+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына – 25 жыл: бейбітшілік, қауіпсіздік және даму жолындағы әріптестік

НУГУМАНОВ Б.Б.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы

     Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің маңызы зор және саяси салмағы басым болып табылады. Биыл Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақ орнатқанына - 25 жыл. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы бұл ұйымға 1992 жылдың 2 наурызында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46 сессиясында қабылданған №46/224 шешімінің (резолюциясының) нәтижесінде кірген. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі – біздің еліміздің әлемдік қауымдастыққа шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде кіргендігін көрсететін маңызды тарихи акция болып табылады. Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ-мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі.
     Бүгінгі Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымында әлемдік қауымдастықтың қарапайым ғана жаңа мүшесі емес, ядролық қарусыздандыру қозғалысының алдыңғы қатарында тұрған, қазіргі кездегі маңызды халықаралық мәселелерді шешудегі белсенді іс-әрекетті ұстанатын мемлекет ретінде белгілі. 1991 жылы Семей ядролық полигонының Жабылуы мен 1992 жылғы Лиссабон Хаттамасына қосылуы – Қазақстанға үлкен бедел әкеліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары трибунасынан халықаралық қауіпсіздік саласындағы өз бастамаларын жариялауға моральды құқықты қамтамасыз етті.

     Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жалпы құзыры бар, ашық түрдегі халықаралық, мемлекетаралық әмбебап ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай арасындағы келісім негізінде құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 жылдың 26 маусымында қабылданып, 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері: қытай, ағылшын, француз, орыс, испан тілдері. Сондай-ақ, Бас Ассамблеяда, Қауіпсіздік Кеңес және Экономикалық және әлеуметтік кеңес мәжілістерінде ресми тіл ретінде араб тілі де қосылған. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады. Ол: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК), Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес және Секретариат.
     Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан делегациясының алғашқы қатынасқан халықаралық форумы – 1992 жылдың 5 қазанында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 47 сессиясы болды. Аталған сессияда Қазақстанның халықаралық саясаты жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеп, Азиядағы Ынтымақтастық пен Сенім Шаралары жөніндегі Кенестің шақырылуын ұсынып, Қазақстанның экологиялық зардап шеккен аймақтары туралы баяндама жасады.
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар жүйесі мандатын кеңейту шараларын қолдап, осы бағытта белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының (Қазбат) құрылуы, әрі осы батальон сарбаздарының Иракта тұрақтандыру күштері қатарында қызмет көрсетуі болып табылады.
     Қазақстан Республикасы БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі, заңсыз миграция, діни экстремизм және жоқшылықтың таралуымен күресте серіктестік байланыстарын кеңейтуді қолдап келеді.
     1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.
     Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).
     Біздің еліміздің Конституциясы барлық Қазақстан халықтарының теңдігін адамның нәсіліне, жынысына, тіліне, діни сеніміне, саяси көзқарастарына және басқа уағыздауларына қарамай негізгі құқықтар мен еркіндіктердің жариялануы толығымен Венадағы Декларацияға және Адам құқықтары облысындағы әрекеттер Платформасына сәйкес. Қазақстан Республикасының Президенті жанында Адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы — Біріккен Ұлттар Ұйымында адам құқықтарын қорғау облысында халықаралық құжаттардың іске асырылуына бағытталған нақты қадам ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымында өте жоғары бағаланады.
     Біздің еліміз қатысқан халықаралық әмбебап келісімдерінің бірі – Бала құқықтары туралы Конвенция. 1994 жылы аталған Конвенцияның Қазақстан Республикасының Парламентімен жариялануы Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берді.
     Бүгінгі күнде Қазақстан делегациясы сарапшы ретінде ұсынылған  конвенциялар мен резолюциялар баптарының жобалары төңірегіндегі пікірталастарға қатысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Құқық, Халықаралық Сауда Құқығы комиссияларның отырыстарына жиі қатысып келеді.
     1993 жылдан бастап, БҰҰ Дамыту Бағдарламасы Қазақстан өкіметіне нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздағы әртүрлі салалары мен еліміздің барлық аймақтарына нақтылы көмек көрсетіп келеді.
     Қазіргі таңда Қазақстандағы бірнеше экономикалық және саяси реформалардың іске сәтті асырылғандығы ескеріліп, еліміздің ары қарай дамытуының басым бағыттары анықталды, ең маңызды мәселелерді шешуге бірлескен күштердің орталықтандырылған іс-шаралары жұмыс істеуде, олардың ішінде:
     * Әлеуметтік салада – еліміздің білім беру мен ғылым жүйесін жаңарту, жұмыссыздар мен халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға нақтылы көмек көрсету.
     * Экономика саласында – еліміздің шағын және орта кәсіпкерлігін дамытуына, өңдеу өңдірісінің тұрақталуына, ауыл шаруашылығына, транспорттық инфрақұрылыы мен саудаға көмек көрсету.
     * Экологиялық салада – Семей полигонының ауданы мен Арал бассейіні маңын оңалту, Каспий аймағындағы ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға көмек көрсету.
Қазақстан мен БҰҰ Дамыту Бағдарламасы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде бірнеше жаңа бағдарламалардың іске асырылуы қарастырылған, олардың ішінде:
     * Әлеуметтік Даму Бағдарламасы;
     * Еліміздің демократияландыруы мен мемлекеттік басқару жүйесің нығайту Бағдарламасы.
     * Қалыпты даму мақсатда қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы.
     Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім Беру, Ғылым және Мәдениет Мәселелері жөніндегі Ұйымына (ББҒММҰ/ ЮНЕСКО) 1992 жылдың мамырында кіріп, оның келесідей Конвенцияларына қосылды:
     * Білім берерлік, ғылыми және мәдени материалдардың кіргізілуі туралы Келісім, оның А және Е толықтаулары мен 1950 ж. Протоколы.
     * Авторлық Құқық жөніндегі Әлемдік Конвенциясы, ХІІІ Бапқа жататын Декларация мен ХІ Бапқа жататын Резолюция.
     * Әскери жанжал кезінде мәдени құндылықтарды қорғау туралы Конвенция, оның 1954 ж. Атқарушы Регламенті мен Протоколы.
     * Әлемдік мәдени және табиғи мұралардыңң қорғалуы туралы Конвенция.
     * Еуропа елдері аймағының ғылыми дәрежелерін, жоғарғы білім туралы дипломдары мен оқыту курстарын мойындау Конвенциясы, 1979 ж.
* Азия мен Тынық Мұхит елдерінің ғылыми дәрежелерінің, жоғарғы білім туралы дипломдарын, оқыту курстарын мойындау Конвенциясы, 1983 ж.
* Еуропалық аймаққа жататын ғылыми квалификацияларын, оқыту курстарын мойындау туралы Конвенциясы, 1997 ж.
     Қорыта айтқанда, тарих беттерінен көріп отырғандай, Н. Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы мінберінен көтерген бастамаларының көбісі нақты жүзеге асты. Бүгінде әлемдік қоғамдастық Қазақстанды Орталық Азиядағы тұрақтылық пен тыныштықтың мекені ретінде қарастыруда. Тәуелсіз Қазақстан өз аумағында ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілікті сақтай отырып, халықаралық ауқымда дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайту мен дамытуға сүбелі үлес қосуда. Бүгінде Астана мен Қазақстан Президентінің халықаралық қақтығыстарды реттеуге қосып жүрген қомақты үлесін әлем мойындап отыр. 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype