+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның рөлі

Мухаметжанова Шынар Ерланқызы, тәрбиеші, ШҚО-сы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 «Дария» балабақша-бөбекжайы» КМҚК.

Мектепке  дейінгі  жасөспірім  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту  ісіне  байланысты  мақсаттарды  шешуде  дидактикалық ойындар  ерекше  рөл  атқарады. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, баланың бойында оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін негізі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен,  қоғамдық құбылыстар мен, адамдар еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Ойынды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерешеліктеріне сай олардың көз қарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Білім беру бағытын жүзеге асыруда дидактикалық ойындарды ұйымдастыру үшін педагог ең маңызды үш бағытпен жұмыс жүргізеді:

  1. Дидактикалық ойынға дайындық
  2. Дидактикалық ойынды өткізу
  3. Қорытындылау
  1. Дидактикалық ойындарды дайындап ұйымдастырудың мынандай талаптарды жүзеге асыру керек
  2. тапсырмаларды оқып, білімді тереңдету, талғамын арттыру, психикалық үрдісін айқындату;
  3. бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек;
  4. ыңғайлы уақытын айқындау;
  5. ойын өткізілетін орындарды сайлау, кедергісіз, алаңсыз ойнау;
  6. ойынға қатысушылар санын анықтау;
  7. қажетті дидактикалық ойын материалдарын, ойындарды дайындау;
  8. тәрбиешінің дайындығы, ол ойын жүрісін, маңызын білуі, ойындағы тәрбиешінің рөлі, әдісін меңгеру;
  9. баларды ойынға дайындау, білім деңгейін, заттар мен қоршаған орта ойын шартын меңгеруін қажет етеді.
  10. Дидактикалық ойынды өткізуде, жүргізуде мынандай талаптар қойылады:
  11. балаларды ойын шартымен мазмұнымен, таныстыру, дидактикалық материалдармен ойынға қолданатын заттармен таныстыру, қысқаша әңгіме жүргізу арқылы балалардың деңгейін анықтау;
  12. ойын шартын, жүрісін түсіндіру арқылы педагог балалардың қабілетін ойын шартының орындауын анықтау;
  13. ойын жүргізу, ойын шартын дұрыс орындауын қадағалау керек;
  14. педагогтің ойын нәтижесін анықтауда, ойыншылардың білім сапасын, жанкүйерлердің қатысуына да мән беру керек. Ойынға қатыстыруда педагог ойыншыға кеңес беріп, сұрақ қойып, есте сақтауына мән береді.
  15. ойын нәтижесі-оны жүргізудегі жауапкершілікті айқындаудың маңызды сәті. Содан соң балалардың өздері талдап, сол арқылы қызығушылықтарын, талпыныстарын анықтауға болады.

Ойынның соңында педагог балаларға жеңіске тек қана еңбек нәтижесінде келетінін айтады. Балаларға: «Сендерге ойын ұнады ма, келесі де жаңа ойындар ойнаймыз, ол дща осындай қызықты болады» — деп, шыдамдылықпен сол күнді күту керектіктерін айтады.

Дидактикалық ойындарды қортындылауда педагог қандай әдіс-тәсілдердің арқасында мақсатқа жеткенін анықтауды қажет етеді.

Сол арқылы педагог өз жетістігін, кемшілігін анықтайды, келісі де болдырмауға тырысады. Сондықтан бірге ойынды қортындылап, балалардың жекелеген мінездерін анықтауға көмектеседі.

     Дидактикалық ойындар көмегімен балалар, білімдерін арттырады, педагогпен қатарлы тәрбиеленушілермен, қарым-қатынаста болады. Жанкүйер достарының көмегімен жаңа ақпарат алады. Бұл бала дамуына маңызды рөл атқарады. Ойынды бастамас бұрын педагог бала бойындағы қызығушылығын, ойынға деген талпынысын арттыру керек. Балалар ойынның күнделікті оқу қызметінен қарағанда көңілдірек болатынын, күнделікті оқу қызметі арасындағы дидактикалық ойынның маңыздылығын түсіне бастайды.

      Балалардың көңіл-күйін көтеруге де ойынның ықпалы тиеді. Дидактикалық ойынның ұзақтығы маңызды. Егер ойын ұзаққа созылса балаларды жалықтырып, қысқа болса ойын мазмұнын түсінбей қалады. Педагог ойынды ұйымдастырғанда көп іркілмей, ойын шартын қысқа түсіндіру қажет. Сондықтан ойынға сәйкес тақпақ, мақал, түрлі сөздерді де пайдаланып отырған жөн.

Педагог ойынның бастан аяқ жүрісін қадағалап, қызықтырып, өз күшіне деген сенімділігін арттырады. Егер де жылдамдықты қажет ететін жарыстар болса ойын нәтижесін анықтауда сақ болған дұрыс. Сондықтан педагог фишкі қолданып, дұрыс шешімін айту керек және мадақтауды көбірек пайдаланып отырған дұрыс.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype