Хамзина Гульмира Қонақбаевна — бастауыш сынып мұғалімі, олигофренопедагог, ШҚО білім басқармасы «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ.
Зерде бұзылыстары бар білім алушылардың өзіне тән қабілет, мүмкіндіктері болады. Кейбір білім алушылар арнайы оқу бағдарламасындағы қарастырылған материалдарды толық меңгере алмайды. Сондықтан мұғалімдер оқу материалдарын білім алушының қабылдау деңгейіне байланысты жеңілдетіп беруге мұқтаж болады. Аталған білім алушыларға қазақ тілін оқыту барысында көрнекіліктерге аса назар аударылады. Ол жаңа тақырыпты тереңірек түсінуге көмегін тигізеді. Білім алушылар қолмен ұстап, көзімен көріп қайталап айтып отырғандықтан олардың есте сақтау қабілеті дамып, білім мен біліктілігі арта түседі.
Осы орайда мектепішілік бастауыш сыныптар аясында өткізген ашық сабақ жоспарымен бөліскім келді.
Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен жазылатын сөздер (бекіту сабағы)
Оқу мақсаттары:
3.1.6.2 мәтіннен қажет сөздерді табу, жазу
3.5.1.1 қазақ тіліне тән әріптері кездесетін сөздерді дұрыс жазу
3.5.1.2 бас әріп, буын, тасымалға қатысты ережелерді есте сақтау, қолдану
3) Тәрбиелік.Оқушыларды отанын сүюге, адамгершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, бағыттар, белгілер, макеттер.
Сабақтың түрі: Саяхат- сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан алақай,Қуанатын күн келді.
Қайырлы күн , қайырлы!Сәлеметсіздер ме , қонақтар!– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Мағынаны тану кезеңі Мен сіздерге мынадай ойын ұсынғым кеп тұр. Ойын «Бір дыбыс » деп аталады. Шарты: Балалар шеңбер жасайды. Жүргізуші дыбысты айтқанда бала жылдам сол дыбыстан басталатын тілек сөздер айтады. (орындарына жайғасады)
Оқушылар көңілін сабаққа аудару: «Менің Қазақстаным» бейнетаспасын тамашалау
— Балалар, сендер мына роликтен нені көрдіңдер? (Қазақстан қалалары, карта) Олай болса ,балалар, -Қазақ тілім-өз тілім, дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастарелейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым бақытым қазақ тілі,- деп осы төрт шумақ өлеңмен қазақ тілінен бас әріппен жазылатын сөздер туралы білімімізді бекіту сабағын бастап кетейік. Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Бүгін сендермен кең байтақ еліміздің бас қаласы Нұрсұлтанға саяхатқа шығамыз.
— Саяхат деген сөзді қалай түсінеміз?
— Саяхатқа немен шығуға болады? (Балалар жауабы) Мінеки, біздің жол жүру сызбасы (картасы).
— Саяхатқа шығу үшін бізге автобус керек. Біздің маршрут Өскемен-Нұрсұлтан деп аталады. Міне біздің автобусымыз . Ендеше автобусқа отыру үшін бізге не қажет деп ойлайсыңдар? Әрине билет керек. Билет алу үшін өткенді қайталайық.
2. Өткенді қайталау: — Қазақ тілінде неше әріп бар?
-Әріпті қайтеміз?, дыбысты ше?
-Сөз неден құралады?, сөйлем ше?
-Қандай сөздерге кім? не? сұрағы қойылады?
-Қандай сөздер бас әріптен жазылады? (жақсы, балалар , билет қолымызда енді автобусқа отырайық)
3. Ой қозғау: «Құжат тексеру» тапсырма: берілген сауалнаманы толтыру
— Аты:
— Тегі:
— Тұратын жер:
— Оқитын жер: (жолсерік бізге сәт сапар тілейді, балалар)
4. 1- інші аялдама- Семей қаласы. Тапсырма: тақтамен жұмыс
Тақтадағы сөздерді мағынасына қарай ұяшықтарға салу. (жер-су аттары, кісі аттары, жануарлар аттары)
2-інші аялдама- Павлодар қаласы. Тапсырма: дәптермен жұмыс
1. Балалар дәптерімізіді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. 7-жаттығуға назар аударамыз. Шартын оқушыға оқыту. Мәтінді көшіріп, бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
2. Бұл сөздер неге бас әріппен жазылған? Ненің атын білдіреді?
1)Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздің тиістісін жазып, түсіндір.
Бақта ……………….. гүлі өсіп тұр.
Бүгін ………………… кезекшілік атқарды. (раушан, Раушан)
Сергіту сәті: «Сөз ойла, тез ойла» ойыны (аталған әріптен басталған қыздардың аттарын атаймыз.)
«Кім тапқыр» — Қанат, Марат екеуі, қамшы өре алады. Талғат, Талап екеуі тамаша ән салады. Самат, Санат екеуі Төгілтіп күй шертеді. Болат, Бақыт екеуі біледі көп ертегі. Балаларды өнерлі есептеп көр сен енді (балалардың атын атап, санын айту)
3-інші аялдама – Ерементау елді мекені. Тапсырма: терме диктант (Қандай сөздер бас әріппен жазылған? Берілген мәтіннен балалардың атын теріп жазу)
4-інші аялдама – Нұрсұлтанға да келдік. Тапсырма: жұптық жұмыс (дидактикалық үлестірмелі карточкалар)
1-карточка:Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз, жазылуын түсіндір
. стана, Ақ . өбе, Пав . одар, Қос . анай,
. ымкент, Өс . емен
2-карточка:Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз, жазылуын түсіндір
Ақ . өс, Ақ . ол, Бар . ик, Құла . ер,
Жол . ыаяқ, Тай . ас
3-карточка:Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз, хазылуын түсіндір
. ртіс, Бал . аш, Зай . ан, Жайы . , . лакөл, Ма . қакөл
5.Үй тапсырмасы: Нұрсұлтан қаласындағы көрікті ғимараттардың аттарын жазып келеміз. (фотосуреттер)
6. Қорытынды. Рефлексия : біз жолды неге қарап жүріп отырдық, бұл сызба қалай аталады? (карта)
— Нені білдік? (карта, маршрут, Қазақстан қалаларын)
— Нені білеміз? (бас әріппен жазылатын сөздерді)
— Нені білгіміз келеді? (басқа да елді мекендерді, олардың қалай жазылатынын)
Саяхатымыз аяқталды, біз кімге рақмат айтамыз, әрине автобуспен бізді жеткізген жүргізушіге: Жол сапарда әрқашан, жеткізетін үнемі Сәт сапар -деп тілейік . Жүргізуші ағайға рақмет сізге мың алғыс
7. Бағалау. Жол бойы сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.
Нұрсұлтанды аралап, Өскеменге қайтар жолда көңіл-күйлерің қалай? (көніл-күй белгілерін тақтаға ілу).
Сабақ бекіту сабағы болғандықтан алынған тапсырмалардың барлығы қайталау, пысықтау масатында болды. Сабақ құрылымындағы ұйымдастыру кезеңінде психологиялық көңіл-күй, мағынаны тану кезеңдерін қолданылды. Қызығушылықтарын ояту мақсатында бейнетаспа пайдаланылды. Саяхат –сабақ кезінде ой қозғау, бағдарлау-мотивациялық кезеңінде тапсырмаларды түрлендіріп жұппен орындау әдісін пайдалану өз нәтижесін береді..Қазақ тілі пәні басқа да пәндермен тығыз байланысты болғандықтан, осы типті сабақтарда білім алушылардың енжар сөз қоры, белсенді сөз қорына ауысуына, сөйлем құрау дағдыларының дамуына, тіл дыбыстарын дұрыс айтып бекітуіне, сөйлеудің просодикалық жағының жетілуіне қолайлы жағдай туындайды; танымдық ерекшеліктеріне сай білім алушылар өз ойын жеткізуге дағдыланады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Биисова А. Қ. т.б.
Қазақ тілі. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептердің (сыныптардың) 3-сыныбына арналған оқулық / А. Қ. Биисова, А. А. Байтурсынова, Л. Ж. Джусупкалиева. – Алматы: «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2020. – 148 б.
- Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 78- қосымша - http://www.google.kz/