+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызы

УТЕЕВА Н.,
«№36 орта мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

       Қазақ тілін орыс сыныптарындағы оқушыларға меңгерту басты мәселесі екендігі жалпы баршамызға белгілі. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың мақсаттары – оқушыларды дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Мұғалімінің негізгі міндеті — қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу.
       Жас ұрпаққа сапалы білім беру, мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан қазақ тілін үйретудегі бастапқы мақсат – коммуникативтік бағытта оқыту деп санаймын. Осының бәрі оқушының жеке тұлга ретінде қалыптасуына әсер етеді, оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады.
       Коммуникативтік құзыреттілік – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.

       Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну.
       Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.
       Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс.Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.
       Тапсырмаларды берген соң оқушылардың білімін,іскерлігін, дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастыру. Пәннің мазмұны, дидактикалық элементтерінің жүйесі құрамында сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем құрастыру, аудару, оқу, жазу болу керек. Сабақта техникалық оқыту құралдары, дидактикалық материалдар, слайдтар, флипчарттар, суреттер және сабақтың әр түрлері, оқыту тәсілдері, сонымен қатар, оқушылардың өзіндік өзгешеліктерін ескеріп отыру. Тілдің қызметі, сөйлесу қағидасы — оқушыларды жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, грамматикалық ережелерді дұрыс қолдануға үйрету. Технологияның элементтерін қолдана отырып, оқушы бойына тіл заңдылықтарын сіңіріп,қолдана білу, ауызекі сөйлеу, мәнерлеп оқу, логикалық ойлау қабілеттерін, сауатты жазу дағдысын тиімді меңгеруді талап етемін.
       Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады.
       Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
       Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.
       Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.
       Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа т.б.
       Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.
       Мысалы, оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:
       а) мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын;
       ә) аудиомәтінді мазмұндатамын, мәтінге сай тапсырмалар орындатып, ойтолғау жаздырамын.
       Осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруда ережелерді өз бетімен қорытуға арнайы тапсырмаларды интерактивті тақтада көрсетіп, тапсырманы өз беттерімен орындау арқылы нәтижеге қол жеткізу тиімді болатыны байқалды. Мысалы, тақтадан алма, жапырақ, өзен, тау, доп, т.б. суреттерді көрсетіп, «Бұл суреттен заттың атын білдіретін сөздерді және сынын білдіретін сөздерді тап» деген тапсырма беремін. Оқушы жауабы дайын сөзді емес, сындарлы жауап іздейтін болады. Қызыл алма – алма заттың атын, қызыл оның түсінің қызылдығын білдіріп, сынын білдіріп тұр» деген жауап аламын. Мәтіндерді толықтырып, ойын жетілдіруге көп нүктенің орнына сөздер жазып, салыстыру арқылы айырмасын табуға, сурет арқылы тануға, ерекшелігін ескеруге, сурет салуға, өз ойын жобалар арқылы дамытуға қол жеткізеді.
       Интерактивті тақтаны орыс топтарында қазақ тілі сабақтарында көру, есте сақтау диктанттары, мазмұндама, шығарма жұмыстарының жоспарын құруда, сондай-ақ сөйлемдерді талдау жұмыстарында қолдану сабақтың тиімділігін арттырады.
Ақпараттар түрлі жолмен беріледі: 5-сыныпта «Менің мектебім. Мектеп ғимараты» аясын өткенде оқушыларға сабақтың мақсатына сай оқулықтағы материалдан басқа қосымша тапсырмалар, жаттығулар беруге болады. Нақтырақ айтсам «Мектеп кітапханасы» деген тақырыпқа өткізген сабағымда АКТ- ны флипчарт арқылы пайдаландым:
       І. Сабақтың тақырыбына шығу (АКТ-ні қолдану уақыты – 3 минут). Жаңа сабақ тақырыбына шығу үшін сөзжұмбақты пайдаландым (жасырын сөздер сурет арқылы берілген);
       ІІ. Жаңа сөздермен танысу кезеңі (АКТ-ны қолдану уақыты – 1 минут)
   Балалар оқыған мәтіндерінен теріп жазған жаңа сөздерді салыстырып, танысты;
       III. Интерактивтік тақтамен жұмыс: Тақтадағы сөздерді көптік жалғауларымен сәйкестендіріп жазды. Әр түрлі тапсырмаларды интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып тиімді орындады (АКТ-ны қолдану уақыты -5 минут);
       IV. «Біздің кітапхана» суретін тамашалай отырып, алған әсерлері бойынша кітапхана тақырыбы бойынша өздерінің өй-пікірлерін айтып, сабақты қорытындылай алды.

       Орыс мектептерінде жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, баланың ойында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан иктерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық-коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті.
       Коммуникативтік құзыреттілікті оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады, яғни тыңдалымда, сөйлесімде, оқылымда, айтылымда, жазылымда. Өйткені, коммуникативтік құзыреттілік осы дағдылардың іске асуын қамтамасыз етеді. Мысалы: отбасы тақырыбын алайық, жаңа сөздерді меңгереміз, сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуына мән береміз. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырып, мәтінмен жұмыс жүргізіледі.
       Коммуникативтік құзыреттілікті оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.
       Ойымызды қорыта келсек, коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттері, танымдық үрдістері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Бұның бәрі дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. Танымдық қабілеттер, танымдық үрдістер әрбір технология барысында дамиды. Ал қажеттелікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау, адамдардың эмоционалдық жағдайлары мен жеке тұлғаның ерекшеліктерін анықтау, олармен қарым-қатынастың теңбе-тең түрлерін таңдау, өзара іс-әрекет үрдісінде сол түрлерін іске асыру, зейіндерін қадағалау және айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу, өзіне зейін аударту, психологиялық қатынас орнату, сөйлеу мәдениеті дамиды.
       Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды. Осы технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану көптеген жетістіктерге әкеледі.

Әдебиеттер:
1. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі // «Қазақстан мектебі» журналы. — 2008. — №6.
2. Озық технологияларды қолданудың коммуникативтік компетенция қалыптастырудағы орны // Б.А Әрінова. «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде», 2008, № 1.
3. Ерназарова З.Ш. Саналы коммуникативті оқыту әдісі // «Қазақ тілі: әдістеме» 2007, № 4.
4. Г.С.Қасбаева Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» 2008, № 5.
5. Н.Т.Қазбекова Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану // «12 жылдық білім» — 2006. — №1.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype