+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің әлеуметтік ерекшеліктері

Аманова Ж.А.

«Үміт балалар үйі» КММ тәрбиешісі,

 ШҚО Өскемен  қаласы

«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп Мұқағали Мақатаев айтқан. Балалық шақ – қамсыз,    мұңсыз,    қызықпен    өтетін бақытты балалық болуы тиіс. Бірақ та балалық шағында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар сол бақытты сезініп жүрген жоқ. Үкімет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілгенімен, ата-анасының орнын алмастыра алмайтыны белгілі. Елімізде балалығында қуанып күле алмаған, ата-анасына еркелей алмаған сәбилер көбейіп барады. Бізде жетім балалар саны көп. Туған перзентіне тасбауыр, ата-аналардың кесірінен жетімдер үйінде өсіп жатқан балалардың тағдыры ешкімді де немқұрайлы қалдырмайды.

Әрине, жетімдер үйі барлық мемлекеттерде бар. Алайда қазақ – ежелде жетімін қаңғыртпаған, жесірін тентіретпеген халық. Әрине, бұл тек жеке бастың емес, қоғамның қасіреті, балалық шақта қатыгездікке жол, зорлыққа орын жоқ болуға тиісті. Бірақ та мына жарық дүниеге келмей жатып, тастап кеткен анасының қатыгездігін сезінген бала мына жалған дүниеде зорлық, жауыздықтың да орын алатындығын ерте сезініп өседі. Қорғансыз баланың отбасында, қоғамдық орында қорлық не зорлықты көріп, бұл өмірден алыстап қалуы, әлемнің барлық елдерінде жиі орын алатын қауіпті құбылыс.                     Адамзат санасын уақыт билеген қазіргі нарық заманында үлкендер баланың ішкі сырына көңіл бөле бермейді. Балалар үйі жағдайларында балалар және жасөспірімдермен рухани-өнегелік жұмыс жүйесінің негізгі позицияларын жаңартудың, тәрбиеленушілерді жалпыадамзаттық құндылықтар туралы біліммен қаруландырудың, өнегелік категориялары аясында адамзаттың рухани мәдениетіне қатыстырудың, балаларда өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеу қызметі мақсатымен ұштастырылуда. 

Тәрбиеленушілерді  әлеуметтік  қорғауға,  олардың әлеуметтену процесіне көмек беру мен қолдау жасауға бағытталған. Бұл бағдарлама тәрбиеленушілерде оңды бағытталған өмірлік жоспарларды, кәсіптік ниет-пиғылдарды, әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыру; жасөспірімдерде өмірдегі табыстарға ұмтылушылықты дамыту міндеттерін көздейді. Бағдарлама маңызды жеке тұлғалық қасиеттерді дамытуға жағдай жасайды, балалар үйінен шыққаннан кейін проблемалық жағдаяттарға қарсы тұра білу икемділігін дамытады.

        Баланың әлеуметтік, психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айырылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық, әлеуметтік жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей басады. төмендейді де, интеллектуалдық дамуын нығайту жұмыстары  ерекше жолға қойылған.

Өскемен қаласындағы «Үміт балалар үйі»  маңызы бар бірден бір ұлттық үй болып есептеледі. Оқу-тәрбие процесі «Жамбыл облысы білім беру мекемелері үшін 2020-2021 жылдарға арналған тәрбие процесінің кешенді бағдарламасына» сүйене отырып, халықтық педагогиканың ең жаңа технологияларына негізделеді. Балалар үйінде бейнелеу өнері, аспаздық, қолданбалыөнер, ағылшын тілі, ұлттық аспаптар, ән, хореография, сахналық өнер үйірмелері жұмыс істеуде. Бұл тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуы мен жеке қабілеттіліктерін ашуға мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында лекциялар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен   кездесулер жүйелі   өткізіледі. Мұдай шаралардың барлығы балалардың толықанды тәрбиелі, саналы болып шығуына өзідік әсерін берері сөзсіз.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype