+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Ербалина Ж. Т.,

 «Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 5

жалпы білім беретін мектеп-

бөбекжай-балабақша» кешені» КММ-нің

математика пәні мұғалімі Шемонаиха қаласы

       Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.

       Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан- жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

       Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

       Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым- қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

       Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын сыни тұрғыдан ойлай білетін, тұлға дайындау болып отыр. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім». Біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы-білім ордалары десек, оның тірегі мұғалімдер қауымы. Ұстаз алдындағы зор міндет дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сондықтан да, білім беруде реформалауды жүзеге асырау сатысы-іс-тәжірибені өзгертуді жүзеге асырушы: кәсіби-педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ. Мектеп мұғалімдері әдістемелік кешенді құру және әдіс-тәсілдерді дамыту мәселелері төңірегінде бірлесе жұмыс жасағанда ғана мектептегі білім мазмұны жаңарып, жетіледі, жұмыста оң өзгерістер пайда болады. Білім сапасын арттыру мен бағалаудың және білімге ынталандырудың пәрменді әдіс-тәсілдері жүзеге асырылады.

     Заманауи мұғалімнің оқыту мен білім берудегі мақсаты: оқытудың жаңа әдіс- тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгішітік, танымдық іс- әрекетін дамыту, өмірге көзқарасын қалыптастыру және оқушылардың игерген білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.

      Өзіндік көзқарасымды орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген Кембридж оқыту әдістемелерінен бастар болсам, мен бұл әдістің негіздемесімен бірінші деңгей бағдарламасын оқу барысында таныстым. Кембридж тәсілінің негізгі философиясы сындарлы оқыту идеясы субьект- субьект моделін танытуға, іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа әдіс болып есептеледі. «Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.»

            Оқытудың бұл түрінде-оқушы мен оқушы арасындағы, құрбы-құрдастармен әлеуметтік байланыс жасауда белсенді түрде білім жинақтайтындығымен құнды, табысты болып саналады. Сындарлы оқытуға негізделген тәсілде Сын тұрғысынан ойлауға үйрету ең басты әдіс болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің мақсаты- мұғалімді және оқушыны сыни тұрғыдан ойлатуға үйрету болып табылады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. «Біле бер қанша білсең-тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле,біле» деп Ж.Баласағұн айтқандай бұл сауалдың «сөз төркіні» әрбір ұстаз орта білім беру жүйесіндегі әлемдік озық жаңа әдіс- тәсілдерді оқып -үйрену және кәсіби білімі мен біліктілігін дамыту керек.

           Мұғалімнің сабағында жаңа әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, дұрыс нәтижеге жетсе, мұғалімнің мақсатының орындалғандығы. Мен өз сабақтарымда яғни, математика пәндерін өту барысында сабақ мақсаты мен міндеттерінің сабақтаса қойылуына үлкен мән беремін. Сондай-ақ берілетін білімнің көлемі мен сынып оқушыларының білім деңгейі де ескерілуі қажетті.

           «Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.» Оқушының алған білімін өзі өңдеп, қорытындысын өзі дайындауға үйрету керек. Сонда ғана оқушы шығармашылыққа бет бұрып, ізденімпаздықты үйренеді. Мұғалім — басқарушы, ұйымдастырушы. Оқушы — ізденуші, орындаушы. Әрбір сабақтың нәтижеге бағытталып берілуі оқушы құзіреттілігін қалыптастырады.

           Оқыту жүйесі белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты ойластырылып, тиімді қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың білімді меңгеруіне жеңіл тиеді. Мұғалім әдістемесі көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады.

           Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеу-лердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады.

Оқыту мен білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүйелі қолдануды ұстанамын.

7-сыныпта өткізген «Бөлімдері әртүрлі бөлшектердің қосындысы мен айырмасы» тақырыбындағы сабағымда «Блум таксономиясын» қолдандым.

Сабақ түрі: Бірлескен-ізденіс сабағы.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосуды және азайтуды үйрету; ең кіші ортақ бөлімді табу, қысқаша көбейту формулаларын, рационал бөлшектердің негізгі қасиетін рационал бөлшектерді қосуда және азайтуда қолдануды меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

      — бөлшектің қасиетін, жай бөлшектерді қосу және азайту ережелерін қолдана отырып, оқушылардың білім және білік дағдысы дамиды, өз бетінше есеп шығару, іздену, шығармашылықпен еңбек ету қабілеттері шыңдалады .

      — оқушылардың нақты жауап беру, шапшаңдық және алған білімдерін практикамен ұштастыруда өз білімін көрсете алатын қасиеттері ашылады.  

      Сабақ кезеңдері:

І кезеңде — «Көпір» тапсырмалары: Сұрақ- жауап; «Лездік» тапсырмалар

ІІ кезеңде – «Білу» тапсырмалары; «Түсіну» тапсырмалары.

ІІІ кезеңде – оқулықпен өз бетімен іздену әдісі: «Талдау» тапсырмалары; ІҮкезеңде — практикада бекіту әдісі: «Қолдану» тапсырмалары

Ү кезеңде — «Жинақтау» тапсырмалары; «Баға беру».

ҮІ кезеңде — тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау.

Сабақта жеке, жұппен және топпен жұмыстар жүргізілді. Тәуелсіз сарапшы- сынып оқушысы «Сыншы дос» сабақтың өн бойында бақылап, сабақ соңында рефлексия жасады, өз бағасын берді. Әрбір оқушы алдарына берілген «Бағдарлық картаға» өз жауаптарын белгілеп отырды. Табыс крийтерилеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейлеріне қарай өз-өзін бағалады.

Оқушыға арналған «Бағдарлық карта»

Күні:__________________

Аты-жөні: ______________________

Сабақтың тақырыбы: “Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту”

Кезеңдері  ТапсырмаларБағалау
«Көпір» тапсырмалары  Бос орынға қажет сөзді жаз: 1. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын………,бөлімін……….керек. 2. Бөлшектің алымы мен бөлімін (0-ден өзге)бірдей санға бөлу бөлшекті………деп аталады. Айырмашылықты тап: Берілген өрнектердің айырмашылығы неде? Лездік тапсырмалар (А,В,Сдеңгейі) бөлшектерді қысқарту есептері(белсенді тақта) 
Білу  Қандай ереже? Берлген формулалар бойынша ережені тұжырымдау керек   
Түсіну  Ауызша есептеу тапсырмалары беріледі.Тақырыпқа сәйкесті проблемалық тапсырма (есеп) беріледі.   
Талдау  Оқулықтағы 3,4 мысалды топпен орындау   
Жинақтау  Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасын табу алгоритмін(амалдар тәртібін) тұжырымдау керек.   
Қолдану  Оқулықтан А,В,С-деңгейлері бойынша есептер беріледі   
Жинақтау  Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасын табу алгоритмін(амалдар тәртібін) тұжырымдау, Блок-схеманы толтыру керек.   
Баға беру  Сен қалай ойлайсың? Рационал бөлшектер мен жай бөлшектердің айырмашылығы неде?   
Кері байланыс Рефлексия  Не оңай болды? Не қиын болды? Нені үйрендің? Сабақта қандай әсер алдың, сабақтағы өзіңе ұнаған белсенді қатысқан сыныптасына тілек, стикерге жазу   
Табыс критерийлері  1. Өткен тақыпрыптар бойынша мәліметтерді білемін. 2. Ережелер мен формулаларды қолдана аламын. 3. Есепті шығара аламын ,ойымды жеткізіп айта білемін Смайликтерді пайдаланып,оларды белгілейді 
Үйге тапсырма  А,В,С-деңгейлері бойынша есептер беріледі   

       Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн.» [1]

       5-сыныпта «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбына өткен танымдық-ізденіс сабағының мақсаты — ел тарихындағы ұлы тұлға М.Б.Ықсанов ағаға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуде М.Б.Ықсановтың жобасымен салынған қаламыздың көрікті ғимараттары салынған жерлерге «ойша саяхат » жасау. Есеп шығара білу-математикаға қабілеттіліктің критерийі болғандықтан ғимараттар суреттеріне сәйкес деңгейлік тапсырмалар берілді.

       Бағалау: «Бүгінгі сабағымызды қала өмірімен сабақтастыруымыздың мәні неде деп ойлайсыңдар?» (М.Б.Ықсановтың туған күні) «Сыйға берілген суреттер “сыры” неде?» Сабақ оқушылардың ой — толғанысымен (эссе ) қорытыланды.

           «Сындарлы оқытудың басты тұжырымы — оқушының ойлауын дамытуда бұрынғы алған білімдері мен жаңа білімдерін сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және құрдастарынан алған білімдерімен жүзеге асыруға негізделген.»

       Математика сабағында өзара бір-бірінен үйрену үйретуде бірлескен топтық жұмыстарды қолданамын. Сабақ беретін сыныптарымда оқушылар оқыту үшін бағалауда табыс критерйиімен жұмыстануды үйренді.

       5-сынып. «Оң сандар және теріс сандар». Оқыту үшін бағалауды пайдалану.

       Оқыту мақсаттары:

1. Шамалардың өзгерістерін оң сандармен және теріс сандармен жаза білу.

2. Өрнектердегі оң сандармен мен теріс сандарды жазу.

3. Оң сандар және теріс сандармен есептеудің қажеттілігі, күнделікті өмірдегі

қолданылуы және білімдегі маңыздылығын түсіну.

       Табыс критерийлері:

1. Шамалардың өзгерістерін «+» таңбасымен оң сандарды және «-» таңбасымен теріс сандарды жазатынын білемін.

2. а) Берілген өрнекте оң сан бірінші орында тұрса, оның алдына «+»таңбасы

қойылмайтынын білемін. Мысалы, +5а-3= 5а + 3

ә) Берілген өрнекте теріс сан бірінші орында тұрса,оның алдына «-»таңбасы

жақшасыз жазылатынын білемін. Мысалы, ( -) 4в+3= — 4в+ 3

в) Берілген өрнекте теріс санның алдында «+», «*», «/» таңбалары тұрса,онда «-» таңбасы жақшаға алынып жазылатынын білемін. Мысалы, 2+ (-)5; 8- (-)6.

3. Күнделікті өмірдегі оң сандар және теріс сандардың қолданылуын түсіндім.

       Жаңа әдіс- тәсілдерді оқып үйрену \үйрету нәтижелері.

       Мұғалім үшін:

       — оқыту мен оқу үдерісінде жиі қолданылатын топтық жұмыстың жаңа тәсілдері іс – тәжірибеде көрінеді;

       — топтық жұмыстың оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруі (құзырлы оқытудың маңызды факторы) үшін тиімділігін біледі;

       — оқушылармен жүргізілетін топтардағы бірлескен жұмыстарда өзара әрекеттестікте проблемаларды шешу стратегияларын анықтайды.

       Оқушы үшін:

— бірлесе отырып, сабақтағы ең басты проблемаларды анықтайды;

— сыни ойлау шығармашылық деңгейлері шыңдалады;

— ақпарат құралдарымен және интернет сайттарда жұмыс істеуді меңгерді;

— кері байланыс, рефлексия жасау, дереккөздермен жұмыстанады;

— ОүБ мен табыс критерийлерін және өзара, өзін- өзі бағалауды үйренеді.

           Нәтиже: Білім сапасы артады, оқу сапасын арттыруда мақсатқа жетуде бірлескен жұмыс болады. Тапсырмаларды орындауда бірлесіп шешуге, нәтижеге жетуді үйренеді.Топта ішкі топтарға бөлінеді,топтық жұмыстардағы белсенді көшбасшылық, ынтымақтастықтағы қарым-қатынас орнайды. Сыни тұрғыдағыдан ойлау дағдылары қалыптасады, бұрынғы алған білімдерін жаңамен байланыстыра біледі.

          Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда сабақ беру кезеңіндегі өз тәжірибемнің нәтижесінен түйіндегенім, әрине «дәстүрлі» сабаққа үйренген оқушыларымды жаңа жүйеге үйрету бірден аспағанын, белгілі бір уақыт қажет болғанын айтпай кетуге болмас, дейтұрғанмен өзім үшін де, оқушы үшін де жаңа бетбұрыс болғаны анық. Сабақтарымда топтық тәсілді тиімді қолданудың оқушының өзіндік білім алудағы нәтижелілігін ұғындым, ОүБ-да табыс критерийінің өз білімін бағалаудағы табыстылығы көрінді. Көшбасшылық қасиеттерін айқындауда, кейбір бұйығы отыратын оқушыларға қозғау салып, «өзіндік менін»оятуда тиімділігі болды.

             Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған, шығарма-шылықпен ойлайтын оқушылар қажет. Заманауи білім берудің стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан -жақты дамыту болып табылады.

Әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан-2050»жолдауы

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық-І, 2012.

3. С.Мирсеитова , «Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту ретінде.»

4. Ғаламтор сайттары.ustaz.kz\bolimderi\file\, sabad.kz.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype