Омиртаева Айжан Темирхановна, ШҚО Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұжықсу негізгі орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
«Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» демекші озық ойлы , ұшқыр қиялды, жаны жайсаң, кең жүректі білікті ұстаздардан білімді де білікті шәкірттер шығатыны түсінікті. Жас мамандармен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі . Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес . Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап педагогикалық құзыреттілігін дамытуға жұмыс жасауы керек.
Жас мамандардың біліктілігін шыңдап, әдістемелік көмек көрсету мақсатында ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің Мұжықсу негізгі орта мектебінде «Үздік жас маман» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5 жас маман қытысып педагогикалық шеберліктерін көрсетті. Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жас мамандар өзін және маманды туралы таныстырса, екінші кезеңде қысқа мерзімді сабақ жоспарын қорғады. Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсетті.Үшінші кезеңде оқу үдерісінде қолданатын әдіс-тәсілдерін ұсынып, өзара тәжірибе алмасты. Байқау қорытындысы бойынша өзінің шеберлігімен, жан-жақтылығымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Қалқанбаева Еркежан Мақсұтқанқызы бас жүлдені иеленді. Математика пәні мұғалімі — Амангельдина Еркежан жүлделі ІІ орынды, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жетпісбай Адиля үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар химия пәні мұғалімі — Ишімбаева Ақмарал мен ағылшын пәні мұғалімі Өмен Гүлден арнайы номинациялармен марапатталды. Байқау соңында мектеп директоры Е.Ж. Қабықаев жас мамандарды жеңістерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

