+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Математика сабағында оқушылардың өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту

Калиева Манигаш Смагулбековна

Абай облысы, Семей қаласы, Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназия, математика пәні мұғалімі

Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған өзіне сенімді, Отанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Қоғамның өркендеуіне, дамуына, онда болып жатқан өзгерістерге байланысты біздің мемлекетіміздегі білім саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

         Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуіне бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу, өз бетімен өмір сүруге даярлаудың негізі болып табылады.

         Өз бетімен оқушының білім, білікті меңгеруі,оларды қабылдау тәсілдерін игеру үшін мұғалімнің қатысуынсыз ұйымдастырылатын іс-әрекет. Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығ, шығармашалық қабілеті оянады. Сондықтан өз бетімен жұмыстың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілділігі, қанша уақыт орындалатынына назар аударған жөн. Өз бетімен жұмыс сабақтың кез келген уақытында беруге болады:

  • Жаңа сабақ тусіндіру кезінде
  • Қайталау сабағы кезінде
  • Сабақты бекіту кезінде

     Сабақтың мазмұнына, тақырыбына қарай сабақта бірнеше өз бетімен жұмыс тапсыруға болады. Өз бетінше  жұмысты   ұйымдастыруда    болатын жеке   қасиеттерін ескеріп, жекелей саралап оқыту әдісін қолданған жөн. Өйткені әр оқушының танымдық қабілеті, қызығуы білім бейімділігі әр  түрлі болады. Өз бетімен жұмыс әрекетін ұйымдастыруға бейімделген оқушының әрекетін зерттеу әрекетіне көшеді. Оқушының өз бетімен жұмыс істеу жүйелілігі, бірізділікпен ұйымдастыруға баулу біртіндеп зерттеушілік әдісін қолдануға әкеледі. Нәтижесінде оқушының өзіндік терең ізденіске бастайды.

        Мен, өз тәжірибемде СТО бағдарламасының стратегияларын пайдаланып жүрмін. Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ тұлғаның шығармашылығын арттыруға, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі ойлау процессі болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғагдықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Ол ортада оқушы:

  • Ойлауға үйренуге
  • Өз ара пікірлерімен санаса біледі
  • Әр оқушыға сын тұрғысынан ойлауды қабілеті бар екендігіне сенеді
  • Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді                                                                 

Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:

  • Нақты мақсат қоюға дағдыланады
  • Өзіне деген сенімді артады
  • Оқу процесіне белсенді қатысады
  • Жолдастарынның пікірін сыйлайды
  • Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі
  • Айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады
  • Сараптауға, бағалауға дағдыланады
  • Пәнге деген қызығушылығы артады.

       Әр пәнде тақырыпты ашуда, оқушылардың қызығушылығын оятуда әр түрлі ребус, сөзжұмбақтар шешу арқылы, біріншіден, өткенге қайталау болса, екіншіден, тақырып ашылады. Сол тақырып төңірегінде не білетіндері туралы «миға шабуыл» жасалады. Окушылар сабақ тақырыбын өздері шығарып алып, осы тақырыпка деген қызығушылықпен құлшына сабақ барысын тосатын болады. Оқушылар кластер құрады, әртүрлі сызба, тірек схемаларына сүйене отырып тақырыпқа байланысты не біледі соны жазады (өз біліміне, тәжірибесіне сүйенеді). Бұл жұмыстарды орындау барысында оқушыларда өз күшіне деген сенімділік пайда болалы. Кей кезеңде әр бала немесе әр топ бар жұмыстарын қорғайды, оқушылар бір-біріне қол созады. Бұл кезде ұжым мүшелерін біріктіретін кез болады.

       Сондықтан өз сабақтарымда СТО бағдарламасының «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Менің ойымша», «Топтастыру», «Ой қозғау», «Бес жолды өлең» және т.б. стратегияларын көбірек пайдаланамын.

       Сонымен   СТО бағдарлама стратегияларын пайдалана отырып өз бетімен жұмыс істеуге баулу не береді?

Окушы үшін:    

  • Сыныпта мықты ұжым қалыптасады
  • Оқушылардың сөздік қорлары, ауызекі, жазбаша сөйлеу дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптасады
  • Үлгерім, білім сапасы артады
  • Сабаққа қызығушылық пайда болады, белсенділігі артады
  • Оқушыларда ізденушілік, шығармашылық қабілеттері ашылады
  • Өз ісіне деген жауапкерішлік, сенімділік пайда болады

Мұғалім үшін:

  • Мұғалім тек бақылаушы, жетекші
  • Көрнекі құрал оқушы қолымен жасалады
  • Уақыт тиімді, үнемді пайдаланылады
  • Оқушымен қарым-қатынас түсіністік, сыйластық принциптері кұралады
  • Шәкіртіне дәріс беруден тек ләззат алады
  • Еңбегінің жемісін көре біледі.

         Білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері мен технологияларын игеру бүгінгі күннің қажеттілігіне айналды. Сондықтан да СТО жұмыс істей жүріп, басқа да оқыту технологияларының элементтерін қолдануым білім сапасының жоғарылауына ықпал етеді. Математика сабағында ұтымды әдістердің бірі — деңгейлік әдіспен тапсырма беру. Сондықтан білімді тексеру — білім алушылардың оку жұмысын бақылау, олардың үлгерімін тексеру — бар оқыту үрдісінің ең тиімді жолы болып табылады. Диагностиканы өткізу, әсіресе, педагогикалық іс-әрекеттік диагностика әрбір мұғалімнін өзіндік талдау, өзіндік бағалау машықтарып игеруіне бағытталған. Окушылардың білім сапасын басқару үшін мұғалім оқытудың шарттары ретінде оқу үрдісін шығармашылық тұрғысынан қарастыруға және күтілген нәтиженің жетістікке жетуіне жауапты.

      Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

     Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан — жақты жетілген, ақыл — парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа — қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype