Әлімханқызы Индира, Өскемен қаласы Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының тәрбиешісі.
«Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы,сапалы білім – жетістікке жетудің жолы, әрі экономиканы дамытудың басты құралы, «жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті»
Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгінгі күні дарындылық мәселесі өзекті бола түсуде. Бұл ең алдымен қоғамның ерекше шығармашылық тұлғаға деген қажеттілігімен байланысты. Білім берудің негізгі мақсаты тұлғаның жан — жақты дамуын қалыптастырып, болашақ өмірге даярлау, еліміздің ғылыми әлеуетін жоғарғы деңгейге көтеретін ұрпақ тәрбиелеу. «Талантты, қабілетті балалар көп және олардың даму мүмкіндігін жіберіп алмау керек. Талантты толығымен ашып, оны болашақта сәтті дамытуға бағыттау үшін баланың табиғи дарындылығын мүмкіндігінше ертерек анықтау маңызды. Шынайы талант барлық психикалық аймақтарды біркелкі дамытады. Сондықтан дарынды балалардың ерекшелігіне назар аудару керек, ол құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынаста қиындықтармен бірге жүреді» К. Юнг [1]. Оқушы дамуының өте қарқынды кезеңі мектеп жасындағы аралықты қамтиды. Осы жаста оқушының тұлғалық негізі қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Бұл кезеңде ең маңызды мәселелердің бірі бала бойындағы қабілетті ашып, оны ары қарай дамыта білу. Бала бойындағы өзгешеліктерін , өзіне тән қасиеттерін байқай отырып, біз оның белгілі бір іс — әрекет түріне қабілеттілігін байқаймыз. Бала бойындағы қабілеттіліктері оның болашақта өз жолын таңдауына әсер етеді.
Қазіргі жаңа технологиялық оқытуда білім сапасы мен деңгейін анықтап, салыстырмалы мониторингтер жасап отыру оқушы қабілетін зерттеуге көп көмегін тигізеді. Қабілет – іс — әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. «Дарындылық» ұғымы − бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі бойынша адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының сапасы. «Дарынды бала» − өз құрбыларымен салыстырғанда интеллектуалдық қабілеті, оқуға құштарлығы, шығармашылық мүмкіндігі және оны көрсете білу деңгейі жоғары, танымдық сұранысы белсенді, ой еңбегіне қызығушылығы жоғары балалар. Талант – қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады. Данышпандық – қоғам өміріне тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғарғы деңгейі [2].
Мектебімізде оқушының дарындылығын анықтауды баланың отбасылық жағдайын зерттеуден, шығармашылық қабілетін анықтаудан бастаймыз. Мектеп психологы психологиялық әдістемелер арқылы оқушылардың шығармашылық қабылеттерінің диагностикасын, профильдік қызығушылығын, оқу мотивін анықтап дарындылық картасын толтырады. Пән мұғалімдеріне, тәрбиешілерге нұсқау береді. Бала бойында ерекше қасиеттерді мұғалім, тәрбиеші дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер» сияқты болып қалып қоюуы мүмкін. Сондықтан мектебіміздің оқушыларына дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәлім-тәрбие беру мектеп ұжымының басты міндеті деп санаймыз. Дарынды оқушылармен жұмыс мынандай бағытта ұйымдастырылады: ғылыми жоба, олимпиада, интеллектуалдық сайыстар, байқаулар, спорттық, өзін-өзі басқарушылық-ұйымдастырушылық, көркемөнерпаздық. Мектеп оқушылары өз қабілеттерін осы бағыттағы жұмыстарға қатыса отырып дамыта алады. «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілін енгізу, Абай тағылымы арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәрбие жұмысының ерекшелігі болып табылады. Сыныпта өткен әрбір әңгімелер, лекциялар, тәрбие сағаттары Абайдың нақыл сөздерімен, қарасөздерімен байланыстырыла өткізіліп отырады. Оқушылар арасында қарым-қатынас орнатуда, өзін-өзі тануда, өзін-өзі жетілдіруде, көрегенділікке тәрбиелеуде Абай қарасөздері көп ықпал етуде. Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, академик, профессор Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның «Ойтастау,ойланту» технологиясын қолданып тәрбие сағаттарын жүргізу оқушы бойына сөз өнері мен ана тіліне деген құрметті оятып, құзырлылыққа тәрбиелейді. Мектебімізде оқу-тәрбие мазмұнын оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағыттай құрып, сыныптан тыс жүргізілетін қолданбалы курстар, әр бағыттағы үйірмелер жұмыс жасайды. Баланың дарындылығын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыстар жасатып әр түрлі байқауларға қатыстырамыз. Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшыныстарын арттыру,ойлау мен талдау жасау қабілетін арттыру мақсатында олипиада, ғылыми жоба қорғау, интеллектуалды сайыстар жүргізіледі. Төменде дарындылықты анықтау кестесінде («Дарындылық картасы» А.И.Савенков) сынып бойынша оқушыларда анықталған дарындылық түрлерін пайыз мөлшерінде көре аласыздар, атап айтқанда, әдеби дарындылық сыныптың 17%, шығармашылық дарындылық сыныптың 28% , спорттық дарындылық сыныптың 28% т.б анықталды.
| р/с | Дарындылық түрлері | Оқушы саны % |
| 1 | Танымдық | 18 |
| 2 | Шығармашылық | 28 |
| 3 | Көркем-бейнелеу | 10 |
| 4 | Әдеби | 17 |
| 5 | Әртістік | 7 |
| 6 | Көшбасшылық | 10 |
| 7 | Спорттық | 28 |
Ал, мына кестеден 2021-2022 оқу жылының I жарты жылдығындағы сынып оқушыларының байқаулардан алған жетістіктерін көре аласыздар:
| р/с | Байқау түрлері | Орындар саны |
| 1 | Асыл тас | 16 |
| 2 | Айналайын | 12 |
| 3 | Ақбота | 6 |
| 4 | Русский медвеженок | 5 |
| 5 | Республикалық қашықтық байқаулар | 10 |
| 6 | Абай оқулары | 2 |
| 7 | Спорттық жарыстар | 3 |
Қазіргі уақытта көп нәрсе мұғалімге байланысты. Балаларды дұрыс тәрбиелеу және оқыту үшін жауапкершілік оның мойнына жүктеледі. Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысы-бұл күрделі, серпінді және үздіксіз процесс. Мұғалім білімін үнемі толықтыруға, шеберлікті, икемділікті жетілдіруге тырысуы керек, шығармашылық ойлау қабілеті болуы керек, өз көзқарастарын қайта қарауға және өзін-өзі жетілдіруге дайын болуы керек. Дарынды балаларды оқыту процесінде ақпарат алудың әртүрлі көздері мен әдістерін, соның ішінде компьютерлік желілер арқылы болуы және еркін пайдаланылуы қамтамасыз етілуі керек. Демек, дарынды балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту мұғалімнің кәсіби, жеке құзіреттілігіне, танымдық белсенділік деңгейіне және оқушылардың қызығушылығына сәйкес келетін оқыту әдістеріне байланысты. Балаға Адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесу туралы ұмытпаңыз (қауіпсіздік сезімі, өзіне және басқаларға құрмет). Себебі негізгі бейнеқосылғыларды қанағаттандыру ғана актуализацияға серпін береді және баланың талантын қоғам үшін қажетті бағытта дамытуға көмектеседі, оның қызығушылығын, байқағыштығын дамытады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі оқытуды шығармашылық ойлауды дамытуға бағыттауға көмектеседі. Педагогқа дарынды балаларды іздеу мен дамытуға назар аудару қажет, өйткені ашылған әлеует еліміздің болашағын айқындайтын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қ.Тоқаев. Тамыз конферециясы.
2.Строкова Т.А. дарынды балаларды оқытуда педагогикалық қолдау // Дарынды бала. – 2003. – № 6. – Б. 45-51 3. Педагогика и психология одаренности школьников Попова Л.В.