+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 2 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Білім мазмұнын жаңартуды іске асыру аясында мектеп кітапхана жұмысын ұйымдастыру» облыстық оқыту семинары

ШЕРЬЯЗДАНОВА К.М.,
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының тәрбие ісі бөлімінің басшысы

     2017 жылдың 29-31 наурызы аралығында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім мазмұнын жаңартуды іске асыру аясында мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 3 күндік оқыту семинары өткізілді.
      Семинарға жалпы білім беретін мектептердің (қазақ және орыс топтары) кітапханашылары (базалық кітапханашы білімі бар) қатысты.
      Семинар қатысушыларына облыстың жетекші кітапханашылары: А. Шарыпова («Ш.Уәлиханов ат. №3 мектеп-лицейі, Өскемен қ.) мектептегі кітапхана жұмысындағы нормативті-құқықтық құжаттар мен кітапханашының іс-құжаттары; О. Рымбосинова (№26 жом, Семей қ.) кітапхана жұмысын жоспарлау негізі, жоспарлар түрі және кітапханалық жарнаманы жасау жолдары; М. Байелова (№3 жом, Семей қ.) жанұяның кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы «Үзіліспен оқу» технологиясы; Г. Новикова (Преображенска ом, Көкпекті ауданы) мектеп кітапханасы жұмысындағы жүйелі-әрекеттік тәсілдер; С. Артемова (№9 жом, Семей қ.) мектеп кітапханасының қызметін белсендендіру тәсілдері; Л. Тюрина (№20 жом, Семей қ.) кітапхана қызметіндегі инновациялық технологиялар; Г. Буктербаева (№39 ом, Өскемен қ.) НЗМ тәжірибесін енгізу бойынша кітап оқудың белсенді әдістері мен формалары туралы практикумдар өткізді.

       Қатысушылар Пушкин атындағы облыстық кітапханасында балалар бөлімінің, Жастар интеллект орталығының, Америкалық мәдени орталығының панорамасымен, ақпараттық және кітапханашыларға арналған ақпараттық ресурстар бойынша (өлкетану, айрықша күндердің күнтізбегі, кітапхана сайты, электрондық каталогтар, кітап жаңалықтары) практикалық жұмыспен танысты. 
       Екінші күні семинар жұмысы қаланың екі кітапханасында ұйымдастырылды: ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы мен Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі. «Оқырмандар оқи алады», «Оқырман әлеуметтік желілерде» кітапханалық квесттер, «Кітаппен серуен» практикумдар өткізілді және ақпараттық ресурстар мен виртуалды сайттармен қалай жұмыс істеуді үйренді.
       Семинардың үшінші күні Өскемен қаласының №30 жалпы орта мектебінің базасында жалғасты. Кітапхана меңгерушісі В. Андронова оқушыларды кітап оқуға тартудағы мектеп кітапханасының қызметі бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Кітапханашылар: М. Жанбаева (№46 ом, Өскемен қ.) мектеп кітапханасы жұмысындағы жүйелі-әрекеттік тәсілдері; Б. Дюзкенова (№45 ом, Өскемен қ.) кітапхана жұмысының жаңа түрлері; Г. Жумагулова (Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Өскемен қ.) оқушылардың сыныптан тыс уақыттарында көркем әдебиетті оқуға деген құштарлықтарын қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу; А. Қалиева (Шәкәрім ат. №1 ом, Өскемен қ.) Қаз НЭБ виртуалды ақпараттандыру базасын қолданудағы мектеп кітапханашысы мен пән мұғалімдерінің серіктестігі; О. Акпарова (Крупская ат. ом, Жарма ауданы) жұмыс барысында кітап оқуда жаңа формаларды қолдану; О. Казицская (Д. Қонаев ат. №3 ом, Риддер қ.) балалар оқуына басшылық жасау; М. Ткачева (№34 мектеп-лицейі, Өскемен қ.) оқушылардың жобалық жұмыс дайындауындағы кітапхананың рөлі туралы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
       Семинар қорытындысында қазіргі ақпарат айдарында мектеп кітапханашысы балаға, ата-аналарға және мұғалімге көмектесетін заманауи педагогикалық технологияларынан, навигатор және лоцман қызметінен хабардар болуы қажет екендігі атап айтылды.
       Тәжірибе бөліскен кітапханашыларға алғыс хаттар және қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype