google classroom, sabak.kz платформасында онлайн кездесіп, білімдерін  пысықтады.

Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз

[ 4,12]. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Бүкіл әлемдік эпидимологиялық жағдайда мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.

         Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда «келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді?» сынды сұрақтарды туындауы  заңдылық. Дәл қазіргі қиын қыстау сәтте мектеп оқушыларына сапалы білім мен бәсекеге қабілетті тұлғаны  қалыптастыра білуіміз үлкен жетістік.   Яғни, мұғалімнің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді.  Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.

Осы орайда, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатының оқытушылық құрамы оқушылардың дарынды, үздік, бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына үздіксіз қызмет атқарып жатыр. Бұны да атап өтпеске болмас.  «Коронавирус» індетінің таралуына байланысты ұстаз жұмысы қашықтан оқыту форматына көшсе де, оқушыларының түрлі конкурстар, «Дарын» орталығы, ЖЖО соның ішіндде ШҚМУ,КАСУ ұйымдстырған олимпиадалар, әр түрлі бағыттағы конкурстарға   атап айтсақ, Хакім Абайдың 175 жылдыған арналған облыстық конкурстар, «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар мен экологтардың обыстық форумы, түрлі порталдардың ұйымдастыруымен өткен конкурстар мен республикалық қашықтан ұйымдастырылған олимпиадалардан жүлделі орын алып, мұғалім мәртебесін  аспандатқаны мектеп ұжымы үшін қуанарлық жайт. 45 жылдық педагогикалық ғұмырын Жамбыл атындағы гимназияға арнаған қазақтың біртуар қызы, тірі кезінде-ақ «Қазақтың Қанипасы», «Хан-Апасы» атанған Қанипа  Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына  75 жыл толуына орай  қашықтан ұйымдастырылған респуликалық апталыққа еліміздің түкпір-түкпірінен белсене қатысқан ұстаздардың өз жұмысына өте талапшыл, білімі мен білігі артқан екеніне тағы бір мәрте көзіміз жетті. 

Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылған жүк. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылып отыр. Міне, сондықтан да  мектеп ұжымы «дарынды баланы дарынды мұғалім оқытады» деген принципті басшылыққа алып отыр. 

Сөз соңында айтарым,   ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейтін алып ғасыр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Осы заманғы шебер мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық — психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және ескі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс- әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл, зерттеуші, ойшыл педагог болуды қажет етеді. Себебі, жаңа ғасырда бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек,оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу, ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу-ұстаздардың басты міндеті. Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күтудің қажеті жоқ, керісінше, балалардың бойындағы қабілетті ашып, болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуіміз қажет, демек, бүгінде қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет: дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы

2. Жаңартылған білім беру бағдарламасы.

3. Шоқан Уалиханов. Энциклопедия.

4. Джон Дьюиди . Лучшие люди. Энциклопедиясы.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype