+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқытудың тиімділігі

Кобыкбаева Айнур Айтмукашевна, бастауыш сынып мұғалімі, «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы.

ХХІ ғасыр нағыз білім ғасырына айналып барады. Әлемдік білім кеңістігіндегі білім беру жүйесінің басым бағыты-өзгеріп бара жатқан әлемге жылдам бейімделген, өз өмір жолын дұрыс таңдап, нәтижелі шешім қабылдайтын тұлға дайындау. Білім беру жүйесінің бұл басымдылығының мақсатына жету мұғалімдердің қолында. Сондықтан «ХХІ ғасырда оқушыларға нені оқытамыз?» немесе «Мұғалімдер балаларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтардың туындауы орынды. Осы сұрақтарға жауап табу үшін әлем елдерінің білім беру жүйесінде орын алған өзгерістерге жүгінесің. А.Қ. Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» еңбегінде білім беру сапасын бағалаудағы халықаралық зерттеулердің нәтижелерін салыстыра зерттеп, зерделеп, оқушылары үнемі, тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсеткен Финляндия, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты елдерді анықтаған. Олай болса, шетелдік мектептерде білім беру жүйесі мықты. Шет мемлекеттерде алған білімдерін өміріне қажет деп түсіну, сезіну, яғни өмірлік қажеттеріне айналдыру, білімін қолдана алуға үйрету үшін оқытудың жаңа технологияларымен сабақ өтуге жағдай жасалған.

 Осы үрдіс біздің елде де жүргізілетін болса талай жетістікке жетеріміз анық. Қазақстанның әр аймағында Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылуы жаңа үрдістің бастамасы. «Қазір әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша дәуір туып келеді. Біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа жаһандық нақты ахуал пайда болуда…»,- деп көрсеткендей, әлемдік бәсекелестікте еліміздің болашағы сапалы білімде екендігін ұғамыз. Ұлттың дамыған мемлекеттердің үздік отыздығына кіру «100 нақты қадам» жоспарынның 76-қадамы: «ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту» делінген. Ұлт жоспары білім саласында да реформалар жүргізудің қажеттілігін атап өткен. Еліміздегі білім саласындағы қажеттіліктерден нақты мақсатты жұмыс ауқымы пайда болады. ЭҰЫД жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауының қорытындысында: «Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады»,- деп тұжырымдаған. Оқушылардан талап етілетілетін дағдыларды дамытудың басты құралы- сын тұрғысынан ойлау. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында: «Білім берудің басты мақсаты- оқушылардың білім алуына өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып, дара тұлғаның қабілеттерін дамыту»- делінген. Осы тұжырымдамада көрсетілген білім берудің басты мақсатын іске асырудың жолы сындарлы оқыту теориясы. Сындарлы оқыту теориясы орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген теория. Сондықтан да оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері- сындарлы оқыту теориясымен тығыз байланысты.

Сындарлы оқытудыңмақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған және бойына сіңірген білімін сыныптан тыс жерде, алдағы өмірінде, яғни кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. «Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі көңілге сай оқыту тұрады [Frost, 2011] », — депқұзырлы мұғалімді сипаттаған. Мектептегі ішкі ахуалмен мен сыртқы көзқарастарды зерттеп, талдап, анықтау нәтижесінде, сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді мектеп басымдығы етіп алдық. Мектепте басымдылық бойынша жұмыс жүргізуде сыни ойлауды дамытуды екі түрлі мағынада қарастырдық. Оқушылардың сын тұрғыдан ойлауын дамыту үшін алған ақпараттарды, идеяларды талдау, таразылау, салыстыру және маңыздылығын түсіну, ол жайлы ойлана білу қабілетін шыңдау бағытында жұмыс жасауды басты назарда ұстадық. Мұғалімдердің Бастауыш мектеп 18 сыни ойлауын дамыту үшін жұмыс тәжірибесімен бөлісу, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, тиімділігіне көз жеткізу және бағалау әрекеттеріне сыни көзқарасын қалыптастыру бағытында жұмыс жасауды қолға алдық. Себебі, сындарлы оқыту теориясы – мұғалімнің оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін жетілдіруге жетелейтін, оқушыларын сыни ойлауға апаратын, бағыттайтын жол. «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін білім», — деген Елбасының сөзін әрдайым жадымызда ұстағанымыз абзал. «Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін мен бағалай алу болып табылады», деп мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілгендей, әрбір өткізген сабақтың табыстылығына назар аударып отыруды көздедік. Оқушы мұғалімнің ойлауға негізделген тапсырмалар жүйесі арқылы тапсырмамен өздігінен танысады — оқиды, топта талқылайды — тыңдалым, ортақ ойдың нәтижесін қағазға түсіреді- жазылым, түйінді идеяны қорғайды — айтылым дағдылары қалыптасады.

Ойлау туралы ойлану — метатаным жүзеге асудың нәтижесінде оқушыда өзін-өзі реттеу жүзеге асады, қалай оқу керектігін үйренеді. Топтық жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың қарым-қатынасы жақсарып қана қоймай, үлгерімі төмен болып жүрген оқушының тапсырманы өз орталарында талқылау кездерінде өзіндік жеке ойларын қосып, достарымен бірлесе дайындаған жұмыс нәтижесін ортада қорғауға ықпал етті. Яғни, оқушы өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ықпалды адамның көмегімен қамтамасыз ету — жақын арадағы даму аймағының ықпалы зор. Қалай оқылатынын білу үшін, метатаным жүзеге асыру үшін оқушы тапсырманы сыни тұрғыдан ойлап, орындай отырып, өзінің орындаған тапсырмасының қаншалықты дұрыс, ақиқаттығына да көз жеткізе білу де оқуға деген ынтасын арттырады. Ол үшін тапсырманы бағалау критерийлерін ұсынады. Критериалды бағалаудың практикалық маңызы: a) Тек қана оқушы жұмысы бағаланады.б) Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады.в) Критериалды бағалау белгілі бір оқу мақсаты бойынша бағаланады.Нәтижесінде оқушы өзінің жетістігі мен кемшілігі туралы да ойлана алады, кемшілікті түзетудің жолдарын біледі.

Оқушы өзін-өзі реттеуге бағытталады. Өз кемшіліктері бойынша проблеманы шешу жолын біліп, нақты мақсатты айқындайды. Ары қарай дамудың қадамына өтеді. Проблеманы шешудің, мақсатқа жетудің әдіс-тәсілдерін өзі таңдай алады. Қалыптастырушы бағалау, қадағалау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, іс-әрекетті анықтауға арналған қорытындылардан тұрады. Бағалау – бақылаудың нәтижесі- тыңдайды, ойлайды, сараптайды. Бағалау кезінде де күрделі ойлау процесі жүзеге асады. Сондықтан да қалыптастырушы бағалау – оқытудағы әдістерді, іске асыру түрлерін жақсату мүмкіндіктерін анықтауға бағытталатындықтан, оқушының бірін- бірін бағалауы, өзін- өзін бағалауы болып табылады. Сенімділік – өзін-өзі бағалау арқылы табысқа жетудің алтын кілті. Сонымен топтық жұмыстар барысында сыни ойлау әрекеттерін қалай жүзеге асырамыз? Дәстүрлі оқытуда тапсырма ортақ берілгенмен, оқушылар тапсырманы жекелеген оқушылардың орындаумен нақтылап қойып отырған. Мұндай оқыту нәтижесі жекелеген оқушылардың ғана сабаққа тартылып, сыныптағы көптеген оқушылардың сабақ барысында белсенділігі анықталмайды. Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру үшін бірлескен оқудың маңызы зор. Бірлескен жұмыс-мақсатқа жетуге ықпал ететін өзара әрекеттердің құрылымы.

Топтық жұмыстарда оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі [Кәдімгі мектептерде Қабілетті балаларды оқыту. 1997] сын тұрғысынан ойлауды дамытудың құралы болып табылады:

a) Тапсырмалар топтардың немесе жекелеген оқушылардың меңгерген білімдерін ескере отырып, әртүрлі етіп әзірлеу. Яғни, Михай Чиксентмихай (2008) көрсеткендей «Өзіндік мақсат» атты сызбасында оқушы машығы жоғары болып міндет аз болса, «зерігу» пайда болып, ал керісінше машығы төмен міндет жоғары болса, «алаңдау» пайда болатындықтан, оқу мақсатына сай тапсырмалар беріп, «оқу ағынын» тудыру керек. Мұғалім оқушының не білетінін, нені жасай алатынын, неге қызығатынын, не істегісі келетінін ескеріп отыру керек.

ә) Нәтиже. Мұғалім сабақта бақылаушы. Берілген тапсырманы топтағы әр оқушының әртүрлі деңгейде орындайтыны анық. Жұмыс нәтижесін топта талқылау барысында әр оқушының қандай нәтиже көрсетуі маңызды. Қабілетті оқушылардан топтағы құрдастарына нәтиженің еселенуі үшін топқа өз ойын анық, еркін айтып түсіндіруіне ықпал етіп, өзгелерінің сызып, жазуына әсер етеді. Оқушы- оқушы арасындағы байланыс орнайды. Оқушылардың көшбасшылығы қалыптасады.

б) Жұмыс қарқыны: Оқушыларға тапсырма жалпы беріледі, бірақ аяқтауына жұмсалатын уақыт олардың машықтарына қарай әртүрлі болып келеді. Егер топтық жұмыс барысында қабілетті оқушы берілген тапсырманы орындап, құрдастарына тапсырманы түсіндіріп, атсалысқанмен, жұмыс уақыты ұзарып кетсе, оқушының жұмыс қарқыны төмендеп кетеді. Сондықтан, тапсырманың белгілі бір уақыт аралығында, топтық жұмысты дұрыс үйлестіре отырып, жұмыс қарқынын реттеп отыру керек. Және тапсырманы сатылап күрделендіріп, соған сай уақытты белгілейді.

в) Қолдау. Топтық жұмыс барысында біреуге көп қолдау, енді біріне кем қолдау көрсетіліп жатады. Қабілетті бала топтық жұмыста құрдасына көп қолдау көрсеткенімен, оның өзі де қолдауды қажет ететін жағдайлар кездесіп жатады. Мұғалім сабақ барысында әрбір оқушыны көзден таса қылмай, оқушы қажеттілігін қанағаттандыратын қолдау көрсету керек.

г) Ресурстар. Барлық топқа ортақ тапсырма беріледі. Тапсырмалардың көп ойлауды қажет ететін немесе зерттеу машықтарын дамытатын ескеріп, таңдау қажет. Қабілетті балалар сол ресурстарды таныстыру үшін балама әдістерді пайдалануға ықпал етіп, оқушыларға бағыт беріп №03 (100), наурыз 2021 жыл 19 отырады.

д) Топтау. Кейде оқушыларды сабақта өте жоғары нәтижелерді күту мақсатында қабілетті балаларды бір топқа топтастыру арқылы жоғары идеялардың куәсі болады.

е) Ақпарат. Тақырыптық материалды игеру барысында мұғалім оқушыларға әртүрлі ақпарат, түрлі қосымша материалдар, ойлауды талап ететін ақпараттар беріледі.

ж) Рөлдер. Оқушыларға ортақ тапсырма беріледі. Тапсырманы орындауда әр оқушы әр түрлі роль атқарады. Мысалы бірі-зерттеуші, бірі жазушы, бірі сызушы, бірі айтушы т.с.с.

и) Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы әр оқушыға қабілетіне қарай беріледі. Кейбір баяу ойлап, баяу жазатын оқушыға сыныпта орындаған тапсырмасын аяқтауды, яғни сыныптағы орындаған жұмысқа қарай отырып, үй жұмысын орындауда қиналмайды. Қабілетті оқушыға зерттеу мен ойлауға негізделген тапсырмаларды береді.

к) Диалог. Сабақтың басы «Миға шабуыл» стратегиясымен басталады және сабақ соңы «ой қорыту» стратегиясымен аяқталады. Екі кезеңде де, мұғалім сұрақ- жауап әдісін пайдаланады. Осы кезеңдерде мұғалім өзі қоятын сұрақтар мен оқушылардың бір-біріне қоятын сұрақтарын саралап алады. Мұғалімге арналған нұсқаулықта келтірілгендей: Сұрақтың 7 түрі бар. Соның ішінде сараптамалық жауапты талап ететін, креативті ойлар мен идеяларды туғызу қабілетін дамытатын ашық сұрақтарды қолдану тиімді. Александер (2008): «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді» делінген. Әңгіменің 3 түрі бар болса, соның ішінде зерттеушілік әңгіме сыни ойлауға негізделген.

 Әр оқушының берген мәліметін бағалайды, оған ойлану арқылы түрлі дәлелдер келтіреді, сұрақтар қойып, сұраққа дәлелмен жауап береді, келісімге келуге тырысады. Соңғы нәтижесіне дейін бір-бірінің тұжырымына сыни көзқарас білдіреді. Математика пәнінің де, әдебиет пәнінің де мақсаты — оқушыларды сөйлету, ой-қиялын жетілдіру, сыни пікірін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету мұғалімнің сыныптағы іс-әрекетіне, пәнді қалай оқытылуы керектігі жөніндегі пікіріне байланысты. Ол үшін мұғалімнің ұстанымы өзгеруі керек. Мектептегі алған білімді сырттай бақылау- Ұлттық Бірыңғай Тест оқушыларды көп ойлануға емес, жаттау арқылы білім алуға итермелейді. Төменгі сыныптан тапсырмаларды тест түрінде дайындау бізге қаншалықты пайдалы? Тест тапсырмалары әрине ойлануға, талдауға негізделген тапсырмалар болғанымен, оқушылар өз ойын ашық айтпайды, балама жауаптарды көрсете алмайды, нақты жауап белгілейді. Оқушылардың ой – өрісін дамытуға PISA тапсырмаларының орны бөлек. Мағжан Жұмабаев: «Жігіттік жасында адам жаңадан жаттай беруге емес, бар білімді оймен тереңдетуге ұмтылады»,- деген. Тапсырмаларды, білімді оқушы талдау, жинақтау, бағалау деңгейінде орындау, оқушы білімін шыңдай түспек. Бір ғасыр бұрын Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру- үйреншікті жәй шеберлік емес, ол- үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп айтып кеткен. Мұғалім бір сабақты өткізу кезінде қаншама ойлар мен толғанысты бастан кешетінін байқадық. Іс-әрекеттегі толғаныстан соң, іс әрекеттен кейінгі толғаныс жүзеге асады. Яғни, өз іс-әрекетіміз бен тәжірибемізден кейін ойлар мен мәселелерді анықтаймыз. Тәжірибелерді тұтастырып, жинақтай келе сыни тұрғыдан ойлауды дамыту арқылы сабақтар қандай нәтиже берді?. Оқушылар бірлесе жұмыс жасай отырып, сабаққа түгел қатысты. Төмен деңгейдегі оқушылар өз ойларын топта білдіріп, сөйлеуге қалыптасты, іс-әрекетке талпынды. Қабілетті оқушылар құрдастарына көмек беру арқылы теориялық білімін шыңдап, көшбасшылық қабілеттері, зерттеушілік қабілеттері дамыды. Проблеманы шешу жолдары мен мақсатын анықтайтын деңгейге жетіп, өзін-өзі реттей бастады. Күнделікті сабақ туралы, келесі сабақты қалай өткізу туралы өз ойларын айтуға ынталанды. Келесі сабақтың бүгінгі сабақтан да пайдалы болатынына сенді. Елбасының «Қазақстан жолы- 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» атты Жолдауында: «… Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуы тиіс» делінген. Біздің қазіргі жүргізіп жатқан жұмыстарымыз, осы бағытта өрбиді. Адам баласы қауашағын қолмен жарып алған көбелектің өмірге бейім болмай, ұшпай, әлсіз болуына себепкер болды деген тәмсілінен, өзі қауашақты жарып шыққан көбелектің өмірге бейім болып келетіні сияқты, адам баласы да өздігінен ізденіп, талдап, меңгерген білімнің өміршең болатынын, өмірде қолданып, дамуына ықпал ететінін көрсеткен. Мұғалім әрбір сабағын, оқытуды сыни тұрғыдан ойлана отырып ұйымдастырса, оқушы да сыни тұрғыдан дамып, құзырлы оқушы атанады. «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын, маған көрсетші – менің есімде қалады, өзіме істетші – мен сонда түсінемін», — деген екен қытай мақалында. Сондықтан да әрбір сабақта интербелсенді әдіс – тәсілдерді сыни тұрғыдан ойлана отырып, тапсырмалар арқылы өздігінен меңгеруге ықпал ететін әрбір сабақ тиімді оқытуға негіз болады.

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімге арналған Нұсқаулық. 1- деңгей.

2. С.С.Мирсейтова. Мұғалім философиясының қалыптасуы мен дамуы: гуманистік парадигма.

3. 2012 Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасы. Алматы : РБК, 1995. 40- бет

4. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары: а)ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ. 30.11.2015 жыл , ә) «Қазақстан жолы- 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» атты Жолдауы

5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

6. Құсайынов Асқарбек «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» Алматы, 2013.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype