+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Тарих пәнін оқытуда оқушылардың танымдық қабілетін жаңа технологиялар арқылы дамыту жолдары

Бигельдинова А. С.,тарих пәні мұғалімі, ШҚО Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ.

          Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушаларға бүгiнгi таңда тиянақты бiлiм беру үшiн олардың танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Егеменді елiмiздiң бiлiм беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшiн жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсiлдерiн колдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық iс-әрекетінде белсендi, шығармашылық бағыт ұстанатын сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру iсiне ерекше мән берiлуде. Орта мектептiң окушыларының дүниетанымын кеңейтуде, танымдық қабiлеттiгiн арттырып, бiлiм біліктерін, ойлау қабілетін жетілдірудің қоғамдық   мәні зор.

         Бұл  проблема психология және педагогика саласындағы  ғалымдардың  мамандардың назарын  аударып  отырған мәселелердiң бiрi. Ол туралы  С.Т. Сабыров,  Н.Д. Хмель,  Т.И. Шамова,  П.И. Пидкасистый,  А.Е. Әбілқасымова,  М.Н.Скаткин,  Л.В.Занков,  Ю.К. Бабанский,  Л.С. Выгодский,  Д.Б. Элькониннің  тағы  да баскалардың еңбектерінен көруге  болады. Осы еңбектердің  құндылығына  ғылыми-теориялық, әдiстемелiк-практикалық  жағынан көз жеткізуге болады. «Танымдық  қабiлеттiлiк» деген ұғымға анықтама беретін болсақ: «танымдық  қабiлеттiлiк  дегенiмiз-оқушының  оқуға, білуге деген  ынта-ықыласының  құштарлығы». Танымдық  қабiлеттiлiк ойлау жолы арқылы ғана жүзеге асады, окушының ой-өрiсiн дамытудың  негiзгі  үрдісі ол-оқыту. Оқыту үрдiсiндегi маңызды мәселелердiң бiрi оқушының  саналы оқу әрекетiн қалыптастыру және танымдық қабілетін арттыру болып есептеледі. Оқу үрдісінде мұғалiмнiң  басшылығымен оқушылардың таным процестерiне (жады, зейiн, ойлау, қабылдау тағы басқалары) негізделіп жүргiзілсе нәтижелі  болады. Оқыту  таным- үрдiсi, өйткені онда ілгері қарап қозғалыс болады, оқушы  бiлмеуден бiлуге қарай  жүрiп отырады [1:56-98].

        Тәуелсіз мемлекетiмiздiң  ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениетi, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен бiлiмiне, іскерлігіне байланысты. Оқытудың нәтижелі болуы балаларды жоғары психикалық функциялары: зейін, есте сақтау және ойлаудың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Балалардың танымдық қабiлетiнiң маңыздылығы ерекше. Оқыту үрдісіне есте сақтау мен ойлау әрқашанда бiрге әрекет жасайды. Бүгінгі күннің ең көкейтесті мәселесі оқушыларды жүйелi және күрделi оқытудың тиімді үлгілерін жасау. Мектептегі баланың  интеллектуалды  құрлымында негізгі орынды оқыту алатыны белгілі, себебі оқытуда қабылдау, ойлау және есте сақтау сияқты танымдық іс-әрекеттің жоғарғы деңгейлері құрылады. Мектептегі оқыту үрдісінің дамытушы тиімділігі оның мазмұнын, қолданатын әдістерімен тығыз байланысты [2:3-11].

         Бүкіл адамзат тарихында педагогика саласы пайда болғаннан бастап, болашақ ұрпақты оқытуда мұғалімдер одан да тиімді оқыту жолдарын іздеді. Мұғалімдердің ең маңызды тапсырмасы ол-сабақтарда оқушылардың танымдық қабілетін ояту.

         Педагогика ғылымының аяққы эксперименттерінің нәтижесіне сүйенсек оқушылардың танымдық қабілетінің жоғарылауы сабақтың жүргізу әдістемесіне байланысты болады екен. Оқушының танымдық қабілетін арттырудың тиімді құралдарының бірі-оқушылардың өздік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында қасиеттер қалыптасады:

          1.Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы;

          2.Оқуға деген қабілетінің артуы;

          3.Өз ойының дербестігі;

          4.Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарауы.

          Оқушылардың өздік жұмыстарына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстар жатады. Оған оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, доклат, көрнекі құралдар жасауы тағы басқаларын жатқызуға болады. Оқушылардың сабақ үстінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы басты мақсат-білім  берудің түрлі тиімді жолдарын қалыптастырып, оқыту  үрдісін нәтижелі ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай-ақ зерттеу нысанасы танылуымен сипатталады.

         К.Д.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, «Өз бетінше жұмыс-оқытуды жетістікке жеткізудің бірден бір жолы»,- деп есептейді. Ол мұғалімнің ролін ескере отырып, оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнектіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталады [3:9-10].

        «Оқушылардың ой-өрісінің дамуы қоршаған ортаға да байланысты болады,мысалы:ақпарат құралдарына», деп көрсетеді Ю.К.Бабанский. Яғни сабақ барысында оқушыларға мұғалім бағыт-бағдар беру керек, сол үрдіс арқылы олардың білім, білік және дағдылары қалыптасады. Л.В.Занковтың зерттеулері көрсеткеніндей, оқушылардың шамасы келетін қиындық дәрежесі жоғары сабақтар өткізу олардың ақыл-ойының даму үрдісін тездетеді. Баланы дамыта отырып оқыту теориясынан негізделген ғалымдар, білімді бағалауда мұғалімнің назары тек теориялық білім деңгейінде ғана болмай, оқушының ойлау әрекетінің барысы мен сапасына да аударылуын, яғни ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың жолдарын табуға ұмтылу қажеттігін айтады.

         Оқушылардың  танымдық қабілетін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыкқа, шығармашылыкқа тәрбиелеу-әр мектептiң мiндетi. Бiлiм мазмұны ақпарат көзі ғана болып қана қоймай, оқушылардың өздiгiнен бiлiм алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатка жету жолында пәнаралық байланыс, оқушылардың өздік танымдық қабiлетiн дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты оқытудың  дара және ұжымдық түрлерiн бiрiктiру, оқу құралдарын дқрыс пайдалана бiлудiң де маңызы зор. Оқушылардың танымдық қабiлетiн, iзденiмпаздығын арттыру үшін оқу үрдiсi оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет. Танымдық қабiлет әркiмге тән, тек оны дамыта білу-әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді берiп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендiретiн, алған бiлiмдерiн тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет [4:13].

          Дәстүрлі әдістеме орнына жаңа технологиялардың келуi сөз жоқ оқу үрдiсiнiң зор тиiмдiлiгiн арттырады. Оқушылардың оқыту мәселесiн жетiлдiру жөнiнде Н.Д. Хмельдің еңбектерін атап өтуге болады. Оқытудың жаңа технологиясы (иноватика, танымдық қабiлеттi дамыту, модуль жүйесi, саралап, көп деңгейлік негiзде, мультимедия жүйесiн қолдану тағы басқа) озат зерттеушiлер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудiнң кызметiне жаңаша сипат әкелді. Танымдық  жаттығулардың барысы мынадай өлшемдермен анықталады:

         •интеллектуалдык денгейi;

         •оқу іс-әрекеті субьектiсiнiң қалыптасуының мазмұны;

         •iс-әрекеттің еркiндiлiк деңгейi;

         •эмоционалды орталық;

         • жеке-әлеуметтік даму деңгейі.

         Тарих пәнінде оқушылардың танымдық қабiлетiн қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткiзудiң манызы ерекше.

         Ел өмiрiнде болып жатқан саяси әлеуметтік өзгерістерге байланысты бiлiм беру саласына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады. Мұғалім үнемi бiлiмiн молайтып, iзденiсiн тоқтатпауы керек, онсыз болмайды. Ал бүгiнгi таңда мектептiң, мұғалімнің ең қасиеттi мiндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Қазiргi кезде оқыту үрдiсiн жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелi әдiсi ретiнде жаңа педагогикалық технологиялар түрлерi көбейе түсуде.  В.И. Шепельдің  айтуы бойынша: «Технология-өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды зерттеуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы ұғымын бiлдiредi». Оқушылардың тарих, құқық негiздерi пәндерi бойынша қосымша материалды мұғалiмнен естуi-өздерi таңдаган пәнге деген қызығушылығын арттырады. Технология-жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе.

            Оқушылардың танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру үшін-ойын сабақтарын ұйымдастыруға болады. Сабақ ойын түрiнде жүргiзiлетiн болса оқушылардың белсенділігі артады, бiр-бiрiмен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп бiлуге ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу iсiне де зор ықпалын тигiзедi. «Болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады»,-деп                            А.С. Макаренко босқа айтпаған. Ойын арқылы бала адамгершiлiк қасиеттерді бойына біртіндеп сiңiредi және психикалық қабілеттері дамиды. Ойын сабақтарының артықшылықтары:

            Бiрiншiден, оқушының сабаққа деген ынталығы артады, үнемi түсiндiрiп 45 минут тыңдаған оқушы да, мұғалiм де жалығады.

            Екiншiден, сабаққа зауқы жоқ, нашар оқитын окушының өзi де белсене  қатысады. Ұялшақ оқушылардан да сабақ сұрауға ыңғайлы.

          Үшiншiден, өтілген сабақ мазмұны оқушының ойында ұзак сақталады. Бұл мұғалімнің үлкен бiр жетістігі.

           Тарих пәнін оқытуда жаңа технологияның мынадай элементтерін пайдалануға болады:

           1. И.С. Якиманская әдiстемесiн:

           •  Оқушыға оқу-тәрбие үрдiсiнде танымдылық түрiне еркiндiк беру;

           •  Оқушының жинақталған тәжiрибесiне сүйену;

           •  Оқушының жеке басының құндылығын мойындау;

           •  Өзiн-өзi тану, өзіндік айқындама, өзiн көрсете білуі.

           2. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов әдістемесінен:

           •  Оқушының танымалдық түрткiсiн тудыру;

           •  Оқушыны зерттеу жұмыстарына бағыттау;

           •  Тиiмдi мәселелерді шеше білуге үйрету.

           3. Л.М. Эрдниев әдісі:

           •  Ауқымды материалдың негiзгiсiнен және байланысын айыра білу.

           Сонымен, тарих пәнін оқытуда оқушылардың танымдық қабiлетiн жаңа технологиялар арқылы қалай дамытуға болатынын ғылыми педагогикалық және психологиялық әдебиеттерден қарастырдық. Жаңа технологияларды пайдалануда оқушылардың бiлiмдерiнiң жоғарылауы мынадай критерилер арқылы анықталады: баяндау дәрежесінен, фактiлердi салыстыра алуынан, тарихи оқиғаға сипаттама бере алуынан, тарихи оқиғаларға өзiндiк пiкiрi болуы, талдау жасай алуынан, себептерiн қорытындылауынан, қорытынды жасауынан, терминдерге анықтама бере алуынан. Міне, осындай сабақтар оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, танымдық қабiлетiн қалыптастырады.

              Мұғалімдер теориясы мен практикасын үйлестіріп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп соның бәрін әдіснамалық тұрғыдан игеруі тиіс. Бәсекеге қабілетті қоғамдағы ұстаздың моделі де осындай – шәкірттерін білімділік, іскерлік дағдылары өскелең, өмір талабына сай тәрбиелейтін, өз бетінше жоспарлап, шешім қабылдай білетін өмірлік көз-қарасы, құндылық қасиеттер бар шығармашыл жеке тұлға.

                Қортындылай келе айтарым заманауи, білім тенденциясы алға қадам басу үшін, мұғалім – кәсіби шеберлігі артқан, барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыруы болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызмтеін тастап, керсінше ізденуші. Зерттеуші, технолог, өнер тапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін – өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау —  бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Өз елінің тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін бойына сіңіргенде ғана нағыз азамат тұлғасы қалыптаспақ. Ендеше жоғарыдағылардың бірі кенішін созып жатса, санамызда саңылау, жүрісімізде сылтау пайда болары сөзсіз. Әл – Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей, мектептегі барлық пәндердің бір үндестігі, ынтмақтастығы тәрбиеге келіп тіреледі деп ойлаймын.

ӘДЕБИЕТ

1. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения/В.В. Давыдов.-М.: Педагогика, 1986.-239с.

2. Тоқсанбаева Н.Қ. Оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекетінің құрылымы/Н.Қ.

Тоқсанбаева.-Алматы.:2001.-28бет.

3.Мустояпова А.С. Қазiргi қезеңде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсендiлiгiн қалыптастырудың педагогикалық шарттары/А.С.Мустояпова.-Алматы.:2003.-29бет.

4. Мұқанова Y. Танымдық қабiлет әркiмге тән/Ү. Мұқанова//Қазақстан мектебі.-2003.-№7.-13бет.

5.Бабанский Ю.К. Педагогика/Ю.К. Бабанский.-М.:Просвещение,1988.-476с.

6. Выгодский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте / Л.С Выгодский. — СПб.:Союз,1997. — 96 с.

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype