Зейнолдина Гульнафис Кайргазиновна, ШҚО Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің география пәні мұғалімі
Драхмэн мен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады (QCA, 2001). Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастары және өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері болып табылады.
Кері байланыс мұғалімдерге:
біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға;
екіншіден, келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуда бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады (Бағалауды Жақсарту тобы, 1999). Осы ойды негізге ала отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте формативті бағалаудың жүргізілуі маңызды.
Өзін-өзі бағалау «өткен тәжірибені пайымдаудың үдерісі, оқылғаны және қол жеткізілгені туралы нақтылы түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және түсінуге ұмтылыс жасау» түрінде айқындалады (Мунби және қосалқы авт., 1989).
География пәнінде кері байланыс ауызша және жазбаша да беріледі, бірақ нақты болуы керек. Оқушы тарапынан мұғалімге және мұғалім тарапынан оқушыға, оқушыдан оқушыға да жүргізіледі. Әсіресе, ауызша берілгенде тиімдірек. География сабағының соңында ғана емес сабақ барысында да кері байланыс жүреді. Мысалы: Қазақстанның географиялық орны мен шектесетін мемлекеттер жайындағы тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында кескін картамен жұмыс жасата отырып, жеке талдатуға болады. Бұл жерде жүйелі түсіндірмелер жақсыға қарай өзгеруге мүмкіндік береді, қателер оқуды жақсарту үшін қолданылады. Оқушының жетістігі атап өтілсе, оның өз күшіне деген сенімділігі нығая түседі. Кейде оқушыдан алған сұрақтың өзі кері байланыс болып келеді. Географиялық сұрақ-жауап, тілек білдіру, оқушы кеңесі, нақты жұмысты мадақтау т.б ауызша жасалатын кері байланыстар. Географиялық анықтамаларды стикерге жазу, смайликтер арқылы, ашық хат, күнделік жазу сияқты тәсілдер жазбаша кері байланыс. Оқушы электрондық почтадан мұғалімге белгілі географиялық ерекшелігі бар бір материкті жіберіп, мұғалім оған жауап жазса ол да кері байланыс. Мұғалім оқушыдан алған кері байланыс негізінде мысалы: өткен халықтың демографиялық жағдайы жайлы талдау мақсатында осы тақырыпты оқушылардың берген кері байланысын негізге ала отырып, қаншалықты тақырыпты түсінген, түсінбегенін білу арқылы өзінің келесі қадамында ескеріп отыру керек. Оқушы соның негізінде өз жұмысын жақсартып, нәтижеге бағытталады. Сабақта жүргізілетін кері байланыстың әдіс-тәсілдерін, формаларын түрлендіріп отырса оқушының қызығушылығы да арта түседі. Кері байланысқа баға қойылмайды.
Жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс. Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.
«Оқушылар бағалау бойынша көптеген тапсырмаларды орындай алады, бұл тек мұғалімнің уақытын үнемдеп қана қоймай, оқуда, әсіресе, ойлау дағдыларын дамыту барысында пайдалы болады» [1].
Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.
Жұптарда өзара жауап үлгілерімен бағалау туралы Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда пайдалы. Кез келген жағдайда, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады.
- Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.
- Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.
- Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.
- Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім жасамайтын өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.
Гиббстың айтуы бойынша мұғалімдердің оқушылар алған бағаларды, тіпті, жазып та алмайды. Егер осындай стратегияны қолданса, нәтижесінде орташа баға шамамен, 45%-дан 75%-ға дейін артады [2].
Өз құрбысының жұмысын бағалау үрдісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар ұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және төмендейтінін байқайды. Бұл «мақсаттарды» айқындайды. Оқушылар олардан оқу пәнін анық түсінуді, сондай-ақ бірқатар мақсаттарды талап ететін өздерінің сыныптастарының жұмысы туралы пікір қалыптастыруға тиіс. Одан басқа, оқытудың тиімді әдісі болып табылатын оқыту үрдісінен дайын жұмыс шешімдерін алу жолымен мақсаттарды оқып біледі.
Бұл тамаша тәсілдің көмегімен оқушылар сіздің бағалай алатыныңыздан артық орындайды, бірақ оның пайдасы тек бұл ғана емес. Аталған әдіс «жасырын хабарламаны» білдіреді. Ол оқушыларға қателерді болдырмауды және оларды түзетудің жолын көрсетеді, алайда бұдан басқа ол қателерді жібермеуді және оларды түзетуге болатындығы туралы түсінік береді. Ол оқушыларға оқудағы жетістіктің туа біткен талантқа емес, жұмысты тиісінше орындауға байланысты екендігін көрсетеді. Мұндай хабарламаның маңыздылығын асыра бағалау қиын, дәлелденгендей бұл оқушылардың уәждемесі мен жетістіктеріне зор әсер етеді. (Двектің тарату материалын қараңыз, moonfruit сайтындағы дәлелдеме туралы бет).
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс жасау оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру жаңартылған оқу бағдарламасының оқу жоспарын рәсімдеуде маңызды болып табылады. Блэк және басқа авторлар (2003) мұндай тәсіл оқушылардың үлгеріміне жағымды ықпал етіп, оң нәтиже беретінін айтады және мұны бірқатар танымдық талдаулар да дәлелдейді. Бірінші кезекте оқушылардың күшті жақтары мен олар кездестіретін қиындықтарды анықтап алу қажет. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарын бақылау арқылы және жазбаша жұмыстарын оқып тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, географиялық ақпарат әр оқушының үлгеріміне көмектесетін жаттығуларды жоспарлау үшін пайдаланылады. Бұл үдерісті табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер бар: — мұғалімдер оқушылардың география сабағында қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдайды; — мұғалімдер оқушыларға өз жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін ойлап табуға көмектесу мақсатында барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды; — мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу мақсаттарын белгілеу арқылы, мақсатқа жетуді бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді; — мұғалімдер әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре қолданады; — мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері байланыс ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделеді (OECD, 2005). Оқу бөлмесі негізінен күрделі оқу ортасы болып табылады және дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру осы күрделіліктің артуына ықпал етеді. Бұл тәсілдерде оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сыныпта қолдануға болатын тәжірибелік идеялар қамтылған.
Оқушылардың жұмыс туралы тамаша пікір қалыптастыратындығына немесе қалыптастырмайтындығына қарамастан, мұғалім әрбір жағдайға араласпауға тиіссіз. Қажетті нәтиже — оқушылардың өз пікірлерін түсіндіре отырып, қателерді түзету үшін жеке мақсат қоя білуіне байланысты. Егер осындай нәтижеге қол жетсе, бұл көбінесе жеткілікті болады. Мұғалімдер оқушылардың жұмысын бағалауға тиіс емес деп отырған жоқпыз, бірақ оқушылардың өзара бағалауының өте тиімді екенін еске сақтау керек.
Топтардағы өзара бағалау. Оқушылар үш немесе төрт оқушыдан тұратын шағын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Балалар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үрдісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.
Оқушыларға алдымен өз бетінше жекелей орындауға тиісті сұрақтар немесе есептеулер таратылады (белгілі уақытқа).
Оқушылар өздерінің жауаптарын, географиялық негіздемелерін, және географиялық айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келісуге тырысады:
Қандай жұмыс стилі, әдіс, негіздеме, жауап және т.б. жақсы шықты және неліктен?
«Географиялық үздік жауаптың» топтық идеясы. Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)? Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады