Біз мұғалімдер оқушыларды және оқушылар өздерін бағалау үшін орындайтын барлық шараларды қамту үшін «бағалау» деген жалпы терминді қолданамыз, бұл шаралардың көмегімен оқумен оқыту үдерістерін түрлендіру мақсатында кері байланыс ретінде қолдануға болатын ақпарат аламыз. Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытуды икемдеуде осы дәлелдер қолданылса, бұндай бағалау қалыптастырушы бағалауға айналады.
«Қалыптастырушы бағалау – оқудағы қажеттіліктерді анықтап, сәйкесінше оқыту үдерісін өзгерту мақсатында оқушының алға ілгерілеуі мен материалды игеруін жиі, интербелсенді бағалау» (Луни, 2005, 21-б.).
Ұлыбритания ғалымдарынан құрылған Бағалауды реформалау тобы бағалау оқуға жағымды да, жағымсыз да ықпал ете алатындығын мойындай отырып, оқуға игі әсер ететін бағалаудың сипаттамаларын қорытатын жеті қағида ұсынады:
1) ол оқыту және оқу тәжірибесіне енгізіледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады;
2) ол балаларды оқу мақсаттарымен таныстыруды көздейді;
3) ол балаларға олар ұмтылатын стандарттарды білуде және мойындауда көмек көрсетуге бағытталған;
4) ол балаларды өзін-өзі бағалауға тартуды көздейді;
5) ол балаларды өздерінің алдағы қадамдары мен оларды қалай қолдану қажеттігін анықтауға көмектесетін кері байланыспен қамтамасыз етеді;
6) ол әрбір оқушының өз оқуын жақсарта алатынына сенімін нығайтады;
7) ол оқушылардың да, мұғалімнің де бағалау деректеріне шолу жасап, олар туралы рефлексиялауын көздейді (Броудфут және басқалар, 1999, 7б).
Оқу үшін бағалау – ізденетін, ойланатын, диалогтан, таныстырылымнан, қадағалаудан алынған ақпараттың негізінде әрекет ететін, сол арқылы күнделікті оқуды жақсартатын оқушылардың, мұғалімдер мен сыныптастардың күнделікті жұмысының бөлігі (Кленовски, 2009, 264-б.).
Уильям (1999a; 1999 b, 2000) қалыптастырушы бағалауға мұғалімнің сұрақтарын, кері байланысын және оқушының рөлін (атап айтсақ, табыс критерийлерін түсіну, өзара бағалау және өзін-өзі бағалау) кіргізуді ұсынды. Стиггинс, Артер, Шапюи және Шапюи (2005), оқу үшін бағалау төмендегі 7 әдістен тұрады деп болжам жасаған:
1. Оқушыларға нақты және түсінікті тұжырымдалған оқу мақсаттарын ұсыну.
2. Жақсы және нашар жұмыстарды үлгі ретінде пайдалану және модельдеу.
3. Жүйелі түрде көрнекі кері байланыс ұсыну.
4. Оқушыларды өзін-өзі бағалауға және мақсат қоя білуге үйрету.
5. Бір ретте бір ғана сапа аспектісіне немесе оқу мақсатына арналған сабақтарды әзірлеу.
6. Оқушыларға мәселені мақсатты түрде қайта қарауға үйрету.
7. Оқушыларды өз бетінше рефлексия жасауға тарту және оларға өз оқуының есебін жүргізіп, білімімен бөлісуге мүмкіндік беру.
Қалыптастырушы бағалауды сыныптағы 3 орындаушы (мұғалім, оқушы, сыныптастары) қатысатын үш үдерісті (оқушы неге талпынады, оқушы қазір қай сатыда және қойылған мақсатқа қалай жетуге болады) сыйыстыру нәтижесіндегі «5 негізгі стратегия» ретінде тұжырымдауды ұсынды. Бұны 1-суреттен көруге болады. Бұл модельді де стратегиялардың тек бағалау үдерісімен ғана байланысты еместігіне қатысты сынға алуға болады. Соған қарамастан, оқушы және сыныптастарымен байланысты екі стратегия (Оқушыларды бір-бірін оқытатын ресурс ретінде қолдану және оқушыларды өз оқуы үшін жауапты адам ретінде әрекет етуге тарту) оқу үдерісін реттеудегі ықтималдық сәттеріне ерекше назар аударатын мәселелер деп түсіндіріледі, осылайша 1-суретте көрсетілген сызбада қалыптастырушы бағалаудың тұжырымдамалық негізі ұсынылады.
|
|
Оқушы неге талпынады |
Оқушы қазір қай сатыда |
Мақсатқа қалай жетуге болады |
|
Мұғалім |
Оқудан күтілетін нәтижені және табыс критерийлерін түсіндіру, олармен таныстыру (хабарлау) және оқушының түсінуі |
Оқудың дәлелдерін алуға болатын тиімді пікірталас, тапсырмалар мен жаттығу дайындау |
Оқуда алға жылжуға көмектесетін кері байланыс ұсыну |
|
Сыныптас |
Оқушыларды бір-бірін оқытатын ресурс ретінде қолдану |
||
|
Оқушы |
Оқушыларды өз оқуы үшін жауапты адам ретінде әрекет етуге тарту |
||
1-сурет. Қалыптастырушы бағалаудың бес «негізгі стратегия»
Қалыптастырушы бағалауды әбден меңгеру барысында, мұғалім келесі 4 бағытта алға басуы тиіс.
1. Сұрақтар тәжірибесі:
— ашық сұрақтарды өңдеу үдерісіне көп жігер салу қажет;
— оқушыдан жауап күту уақыты бірнеше секундқа дейін өсу керек, соған байланысты олардың ойласу мүмкіндігі туындайды және әрбір оқушы талқылануға кірісуге мүмкіндік береді;
— талқылаудан кейін орындалатын тапсырмалар, оқушылардың түсіну қырларын ұлғайтуға көмектескендігін көрсету керек.
Сұрақтар мұғалімге керек ақпаратты беретін және оқушының ойлауы қажет тақырыптар бойынша құрастырылуы керек.
2. Бағалау арқылы кері байланыс:
-·жазбаша тапсырмалар ауызша талқылаумен қатар оқушылар зерттеп жатқан негізгі сұрақтарды түсінуге көмектеседі;
-·мұғалімнің толық түсіндірмесі оқушыға жақсы жасалған тапсырмаларды, кезекті жұмысты қажет ететін тапсырмаларды анықтауға, жұмысты дұрыстап, жақсарту үшін қажетті нақты міндеттер қоюға көмектеседі;
— мұғалімнің тапсырмаларына жауап қайтару және орындау мүмкіндігі оқушының оқу үдерісінің міндетті бөлігі ретінде жоспарлануы тиіс.
Кері байланыс тиімді болуы үшін ол оқушының ой-өрісін оятуы қажет.
3. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау:
-·кез-келген жетістіктерді бағалау критерийлері оқушыға мінсіз түсінікті болуы керек, оқушының жұмыс мақсаттары жайлы және оның табысты орындалуы үшін не қажет екені жайлы толық түсінік қалыптастыруға көмектеседі;
-·оқушылар бағалауды өз бетімен немесе сыныптастарымен серіктесіп жүргізу әдетін қалыптастыру керек;
— оқушылар өз сана-сезімінде жұмыс мақсаттарын сақтап және сол мақсаттарға қол жеткізудегі өз оңалысын бағалай білу керек.
Бірін-бірі бағалау және өзін-өзі бағалау оқушының оқу үдерісіне бірден-бір үлесін қосады – олар ешқандай басқа жолдармен бағаланбайтын мәселелерді шешуге көмектеседі.
4. Қорытынды сынақтамаларды қалыптастырушы бағалау ретінде қолдану:
-·оқушыларды рефлексияға және орындалған жұмысты сараптауға еліктіру қажет, сонда олар ол жұмысты дұрыстауға тиімдірек дайындалады;
-·оқушыларды өздері сұрақтарды қойып, өз бетімен жауаптарды тексеруге ынталандыру қажет, сонда олар бағалау қандай түрде өтетінін және жақсартуға қол жеткізу үшін қандай жағдайға көңіл бөлу керек екенін түсінеді;
-·оқушылар өз жұмыстарын қалай жақсартуға болатынын көрсететін критерийледі бірін-бірі және өзін-өзі бағалау барысында меңгерулеріне жәрдемдесу керек.
Бұл мақала оқушы реттейтін оқуды өнімді қалыптастырушы бағалаудың негізгі бір аспектісі ретінде қабылдауға ұсынады, әсіресе, қалыптастырушы бағалаудың «Оқудан күтілетін нәтижені және табыс критерийлерін түсіндіру, олармен таныстыру (хабарлау) және оқушының түсінуі» және «Оқушыларды өз оқуы үшін жауапты адам ретінде әрекет етуге тарту» стратегияларына қатысты.
Сонымен бірге, қалыптастырушы бағалау мен оқушы реттейтін оқу арасындағы ара қатынасты құрудың тағы бір өнімді әдістерінің бірі зерттеушілер мен практиктер арасында өнімді келіссөз жүргізу мақсатында олардың әрқайсысының өзіндік қырлары: оқушы реттейтін оқу ұсынатын теориялық аспектілер мен қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік негіздерін күшейту болып табылады.