+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Қозғалыс» деген не?

ИЛЬБЕКОВА А.,
Қ.Сәтбаев орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі, Тарбағатай ауданы

     Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ні қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында білдім.
     Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне көшуде. Оған ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздім.
     Біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейін, төменде  жаңаша білім беру элементтеріп пайдаланып өткізген сабақ жоспарымды әріптестеріме ұсынып отырмын.

 

Сабақ: Жаратылыстану

Мектеп: «Қ.Сәтбаев орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы:

«Қозғалыс» деген не?

Мұғалімнің аты-жөні: Ильбекова А.Б.

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.1.1 Түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру.
1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

Сабақтың мақсаттары

 

Барлық оқушылар:  әртүрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіру;
Оқушылардың басым бөлігі: қозғалыстың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау;
Кейбір оқушылар:  жасаған тәжірибесін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Қозғалу, итеру, тарту, жылдамдату, бәсеңдету/жайлату, бағытты өзгерту, тоқтату

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика, музыка, бейнелеу өнері.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Шаттық шеңбері:
Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).

Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады)

 

3 минут

 

 

 

  Сабақтың ортасы

35 минут

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 6 мин

 

 

 

 

 2 мин

 

 

 

  10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 5 мин

 

 

 5 мин

Топқа бөлу
Оқушылардың құлақтарына үш жануардың атын сыбырлап айтып, оны есте сақтаулары сұралады.

Сол жануарлардың қимылын сала отырып, топтасу (пингвин, бақа, мысық)
Қозғалыстың не екенін білетін боламыз

1-тапсырма
(МК, Ұ) Сыныпқа  түрлі қозғалыс мысалдарын көрсету:

•Адамның қозғалысы
•Су мен бұлттардың қозғалысы
•Өсімдіктердің қозғалысы
•Көліктердің жолдағы қозғалысы
•Ұшақтардың қозғалысы

      

 

Бағалау критерийлері      

Дескриптор

түрлі қозғалыстағы денелерді бақылау, жанды және жансыз денелердің қозғалысын әртүрлі болатынын түсіну

зер салып қарайды бақылайды

ойланады

ажыратады

 

— Сендер қозғалыстағы қандай денелерді көріп тұрсыңдар?

— Олар қалай қозғалады?

Оқушылар барлық жануарлар, адамдар және өсімдіктер де қозғалатынын, бірақ олардың қозғалысы әртүрлі болатынын түсінулері керек.

 Жансыз заттар қозғала ма?

Оқушылармен бірге «қозғалыс» деген бұл дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы екені айтылады.

2-тапсырма Ажырат. Мына денелердің қайсысы өз бетінше, ал қайсысы күш түсіру әсерінен қозғалады?

(Т) 1-топ: Бақа мен доп

      2-топ: Ұшақ пен құс

      3-топ: Жолбарыс пен көлік

 

Бағалау критерийлері      

Дескриптор

Суреттерді пайдалана
отырып, денелердің қайсысы
өз бетінше, қайсысы күш
түсіру әсерінен қозғалатынын

ажырату

Ойланады
салыстырады
топта талқылайды
ажыратып,    дәлелдеп
айтып береді

 Сергіту:

Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.

3-тапсырма (Т) Ойыншық көліктің қалай қозғалатынын зерттеу
Нұсқау
Ағаштан төбешік жасау.
Стикер жолағының көмегімен төбешік төбесіндегі бастапқы нүктені белгілейді.Көлікті бастапқы нүктеге қойып, ақырын итереді.
Стикердің келесі жолағымен көліктің тоқтаған жерін белгілейді.
Көліктің бір стикерден екінші стикерге дейін жүріп өткен жолын сызғышпен өлшейді.
Нәтижесін жұмыс дәптеріне жазады.
Әр топ өзінің жұмысын қорғайды. Бір топ келесі топтың жұмысын «Бағдаршам» көздері арқылы бағалайды. Тапсырма дұрыс орындалды деп ойласа — жасыл түсті көзін көрсетеді, жартылай дұрыс болса — сары көзін, дұрыс емес болса — қызыл көзін көрсетеді.
4-тапсырма (Ж, ҚБ) Жазуға арналған тапсырма – итеру мен тарту. Оқушылар итеріп және тартып қозғалта алатын нысандардың суретін топтастыру олардың итеру мен тарту арасындағы айырмашылықты түсінгендігін білу үшін, толтырылған жұмыс парақтарын тексеріп бағалау
Дәптермен жұмыс. «Үш көлік»
Саралап оқыту мақсатында ойыншық көліктердің жүріп өткен қашықтығын өлшеу, нәтижемсін салыстыру, қорытынды жасай алу.

 

 

 

 

 

 

Фотография, суреттер, видео материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойыншық көлік,

сызғыш,

ағаш тақтай

 

Сабақтың соңы

3 минут

Қорытындылау
Кері байланыс

Бүгін не білдім? Мен үшін қызықты болғаны. Әлі де білгім келеді

Бағалау

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Заттардың қозғалысы туралы айтуда қиналатын оқушыларға көмекші сұрақтар беру.
Саралап оқыту мақсатында ойыншық мәшинелердің жүріп қашықтығын өлшеу, нәтижесін салыстыру, қорытынды жасай алу.

Оқушылардың денелердің қозғалысын ажырата білулері бағаланады.

Сыныпта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype