+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Математика пәнін оқытуда оқыту үшін бағалаудың тиімділігі

ТОҚТАР А.,
Қарашілік негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі, Күршім ауданы

     Оқыту үшін және оқытуды бағалау - әр сабақтың басынан соңына дейін жүретін үдеріс. Бағалау процесі оқушылар «Мен не үшін оқимын?» - деген сұраққа жауап бере отырып, өздерінің әрбір қадамын, жетістігін формативті бағалайды. Осылай оқуға деген ынтасы, қызығушылығы, пәнге деген сүйіспеншілігі, мұғалімге деген сенімі пайда болады. Оқушы алға жылжуы үшін өзінің деңгейін нақты түсінуі тиіс. Бұнда негізінен бағалаудың екі түрі көрсетілген: оқыту үшін бағалау (формативті) және оқу үшін бағалау (жиынтық). Тағы басқа бағалаудың ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы сияқты түрлері көрсетілген. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керектігі айтылған.

      Сабақтарды жоспарлауда оқыту үшін бағалауды, оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бірін-бірі, критериалды бағалау арқылы жүргізілуін қадағалап өзін-өзі бағалау нәтижесін бағалау мұғалім бақылауы арқылы жиынтық баға ретінде оқу журналына баға қояды. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Ал оқыту үшін бағалау оқушыларға қорытынды немесе формативті бағалау нәтижесінде жиынтық бағаны қояды. Ал ішкі бағалау: сараптық жұмыс, бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, өзіндік жұмыс, мәтінмен жұмыс. Сыртқы бағалау: тест, анкета, олимпиада, ҰБТ, ғылыми жобалардан тұрады.
     Мұғалімнің бағалауы: мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, смайликтер арқылы жүзеге асады. Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Сонымен қатар, мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушыда қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әртүрлі көзқарастар пайда болмайды.
     Сабағымда жиі қолданған әдіс-тәсілдерімнің бірнешеуіне тоқталсам: «Өрмекшінің торы» әдісінде оқушы сұрақ арқылы келесі балаға жіп лақтырады, егер жауап берсе саусағына орап келесі оқушыға сұрақ қойып лақтырады, осылай өрбітіледі. Жауап бере алмаған жағдайда жіп саусағына оралмай келесі жауап берген оқушы саусағына оралуы арқылы орындалады. Екі рет жауап берген оқушы саусағына орап ұпайын еселейді. «Түймедақ» әдісінде оқушы жауабы тақырыпқа байланысты симметриялы болуы керек, күлтелер түстері симметриялы болмаса қателікті бірден байқап, баға өздігінен көрінеді. «Миға шабуыл», «ББҮ» кестесі, «Бәрін білдім» әдіс-тәсілдерінде фишкалар арқылы оқушылар берген жауаптарына сай бағаланады. Балдар бағалау парағына әр тапсырма сайын жазылып отырды. Оқушылардың арасында фишка алуға қызығуышылық жоғары болды. Фишкаларды алған оқушылар бір-бірімен салыстырып, бір-біріне жеткісі келіп, бәсекелестік пайда болды. Қызыл және сары фишкаларды алып қалған оқушылар жасыл фишканы алғысы келіп, тырысатыны байқалды, дегенмен де зерттеудегі сол оқушым қызыл фишкаға қолы жеткеніне риза болды.

     Формативті бағалау кезінде бұрынғыдай неге маған осы баға, оған ана баға деген оқушы болмады, сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп, бағаларын айтып шығып, күнделіктеріне қойып, маған тек қол қойдыруға әкелді. Бір қызығы білімі төмен, зерттеуге алынған оқушы С, бастапқыда өзінің 3-не риза болса, бара-бара сабаққа деген қызығушылығы артып, 4-тік бағаға жететін болды. Себебі, бірінші, екінші тапсырманы орындауда белсенділігі аз болды да соңғы тапсырмаларды орындауда айталық «Бәрін білдім» әдісін қолдану кезінде толықтай тапсырмаға өз көмегін тигізді.
     Бұдан менің байқағаным дәстүрлі сабақтарда тек жиынтық баға қойып, біз оқушыларға тәуелсіздік бермеген екенбіз. Ал оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы көтерілді. Олар бір-бірімен бәсекеге түсті. Өздерінің қолдарындағы фишкаларынан қанша алатынын біліп, соған дайын болды, тез фишкаларын есептеп, неше алатынын алдын-ала біліп отырды және жоғары баға алу үшін фишка алуға тырысты. Себебі бағаға деген ұмтылыстары, бәсекеге қабілеттіліктері артады.
    Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау өте тиімді болып табылады. Бұл бағалау әдістері бойынша оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Математика пәніне деген көзқарасы өзгеріп, қосымша ізденіп, көптеген тапсырмаларды (слайд, тренинг, суреттерді т.б.) дайындап келеді. Сонымен қатар ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы бар. Мұғалімнің бағалауы (мадақтау, ынталандыру, тілек айту және смайликтерді беру) оқушының көңіл күйіне әсер етіп қана қоймай, оны алдыға жетелейді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype