Ахмадиев М.Т., музыка пәнінің мұғалімі, «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ.
Казіргі кезде Казақстанның көпғасырлық көркем мәдениетінің бай қоймасы халықтың қолданбалы, бейиелеу, театр және музыкалық-поэтикалық өнерлерінің ең үздік үлгілерін камтиды. Ғасырлар бойы сақталған ауызекі фольклордың дамыған пішіндері мен түрлері тұрақты (канондық), көркемдік-стильдік, аймақтық және ұлттық белгілерді ұсына отырып, қазақтың рухани мәдениеті үшінші мыңжылдықтың қарсаңында бүкіл адамзат өркениетінің бірегей саласы екенін көрсетеді.
Казақстанның Тәуелсіздікке ие болған жаңа тарихи жағдайында көркемдік мұраның аясындағы музыка мәдениетін сақтау, қайта жаңғырту және дамыту мәселслері ерекше мағыналы және өзекті болып табылады. Бұл тұрғыда көне фольклорлық нұсқалардың бірі — сарын ерекше мәнге ие. Ежелгі замаңда музыкалық мәдениетін (атап айтқанда, сарынды) зерттеуге байланысты күрделі мәселелер үшінші мыңжылдыққа дейін сакталған прозалық, поэтикалық, музыкалық және археологиялық мәліметтердің негізінде шешіле алады. Бұл тұрғыда жетекші тұжырымдама ретінде оның сақталған түрлерінің тұрақты элементтерін, олардың типтік және жанрлық көрсеткіштерінің бастапқы қалпын анықтау үшін реконструкция әдісі қолданады. Мысалы, көне фольклорлық музыканың сипаттамасын анықтау барысында оның әуендік-интокациялық айналымдарын, өлшем-ырғақтық құрылымдарын белгілеу жетекші әдіс болады.
Аталған процестердің арқасында қазақтың рухани мәдениетінің қалыптасуы мен даму тарихында сарынның орны мен мағынасын белгілей отырып, оны көне фольклорлық музыканың байырғы кезеңіне жатқызамыз. Ауызекі дәстүр жағдайында қазіргі заманға дейін, өкінішке орай, оның санаулы нұсқалары ғана жетті. Дегенмен, осы сақталып қалған көне фольклорлық үлгілерде қазақ халқының рухани құндылықтары, мазмұнында тарихтың бай шежірелері, ғасырлар мен дәуірлердің жаңғырығы, халықтың көп ғасырлық көркемдік тәжірибесінің көріністері орын алған.
Көптеген ғасырлар тәжірибесінде халықтын, дүниетанымдық және эстетикалық арман-мұраттары жиналып, дамып, ұшталатыны белгілі. Қазақтың музыкалық-поэтикалық шығармашылығы халықгың даналығы мен оның бай көркемдік қазынасының айнасы ретінде қабылданады. Ұлы ғалым-энциклопедист Шоқан Уәлихановтың айтуынша, фолъклорда «таза халықтың санасынан шыққан, барлық қоғамның сезімінде, өмірі мен даму жолында қалыптасқан барша халықтың атынан бір адам шығарған сияқты, ол тарихи, филология және психологиялық салаларынан назар аударуды талап етеді». (В фольклоре предст авлены произведения «чисто народного ума, обусловливающие чувствование, жизнь и прогресс всей массы общества, … произведения, вылившиеся из уст всего народа как от лица одного существа, они не лишены как исторического, филологического, так и психологического интереса».
Музыка өнерінің өзгешелігі – оның орындау кезіндегі уақыт мөлшерінде. Ол тек қана орындалу кезіндс ғана әсер ете алады. Адамзат өркениетінің тарихында ноталық жазу тәжірибесі кейінірек қалыптасқанына байланысты, көне фольклорлық шығармашылықтың көптеген нұсқалары жоғалып кетті. Бұл пікір К.Штумпфтың лекцияларына профессор С. Гинзбургтың жазған кіріспесіндегі сөздеріне сәйксс келеді, оның айтуынша, «дыбыстың (музыкалық дыбыстың – анықтама біздікі – С.К.) болмысы қысқа… алғашқы адамның барлық мақамдары мен аспаптық шығармалары белгіленбеген және ізсіз жоғалған. («…звук (имеется в виду музыкальный звук — разрядка наша – С.К.) имеет весьма кратковременное бытие… все напевы и инструментальные наигрыши первобытного человека оказываются вовсе незафиксированными и безвозвратно утраченными». Көне музыкалық мәдениетті зерттеу барысында атақты, көрнекті араб ғалымы, Абу Насыр Мүхаммад аль-Фарабидің музыкатану еңбектерін шығарушы Готтас’абд аль-Малик аль-Хатбаның пікірі: «Музыкалық өнердің негіздерінің пайда болу уақытын біз белгілей алмаймыз, бірақ сонда да ең алдымен әннің болғанын айта аламыз». («Мы не в силах установить время [возникновения основ музыкального искусства у человека], но можем сказать, что пение свойственно было ему с самого начала). Ары қарай тарихшы көне музыканы зерттеудің күрделілігін нақтылай түседі: «Музыкатану білімі басқа ғылымдар мен өнер түрлерін танудан өзінің материялық формасының жоқтығымен ерекшеленеді; мысалы, көзбен көріп, қолмен ұстап, негізін сезінуге үлкен мүмкіндіктері бар бейнелеу және мүсін өнеріндеріндегідей дыбыстар ұстап сезілмейді, көрінбейді».
Қазақтың музыкалық мәдениетінің байырғы түрлерін зерттеу жұмысын түркі, славян, Еуропа халықтарының, сонымен қатар Австралия және Африка аборигендерінің, т.б. өнерлеріндегі ұқсас құбылыстармен салыстыру арқылы жүргізу қажет. Аталған да, аталмаған да басқа халықтардың әрқайсысының мәдениетінің көркемдік дәстүрлері олардың дүниетанымдық, өнеге психологиялық және этикалық үғымдарынан қалыптасады. Олардың көркемдік мәдениеті, сонымен қатар, халықтың географиялық және тарихи қалыптарына, олардың тұрмысының ерекшеліктеріне, интеллектуалдық дамуының дәрежесіне, т.б. жағдайларға тәуелді және тығыз байланысты. Мысалы, әр халықтың белгілі тарихи даму кезеңінде аталып кеткен жағдайлардан қалыптасқан өз мәдениетінің өзгеше түрі пайда болып, ерекше дамиды. Бұл мәселені бұрын Кеңес одағына кірген халықтардың жетекші музыкатанушыларының зерттегендері белгілі. Олардың музыкатану және фольклорлық еңбектерінде көне фольклорды қарастыру барысында оның жанрлық көрсеткіштеріне қарай алдымен әнді зерттеу жағы басым. Бұл – календарлық әндер, еңбек әндері, тұрмыс-салт, үйлену-ғұрып және салттық әндер. Олардың музыкалық-поэтикалық негізі, пішіні мен болмысы, функционалдық қолданылуы, синкретизмі және циклге бөлінуі, сонымен қатар басқа да көркемдік-стильдік түрлері К.Квитка, БАсафьев, И.Земцовский, А.Банин (орыс фольклоры), И.Касьянова (мордов фольклоры), Ф.Камаева (башқұрт фольклоры), Д.Дугарева және Э.Алексеев (бурят және якут фольклоры), Н.Абубакирова және Ш.Гуллыев (түркмен фольклоры), Е.Дюдюк (украин фольклоры), О.Герасимова (марий фольклоры), Б.Ерзакович (қазақ фольклоры) және т.б. атақты ғалымдардың еңбектерінде талданған.
Көне фольклорлық музыканың пайда болуы мен дамуының ортақ бағытының айнасы ретінде адам өмірімен біртұтас, табиғаттан бөлінбейтін бірлестікте болған, оның архаикалық сана-сезімі өмірдің айналымынан (тұрмыс-салт, күн тізімдік циклдер), мифтік және діни (кейінірек) көзқарастардан қалыптасқан. Сонымен қатар, көне фольклорлық музыканы белгілі бір халыққа тән жанр құру сипаттарына қатысы теңестіруге болады. Мысалы, славян халықтарының фольклорында көне қабатқа күн тізімдік, егіншілік, артель әндері, жылау әндері, балалардың санамақтары және үйлену тойының әндері жатады. Ал эстондықтарда – руникалық әндер, түркмендерде – аяқ-ляле, қазақтарда — тұрмыс-салт әндері, салт фольклорымен қатар сарындар да жатады. Жоғарыда аталған көне мәдениеттің басқа белгілері (оның пайда болуы мен еліктеушіліктен бастап) әртүрлі тарихи кезендерде әртүрлі дәрежеде әртүрлі көрініс табады.
Өнердің байырғы түрлерінің қалыптасу мәселелері, олардың функционалдық және әлеуметтік маңызы, жанр үдерістерінің пайда болуы мен дамуы, олардың табиғи-географиялық жағдайларымен өзара байланысы мен өзара тәуелділігі — өзінің күрделілігіне қарамастан, этнографтардың, мәдениеттанушылардың, өнертанушылар мен музыкатанушылардың назарын әрқашан аударып отырған.
Бұл тұрғыда бейнелеу өнері зерттеушілерінің ежелгі мәдениетке арналған еңбектерінің жетістіктері ерекше көңіл аудартады. Оның ежелгі түрлері бүкіл әлемнің әр бұрыштарында, көптеген халықтар. Мен этностардың ескерткіштерінде сақталған. Бұлар — әртүрлі белгілер, мүсіндер, тасқа салынған суреттер мен нышандар, алғашқы адамдардың сиыну ғұрыптарының, аңшылығының; тұрмысы мен билерінің бейнелері. Бұл – көне мәдениеттің нағыз парадигмалары, олар архаиканың бұл түрінің сакральдік мазмұны мен тұрмыстық қолдануы, оның тәсілдері мен пішіндері жайлы толық, түпнұсқалық сипаттама береді.
Байырғы өнердің бастаулары, оның тарихи құбылыстармен байланысты даму жолындағы заңдылықтары белгілі тарихшы-этнограф Э.Б.Тайлордың (1832—1917) іргелі еңбектеріңде нақты қарастырылғаи. Бұл ғалымның алғашқы қауым мәдениетін зерттеуге қосқан зор үлесі оны талдайтын әдістерді тапқанында, сол ашқан жаңалықтың нәтижесінде жалпы адамзаттың тарихи-мәдени үдерістерінің көп түсті панорамасы айқындалып отыр. Э.Тайлор белгілеген процестер адамзаттық мағынасымен қатар әмбебаптылығымен де сипатталады. Ғалым байырғы мәдениеттің қалыптасуын бірнеше кезеңдерге бөліп, соның ішінде жеке аймақтар мен ұлт топтарының өзгеше белгілерін анықтаған. Э.Тайлор мәдениет ұғымын көп аспекті тұрғылардан талқылап, әртүрлі халықтардың алғашқы қауым мәдениетінің қайнарларын, т.с.с. олардың рухани дүниесіне қатысты діни-сенімдерін, заң және өнегелік қағидаларын қарастырады. Өзінің іргелі зерітеуінде ол жер шарының көптеген халықтарының діни салттары жайында (әдет-ғұрып, дұға) көптеген мәліметтерді келтіріп, фольклордың нұсқаларын (миф, мақал-мәтел, жұмбақ, т,б.) да көрсетеді. Ғалымның жан-жақты білімдарлығы оның әртүрлі континенттер мен нәсілдердің көне мәдениеттерін салыстырып, араларында ұқсастықтарды тапқанында көрінеді.
Тайлордың еңбегінде музыканың бастаулары туралы тікелей айтылмаса да (балалардың ойындары менноталық жазбалары жоқ әндерден басқа), оның зерттеуі алғашқы қауым музыкасының болмысына қатысты кейбір мәселелерін түсіндірудің алдыңғы себептерін (жағдайларын) дайындайды. Әсіресе, оның халықтардың рухани дамуындағы мәдени сабақтастығы туралы идеясы болашаққа бағытталған болып келеді. Этнограф-ғалымның бұл ойының жалпы музыка мәдениетінің мәселелері мен қазақтың дәстүрлі музыкасының (оның ішінде сарынның) зерттелуіне де қосатын маңызы зор.
К.Штумпфтың еңбегінде, сонымен қатар, әннің пайда болуы мен оның алғашқы түрлері, ежелгі музыкалық аспаптар туралы мәліметтер берілген, көне көпдауыстылықтың түрлері, ырғақтық теория мәселелері көрініс тапқан. Кітаптың қорытынды бөлімінде ғалым қазіргі кездегі музыкатанудың музыкалық-теориялық жүйелері (оның ішінде дыбысқатар, тональдік, дыбыстардың саз-ырғақтық ұйымдасуын, үйлесімділігі, полифония, т.б.) туралы баяндайды. Лекцияларының V тарауында К.Шгумпф музыка мәдениетін зерттеу барысында салыстырып таңдау әдісін қолдануды негіздейді. Ғалымның ойынша, нағыз ұлы құбылыстардың маңыздылығы оларды терең зерттеп, одан әрі күшейе түседі. Көркем өнерді салыстыру әдісімен зерттеу оның стильдерінің көптеген түрлері мен бағыттарын ашу арқылы шынайы объективті ақиқат құбылыстарды аңғартады. Ол өнер адамы үшін шабыттың бір түрі бола алады (мысалы, Шығыс мәдениетінің Гете мен казіргі заман суретшілерінің шығармашылығына тиген ықпалын еске алуға болады). К. Штумпфтың ой-пікірлерінің дұрыстығын растай отырып, ол өз заманында Шығыстың ұлы ойшылы, ғалым-
энциклопедисі Абу Насыр Мұхаммад әль-Фарабидің музыкалық-
теориялық еңбектерін білмегені, әсіресе, қазіргі музыкатану
ғылымы бастау алған белгілі «Музыка туралы трактатына»
Штумпфтың қолы жетпегені өкінішті.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Ысқақов Б.Ы. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы. –Алматы, 2005.
- Қоспақов З.Қ. Сыр тартқан тарихынан әншілердің. – Алматы, 2005.
- Қазақтың әншілік өнері.Алматы, 1999.
- «Жұлдыз» журналы Қазақстан жазушылар одағы. Алматы, 2004