+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Бастауыш сыныпта оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін STEAM технологиясын қолдану

Акирова Меруерт Женисовна

бастауыш сынып мұғалімі, педагог – сарапшы,

Шығыс Қазақсатан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойыншы білім бөлімінің

 «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп айтқан. Бұл сөздер бүгінгі білім беру саласында оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, оларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды екенін көрсетеді. Қазіргі мектептерде балалар тек оқып, жаттап қана қоймай, өз ойларын еркін айтуға, сабырлы болуға, ізденуге, дұрыс сөйлеуге және жақсы мінез-құлыққа тәрбиеленуі тиіс. Олар білімге қызығып, өмірге дұрыс көзқараспен қарауды үйренуі қажет. Бұл – жаңа заман мектебінің негізгі талабы. Бастауыш сыныпта бұл өте маңызды, себебі дәл осы кезеңде оқушылар қоршаған ортамен, мектеппен, ұстазбен және біліммен алғаш рет танысады. Олардың сабаққа деген қызығушылығы осы шақта қалыптасады. Егер осы қызығушылық дұрыс бағытта дамытылса, болашақта оқушылардың өз бетімен білім алуға ұмтылуы арта түседі.

Бастауыш сынып – оқушылардың қоршаған ортаға, мектепке және білімге деген алғашқы көзқарасын қалыптастыратын өте маңызды кезең. Бұл шақта балалар мектепті тек оқу орны ретінде ғана емес, екінші үйі, достарымен қарым-қатынас жасайтын жылы орта ретінде қабылдай бастайды. Сондықтан осы кезеңде мектеп құндылықтарын түсіндіру – маңызды міндеттердің бірі болып саналады.Сабақ барысында мектептің оқушыларға беретін мүмкіндіктерін, оның білім мен тұлғалық дамудағы рөлін көрсету қажет. Мұғалім мектептің тек білім беру орны ғана емес, баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін орта екенін түсіндіріп, оқушылардың оған деген оң көзқарасын қалыптастыруы тиіс.Бастауыш сынып оқушылары үшін сабаққа қызығушылықты арттыру – білімге құштарлықты қалыптастырудың басты жолы. Баланың қызығушылығын ояту үшін сабақты түрлі ойын элементтерімен, көрнекіліктермен, интерактивті әдістермен байыту маңызды. Оқу үдерісіне қызықты тапсырмалар мен логикалық ойындарды енгізу арқылы балалардың белсенділігін арттыруға болады. Сонымен қатар, оқушылардың өз ойларын ашық айтуға мүмкіндік беру, жетістіктерін мадақтау, шығармашылық жұмыстарға тарту – олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Мұғалімдер түрлі топтық жұмыстар, рөлдік ойындар, шығармашылық тапсырмалар, қызықты әңгімелер мен іс-шаралар арқылы оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін және білімге деген құштарлығын арттыра алады. Бұл бастауыш сынып оқушыларының мектепті өз өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауына ықпал етіп, білім алуға деген оң көзқарасын қалыптастырады.

Оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту үшін бастауыш сынып сабақтарында  әртүрлі белсенді оқыту әдістерін қолдану тиімді. Мысалы, тәжірибелік жұмыстар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып, білімге деген қызығушылығын арттырады. Қоршаған ортаны зерттеу, табиғаттағы өзгерістерді бақылау, шағын зерттеулер жасау арқылы олар ізденімпаздық пен сыни ойлауды меңгереді. Өмірмен байланыстыру әдісі сабақ материалдарын оқушылардың күнделікті өмірімен ұштастыруға көмектеседі, бұл олардың білімнің маңыздылығын түсінуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, оқушылардың қызығушылығын арттыратын тәсілдерді қолдану – олардың білімге деген ынтасын күшейтудің маңызды жолы. Бұл мақсатқа жетуде инновациялық оқыту әдістерін, әсіресе STEAM-технологияларын қолдану  тиімді. STEM (science, technology, engineering and mathematics). STEM оқу пәндерін біріктіру үшін қолданылатын кең термин. Сондай-ақ, бұл термин білім беру үдерісіне көзқарасты білдіреді, оған сәйкес білім алудың негізі ғылыми құбылыстарын қарапайым және қол жетімді білім алуды жеңілдетеді және процестерді терең түсінуге көмектеседі. STEM аббревиатурасы 2001 жылы АҚШ-тың Ұлттық ғылым қорының (АҚШ үкіметі жанындағы тәуелсіз агенттік, медицинадан басқа ғылымның барлық салаларында фундаменталды зерттеулер мен білім беруді ұсынатын) ғалымдары білім беру және кәсіптік салалардағы тенденцияны белгілеу үшін ұсынылған. STEAM  білім беру жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл әдіс оқушылардың алған білімін практикада қолдануына мүмкіндік береді. Дүниетану сабағында STEAM элементтерін пайдалану білімді зерттеу мен тәжірибе арқылы меңгеруге, мектепті шығармашылық пен жаңалық ашуға мүмкіндік беретін орта ретінде қабылдауға жағдай жасайды. Сонымен қатар, оқу процесіне белсенді қатысып, өз бетінше зерттеу жүргізуді үйренуге және білімнің өмірдегі маңызын ерте жастан түсінуге ықпал етеді.

Павлодар қаласының №2 жалпы білім беру мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3«А» сынып оқушыларында мектепке деген сүйіспеншілік пен білім құндылығы жайлы түсінікерін білу үшін және сабаққа деген қызығушылықтарын білу үшін сауалнама мен сұхбат жүргізілді. Сыныпта 24 оқушы бар: 8 үздік оқушы, 10 екпінді, 6 оқу үлгерімі төмен оқушы бар. Зерттеудің негізгі мақсаты – оқушылардың мектепке деген көзқарасын, сабақтарға деген қызығушылығын және білім алу процесін жақсарту жолдарын анықтау болды. Сауалнама нәтижелері: Зерттеу барысында 24 оқушының жауаптары талданып, төмендегідей қорытындылар жасалды. Оқушылардың 87,5%-ы мектепке қуана келеді, бірақ сабақтың мазмұны мен өткізілу тәсілі олардың мектепке деген қарым-қатынасын айқындаушы фактор болып табылады. 75% оқушы мектепті білім алатын және жаңа нәрселер үйренетін орта деп қабылдайды. Сабақтарда оқушылардың 37,5%-ы қызықты  әдістер арқылы сабақ өтуді ұнатады, ал 29,2%-ы тәжірибелік жұмыстарға қызығушылық білдіреді. Білімнің маңыздылығын 91,6% оқушы жоғары бағалайды, дегенмен кейбір пәндерге деген қызығушылық деңгейі әртүрлі. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оқушылардың мектепке деген қызығушылығы сабақтардың қалай ұйымдастырылғанына, оқыту әдістеріне және мектептегі іс-шараларға байланысты. Сондықтан, сауалнама қорытындысы бойынша сабақтарда STEAM технологиясын қолдану тиімді деп айтуға болады. Оқушылардың жаңа әдістер арқылы сабақ оқу мен тәжірибелік жұмыстарға қызығушылығы жоғары болғандықтан, STEAM әдісін енгізу олардың білім алу процесіне белсенді қатысуын арттырады. Ғылыми зерттеулер, техникалық модельдер жасау және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар сабақтарды қызықты әрі интерактивті етіп қабылдайды.

Қорытындылай келе, бастауыш сыныпта  мектепке деген сүйіспеншілік пен білімнің маңыздылығын қалыптастыру үшін инновациялық әдістер, әсіресе STEAM технологиясын енгізу тиімді шешім болып табылады. Бұл әдіс оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, сабақтарды қызықты әрі интерактивті етіп өткізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, оқушылар мектепті тек оқу орны ретінде ғана емес, шығармашылық пен дамудың ортасы ретінде қабылдап, білімді құндылық ретінде бағалайды, бұл олардың мектепке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етеді.Бұл мақалада бастауыш сыныптағы дүниетану сабағы арқылы оқушыларда мектепке деген сүйіспеншілік пен білімді құндық ретінде қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылады. Сонымен қатар дүниетану пәнінде оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал ететін заманауи әдістер талданады. Мақалада ұсынылған әдістер бастауыш сынып оқушыларының білім алуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың мектепті жақсы көруіне, білімді құндылық ретінде қабылдауына ықпал етеді. Инновациялық әдістер мен заманауи оқыту технологияларының маңыздылығы талқыланып, олардың оқу үдерісіндегі рөлі көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі

1.       Көшербаева Ж.С., Садибекова М.О. Бастауыш сыныпта оқытудың педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдері: әдістемелік нұсқау. – Тараз: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2020. – 48 б.

2.       Адам өміріндегі білім құндылығы. – 2019 жылғы 12 ақпан. Қолжетімді: http://sc0003-atbasar.edu.kz/news/open/id-235542

3.       STEM-технология негізінде орта білім беру мазмұнын қайта құрылымдау. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 120 б.

4.       Заманауи тренд — STEM білім беру бағыты. – Ақтөбе газеті, 2020 жылғы 30 қазан. Қолжетімді: https://aqtobegazeti.kz/?p=94122

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype